«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 532 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 4 және 5-тармақтарына, «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Макроэкономикалық саясат саласы» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.
2015-2016 жылдары Қазақстан экономикасы күрделі сыртқы экономикалық жағдайлардың әсерінен дамыды. Әлемдік нарықтағы мұнай мен металл бағасының айтарлықтай төмендеуі және елдің негізгі сауда әріптестері экономикаларының құлдырауы мен өсуінің баяулауы салдарынан Қазақстанның экспорттық өніміне деген сұраныстың төмендеуі экономикаға барынша қолайсыз әсер етті.
Жаһандық қаржы дағдарысының салдарларын нивелирлеу үшін Қазақстан Үкіметі іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды қолдау үшін контрциклдік саясатты іске асыруға көшті.
«Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» инфрақұрылымдық даму, АӨК дамыту, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламаларын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын қабылдау ынталандыру саясатының негізгі құралдары болды. Бұдан басқа, дағдарысқа қарсы топтамалар қосымша қабылданды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 2015-2016 жылдары экономиканың құлдырауына жол берілген жоқ. Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі – ЖІӨ) нақты өсуі 2015 жылы 1,2% – ды, 2016 жылы 1,1% - ды құрады.
2017 жылдан бастап жаңа ішкі және сыртқы жағдайларға бейімделу белгілері байқалды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ нақты өсуі 4,1% құрады.
Тұтастай алғанда, экономиканың өсуі ішкі сұранысты қалпына келтіру есебінен қамтамасыз етілген, ол экономикаға жаңа инвестицияларды тартумен, сондай-ақ саудаланатын секторларындағы өндірісті кеңейту және экономиканың барлық дерлік салаларында іс жүзінде теңдестірілген өсумен қолдау тапқан.
Елдегі экономикалық белсенділікті қамтамасыз еткен қолайлы жағдайлардың бірі инвестициялардың өсуі болып табылады. Мысалы, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі соңғы үш жылда 23 557,6 миллиард теңгені құрады және жыл сайын орта есеппен 3,8% - ке өсті.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру нәтижесінде 2017 жылы инвестициялар 5,8% - ке өсті.
Экономиканың нақты секторында тау-кен өнеркәсібінің (9,3%) өңдеу өнеркәсібінен (5,6%) озыңқы өсуі байқалады. Жалпы алғанда, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2017 жылы 7,3% - ке өсті.
2017 жылы ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4 092,3 миллиард теңгені құрап, мал шаруашылығы өнімінің 3,9% - ке (1 810,9 миллиард теңге) өсуі есебінен 3,1% - ке артты.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 3 509,3 миллиард теңгені құрап, өнеркәсіп объектілерінің құрылысы мен тұрғын үй құрылысының ұлғаюы есебінен 2,8%-ке өсті. 2017 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 6,2%-ке өсіп, 11 168,0 мың шаршы метрді құрады.
Қазақстанның негізгі сауда әріптес елдері экономикасының жандануы, шикізат тауарларына бағаның тұрақтылығы 2016 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап экспортқа бағдарланған ірі кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау шараларымен қатар сыртқы сауданың өсуін қамтамасыз етті. 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда елдің сыртқы сауда айналымы 25,0% - ке өсіп, 77,6 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 31,6%-ке 48,3 млрд. АҚШ долларына дейін және импорт 15,5%-ке 29,3 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.
Сонымен қатар Ұлттық Банктің алтын – валюта резервтері 2016 жылы 29,7 миллиард долларды құрады және тауарлар мен көрсетілетін қызметтер импортының 9,1 айын жапты, 2017 жылы-30,7 миллиард долларды құрады.
Қаржы секторын сауықтыру бойынша қабылданған іс-шаралар нәтижесінде кредит берудің қалпына келтіру процесі байқалады. 2017 жылы ЕДБ жаңадан берген кредиттердің өсуі 2016 жылғы 5,2% - ке қарағанда (9 836,1 миллиард теңге) 10,0% - ды (10 819,1 миллиард теңге) құрады.
2017 жылы депозиттер 3,0% - ке төмендеп, 17 509,7 миллиард теңгеге жетті, оның ішінде халық депозиттері 3,7% ұлғайды.
Экономиканың тұрақты өсуі де әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берді. 2017 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.
Жұмыссыздық деңгейінің салыстырмалы төмен деңгейіне қарамастан, инфляцияның өсуіне байланысты нақты жалақы индексі 2016 жылғы 98,9% - дан 2017 жылы 98,3% - ға дейін төмендеді. 2017 жылы орташа айлық атаулы жалақы 150,8 мың теңгені құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 5,5%-ке артық.
Халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 2017 жылы 8,5% –ке, 996,6 мың теңгеге дейін, нақты көріністе 1,0% - ке өсті.
Теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамына көшумен инфляциялық таргеттеу режиміне негізделген жаңа ақша-кредит саясатын іске асыру салдарынан инфляцияның баяулауы байқалды. Үкімет пен Ұлттық Банктің қабылданған шараларының арқасында 2017 жылы инфляция 2015 жылы 13,6% - тен 2016 жылы 8,5% - ке және 2017 жылы 7,1% - ке төмендеді.
2018 жылы Қазақстан экономикасы дамудың жоғары серпінін сақтауда және қаңтар-қазан айының қорытындысы бойынша экономиканың өсімі 4,1%-ті құрады. Тұтастай алғанда, экономиканың көтерілуі инфляциялық процестердің баяулауы мен жоғары инвестициялық белсенділік аясында болып отыр.
Инфляция үдемелі түрде тарылып, соңғы үш жылдың ең төменгі мәніне жетті. Қазан айында инфляция 5,3% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20,8% - ке өсіп, 8 631,1 млрд.теңгені құрады. Инвестицияның айтарлықтай өсуі өнеркәсіпте (32,3% - ке), ауыл шаруашылығында (18,4% - ке), байланыс қызметтерін көрсетуде (15,7% - ке) және көлік саласында (9,6% - ке) байқалады.
Сондай-ақ экономикалық өсудің негізгі драйвері шикізаттық емес сектор, атап айтқанда өңдеу өнеркәсібі, көлік және сервистік экономика болып табылады.
Ағымдағы жылдың 10 айында өнеркәсіптік өндіріс 4,7% артты. Өсу тау-кен өндірісінен (4,6%) өңдеудің озық қарқыны (5,4%) есебінен қамтамасыз етіледі. Өнеркәсіптің өсуіне мұнай, табиғи газ, металл кендері, көмір және лигнит өндіру, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру және металлургия өнеркәсібі елеулі әсер етті.
Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерін шығару бірқалыпты қарқынмен өсіп, 2,5%-ке артық. Мал шаруашылығы оң серпінінің негізгі үлесін қосып келеді (өсу 3,9%). Бұл ретте өсімдік шаруашылығы өнімдерін шығару 1,6% - ке өсті.
Құрылыс саласы 4,1% деңгейіндегі өсуді көрсетті. Өсу тұрғын үй ғимараттарын, өнеркәсіптік объектілерін салу, автомобиль жолдарын қайта жаңарту және МӨЗ жаңғырту жөніндегі жұмыстардың ұлғаюымен байланысты.
Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және экономиканың нақты секторындағы оң серпін қызмет көрсету саласын 4,0% -ке өсуге ынталандарды. Бұл ретте сауда 7,2% - ке, көлік 4,5% - ке, байланыс 3,4% - ке өсті.
Әлемдік тауар нарықтарындағы қолайлы баға конъюнктурасы сыртқы сауда қарқынының артуына ықпал етті. Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйекте елдің сыртқы сауда айналымы 68,2 млрд. АҚШ долл. ұлғайып, 21,9% - ке, оның ішінде экспорт-44,5 млрд. АҚШ долл.), импорт – 23,7 млрд. АҚШ долл. (өсу 11,3 %) құрады.
Экономиканың тұрақты өсуі әлеуметтік көрсеткіштердің жақсаруымен сүйемелденеді. Ағымдағы жылғы қаңтар-қазанда орташа айлық жалақы атаулы көріністе 159,5 мың теңгеге дейін 8,5% - ке, нақты көріністе 2,2% - ке өсті.
Ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйек айларында жалақының өсуі және инфляциялық процестердің баяулауы аясында халықтың нақты ақшалай табысы 3,4% - ке өсті.
Әлемдік экономиканы және жаңа геосаяси тәуекелдерді баяу қалпына келтіру жағдайында экономиканың тұрақты өсуіне бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру қамтамасыз етілді. Жедел шаралар мен «ерекше кезең» жоспарларын өзектілендіруді ескере отырып, Үкіметпен Ұлттық Банктің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016 – 2018 жылдарға арналған Дағдарысқа қарсы іс – қимыл жоспары; 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы қосымша жедел шаралар жоспары; 2016-2017 жылдары экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар жоспары қабылданды.
2015 жылы елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін жүйелі өзгерістер мен институционалдық ортаны жақсартуды көздейтін бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспары іске асырылуда. «Индустрияландыру және экономикалық өсу» 3-бағыты шеңберінде жеделдетілген индустрияландыру мақсатында негізгі тірек экономикада өнеркәсіптік өндірістің басым болуына бағытталған.
Бұдан басқа, тиімді инфрақұрылым құру негізінде елдің макроөңірлерін біріктіру жолымен бірыңғай экономикалық нарықты қалыптастыруға бағытталған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы болды.
Сондай-ақ, халықтың қалың тобының тұрғын үйге деген қолжетімділігін арттыру үшін тұрғын үй құрылысын ынталандыратын «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы іскерлік белсенділікті қолдаудың, әлемдік экономиканың өсуінің баяулауы және экспорттық тауарларға бағаның төмендеуі жағдайында жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің басты ынталандырушысы қабылданды.
2017 жылы экономиканы үдемелі дамыту жолында экономикалық өсудің жаңа үлгісіне көшу үшін Стратегиялық жоспар – 2025 қабылданды. Оның мақсаты – әлемдік орташа қарқыннан озып, өмір сүру деңгейін арттыруға алып келетін экономиканың сапалы және тұрақты өсуіне қол жеткізу болып табылады.
Экономика құрылымын жаңғырту мен трансформациялауды қамтамасыз ету мақсатында цифрлық экожүйені прогрессивті қалыптастыруға және сыртқы нарықтарға бағдарланған терең бөліністі салаларды дамытуға бағытталған «Цифрлық Қазақстан», «Ұлттық экспорттық стратегия», «Ұлттық инвестициялық стратегия» бағдарламалар іске асырыла басталды.
Сондай-ақ барлық қаржы жүйесі мен экономиканы нығайту үшін Банктерді қорландыру базасын, әсіресе жеке тұлғалардың және квазимемлекеттік сектордың депозиттерін сақтау және күшейту жөніндегі шаралар кешенін орындай отырып, банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы қабылданды.
Қабылданатын шараларды ескере отырып, Қазақстанның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері дамудың оң траекториясында қалады.
Егер 2016 жылдың алғашқы 5 айында ЖІӨ-нің төмендеуі байқалса, онда Үкімет экономиканы ынталандыру және оны әртараптандыру бойынша мемлекеттік дағдарысқа қарсы бағдарламалар щеңберінде қабылданған шаралар, сондай-ақ сыртқы экономика конъюнктураның жақсаруы мен тұрақтануы 2016 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап экономика өсуінің қайта жаңаруына ықпал етті.
2016 жылы теңгенің айырбас бағамының әлсіреуі және нақты ақшалай кірістердің төмендеуі ел ішіндегі тұтынушылық сұранысқа және тиісінше, бірқатар экономика салаларына теріс әсерін тигізді. Сондай-ақ, кредит беруді қысқарту, нақты жалақы мен халықтың нақты кірісінің төмендеуі бизнес пен халық тарапынан ішкі сұранысты төмендетті.
Ел халқы тұтынушылық кредит беру тетігі арқылы өз шығыстарының едәуір бөлігін қаржыландырды. Ақшалай кірістің өсу қарқыны мен тауар айналымының іс жүзіндегі арасындағы айырмашылық тұтыушылық кредитпен қамтамасыз етілді.
2018 жылдың басынан бастап қаржы секторындағы жағдай біртіндеп жақсарып келеді, алайда кредит берудің өсу қарқыны әлі де жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. Экономикаға біркелкі емес және аз кредит беру, жекелеген банктердің несие қоржынының сапасы, қарыз алудың жоғары ставкалары бизнестің дамуын шектейді және инвестициялардың өсуін тежейді.
|
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы |
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар |
|
1 |
2 |
|
Қазақстан экспорттайтын энергия ресурстары мен ауыл шаруашылығы шикізатының әлемдік бағаларының құбылмалылығы |
1. Әлеуетті тәуекелдерді уақтылы анықтау үшін әлемдік экономиканың және Қазақстанның негізгі шикізат тауарларына, экономикасына әлемдік бағалардың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері серпінін мониторингілеу. 2. Қолайсыз жағдай орын алған кезде, оның ішінде ұлттық экономиканың бәсеңдеуімен, рецессиясымен немесе дағдарысымен сипатталатын энергия ресурстарына әлемдік бағаның күрт өзгеруі салдарынан экономиканы қолдау бойынша қажетті шаралар қолдану мәселесін қарау |
|
Әлемдік экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуі |
1. Әлемдік экономиканың өсуінің нашарлау дәрежесіне байланысты ұлттық экономиканы қолдау бойынша шараларды іске асыру 2. Мемлекеттік бюджетті оңтайландыру және басым емес шығыстарды секвестрлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу |
|
Елдің егеменді кредиттік рейтингінің төмендеуі |
Рейтингтік агенттіктерге Үкіметтің экономикалық өсудің бәсендеуінің теріс салдарын нивелирлеу/еңсеру жөніндегі шараларын түсіндіру |
»;
«Статистикалық ақпаратты ұсыну саласы» деген кіші бөлімде:
«Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері» деген 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Пайдаланушыларды сапалы статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету және Қазақстанның статистикалық жүйесінің тиімділігін арттыру үшін статистиканың барлық салаларында халықаралық стандарттар табысты енгізілуде.
Еуразиялық экономикалық комиссия және Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының статистикалық комитеті сияқты және т. б. статистика мен ұлттық статистика қызметтері саласындағы жетекші халықаралық ұйымдармен ұлттық статистикалық қызметтермен ынтымақтастық жүзеге асырылуда.
Статистикалық процестерді автоматтандыру, барлық пайдаланушыларға статистикалық деректерге шектеусіз қол жеткізу ыңғайлылығы, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс – қимыл «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – «е-Статистика» ИАЖ) қамтамасыз етіледі.
Респонденттер үшін ақпараттық технологияларды қолдану бөлігінде «е-Статистика» ИАЖ-дың құрамдаушының бірі – «Деректерді онлайн режимде жинау»АЖ атап өткен жөн.
2018 жылдың он айында респонденттерден онлайн-режимде 2,7 млн. астам есеп қабылданды (2018 жылғы қаңтар – қазан ішінде - 2 784 215), осылайша, 2017 (2017 жылы – 2 513 625 есеп) жылмен салыстырғанда онлайн режимінде статистикалық есептерді ұсынатын респонденттер санының өсуі байқалады.
Пайдаланушылардың өзекті статистикалық ақпаратқа қажеттілігін интерактивті режимде қанағаттандыру үшін статистикалық деректер «Талдау» Ақпараттық-талдау жүйесінде (бұдан әрі – «Талдау» ИАҚ) жарияланады.
«Талдау» АТЖ статистикалық көрсеткішті іздестіру, деректерді әртүрлі кестелік, графикалық және картографиялық түрлерде және тіліктерде ұсыну; берілген шарттар бойынша деректерді көру; деректерге талдау жүргізу үшін құралдар ұсыну; таңдалған деректерді немесе талдау нәтижелерін қол жетімді жалпы қабылданған форматтарда жүктеп алу, деректерді үздіксіз жаңарту және т. б. үшін Пайдаланушының жеке кабинетін құру мүмкіндігін береді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну» мемлекеттік қызметі енгізілді.
2018 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар жоқ.
2015 жылдан бастап пайдаланушылар мен респонденттермен тығыз байланыс орнату және оларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында құрылған пайдаланушылар мен респонденттерден қоңыраулар қабылдау бойынша ақпараттық қызмет жұмыс істейді.
Статистиканың Интернет-ресурсын пайдаланушылар санының өсуі байқалады, осылайша 2017 жылы пайдаланушылар саны 6,1 миллион адамды құрады (2014 жылы – 2,1 миллион, 2015 жылы – 3,5 миллион, 2016 жылы – 5,6 миллион), 2018 жылғы 1 қазанда - 5,5 миллион болды.
Ресми статистикалық ақпаратпен қанағаттану бөлігінде қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында жыл сайын пайдаланушыларға сауалнама жүргізіледі. Жалпы алғанда, пайдаланушылар статистикаға оң көзқараста. Жыл сайын пайдаланушылардың статистикалық деректерге деген сенімінің жоғары деңгейі байқалады (2014 жылы – 82,2%, 2015 жылы – 84,4%, 2016 жылы – 82,8%, 2017 жылы – 88,1%, 2018 жылы – 88,2%).
Статистикалық ақпаратты жасау үшін статистика органдары сондай-ақ мемлекеттік органдардың әкімшілік деректерін пайдаланады. Деректермен электрондық алмасуды қамтамасыз ету үшін «е-Статистика» ИАЖ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдастығы іске асырылды, бұл респонденттерге деген жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді.
Алғашқы статистикалық деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін нормативтік құқықтық актілерге кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексеру құқығынсыз және орталық және жергілікті атқарушы органдарға қатысты тексеру құқығымен мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға бақылау функцияларын беру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, айыппұл санкциялары ұлғайтылды.
Сонымен қатар, 2017 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес, 2017 жылғы желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және 2018 жылғы 5 қарашада ҚР Парламенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республиккасының Заңын қабылдады.
«Тәуекелдерді басқару» деген 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдер атауы |
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар |
|
1 |
2 |
|
Респонденттердің дұрыс емес деректер беруі |
1. Статистикалық құралдардың әдістемелік қамтамасыз етілуін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау. 2. Деректерді жинау кезеңінде бақылау мен тексерістерді орындау. 3. Статистикалық нысандарды толтыру бойынша респонденттерге түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. 4. Респонденттердің қатысуымен статистикалық нысандарды алдын ала тестілеу жүргізу. |
»;
«Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының сәулеті. Елдің жалпыұлттық мақсаттары, нысаналы индикаторлары» деген 4-бөлімде:
«Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
Бюджеттік бағдарламалар |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
007 «Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мемлекеттік басқаруды жетілдіру» |
049 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық–Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту» |
006 «Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулердің іске асырылуын қамтамасыз ету» |
048 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент,
Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлерді дамытуға жәрдемдесуге кредит беру» |
|
034 «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер» |
|
062 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» |
065 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ға нысаналы аударым» |
057 «Қазақстан-ның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуы» |
087 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру» |
|
082 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде моноқалаларда және өңірлерде іс-шараларды іске асыру» |
|
|
081 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» |
096 «Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізу» |
017 «Кәсіпкерлік саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау» |
|
099 «Шымкент қаласының бюджетіне Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қала санатына жатқызылуына байланысты бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер». |
|
|
|
|
|
|
200 «Түркістан облысының облыстық бюджетіне Түркістан облысының мемлекеттік органдарын Түркістан қаласына көшіру бойынша ағымдағы шығыстарға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» |
|
|
|
101 «Өкілдік шығындарға арналған қаражат есебінен іс-шаралар өткізу» |
073 «Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету» |
|
116 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер»; |
|
Бюджеттік бағдарлама: |
|||||
|
001 «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, кәсіпкерлікті саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» |
|||||
|
138 «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету» |
|||||
»;
«Стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторлар» деген 5-бөлімде»:
«Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру» деген 2-стратегиялық бағытта:
«Кәсіпкерлікті тұрақты және теңгерімді дамытуды қамтамасыз ету» деген 2.3- мақсат мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын::
|
1 |
Кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың және бизнес негіздеріне оқытылған ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің саны ("Бизнес мектеп" компоненті») |
Жетекші |
«Атамекен» ҰКП |
саны |
- |
- |
- |
- |
15000 |
15000 |
- |
|
2 |
«Назарбаев Университеті» АҚ бизнес-мектебі базасында оқудан өткен орта бизнес топ-менеджерлерінің саны» |
лік ететін мәселе |
«Назарбаев Университеті» |
саны |
- |
- |
- |
- |
420 |
420 |
- |
|
4 |
ШОК-те жұмыспен қамтылғандар санын 2014 жылғы деңгейден 50% - ға арттыру |
лер бойынша вице-министр |
стат.деректер |
саны |
- |
|
- |
- |
3 935 347 |
4 216 443 |
- |
»;
«Ресурстар» деген 6-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бөлім. Ресурстар»
|
Ресурстар |
Өлш. бірл. |
Есепті кезең |
Ағымдағы кезеңнің жоспары |
Жоспарлы кезең |
||||||||
|
2017 жыл |
2018 жыл |
2019 жыл |
2020 жыл |
2021 жыл |
||||||||
|
Барлық шығыстар: |
мың теңге |
261 496 081 |
122 361 710 |
194 574 957 |
86 8452 639 |
81 865 446 |
||||||
|
1.1-мақсат. Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және оның толық жұмыс істеуі |
||||||||||||
|
007 «Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мемлекеттік басқаруды жетілдіру» |
мың теңге |
105 600 |
161 370 |
88 200 |
90 650 |
0 |
||||||
|
062 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» |
мың теңге |
895 000 |
1 061 965 |
645 000 |
645 000 |
645 000 |
||||||
|
1.2-мақсат бойынша барлығы: |
мың теңге |
1 000 600 |
1 223 335 |
733 200 |
735 650 |
645 000 |
||||||
|
2.1-мақсат. Салық және бюджет саясатының шараларын қабылдау арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты және мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету |
||||||||||||
|
049 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін «Самұрық–Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту» |
мың теңге |
74 552 000 |
0 |
15 000 000 |
0 |
0 |
||||||
|
081 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» |
мың теңге |
1 885 481 |
2 719 554 |
8 841 371 |
2 491 256 |
1 992 240 |
||||||
|
065 «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ға нысаналы аударым» |
мың теңге |
96 973 963 |
17 376 952 |
2 411 970 |
0 |
0 |
||||||
|
098 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне төмен ақы төленетін қызметкерлердің жалақысының мөлшерін көтеру үшін олардың салықтық жүктемесін төмендетуге байланысты шығасылардды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» |
мың теңге |
0 |
0 |
39 610 152 |
0 |
0 |
||||||
|
2.1-мақсат бойынша барлығы: |
мың теңге |
231 211 731 (015 ББ қоса алғанда) |
20 096 506 |
11 233 341 |
2 491 256 |
1 992 240 |
||||||
|
2.2-мақсат. Әлемдік сауда-экономикалық жүйесінде елдің экономикалық мүдделерін қорғау және ілгерілету |
||||||||||||
|
006 «Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулердің іске асырылуын қамтамасыз ету» |
мың теңге |
965 670 |
727 920 |
1 194 118 |
0 |
0 |
||||||
|
057 «Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуы» |
мың теңге |
394 085 |
411 897 |
428 682 |
418 682 |
0 |
||||||
|
096 «Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізу» |
мың теңге |
754 200 |
1 157 458 |
453 025 |
464 350 |
0 |
||||||
|
101«Өкілдік шығындарға арналған қаражат есебінен іс-шаралар өткізу» |
мың теңге |
0 |
15 422 |
0 |
0 |
0 |
||||||
|
159 «Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету»» |
мың теңге |
535 920 |
520 721 |
0 |
0 |
0 |
||||||
|
2.2-мақсат бойынша барлығы: |
мың теңге |
2 113 955 |
2 833 418 |
2 611 968 |
882 536 |
0 |
||||||
|
2.3-мақсат. Кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді дамуын қамтамасыз ету |
||||||||||||
|
048 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлерді дамытуға жәрдемдесуге кредит беру» |
мың теңге |
3 000 000 |
9 311 124 |
9 311 124 |
9 311 124 |
9 311 124 |
||||||
|
087 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру» |
мың теңге |
16 910 820 |
15 788 157 |
39 926 859 |
37 958 536 |
37 059 965 |
||||||
|
017 «Кәсіпкерлік саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау» |
мың теңге |
163 772 |
153 376 |
153 376 |
153 376 |
153 376 |
||||||
|
073 «Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету». |
мың теңге |
19 489 980 |
2 589 993 |
5 517 393 |
2 300 298 |
0 |
||||||
|
2.3-мақсат бойынша барлығы: |
мың теңге |
39 564 572 |
27 842 650 |
54 908 752 |
49 723 334 |
46 524 465 |
||||||
|
3.1-мақсат. Басқарылатын урбанизация арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру |
||||||||||||
|
034 «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер» |
мың теңге |
11 000 112 |
13 661 142 |
14 801 546 |
15 829 320 |
15 829 320 |
||||||
|
082 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде моноқалаларда және өңірлерде іс-шараларды іске асыру» |
мың теңге |
7 503 726 |
4 707 955 |
3 493 377 |
0 |
0 |
||||||
|
099 «Шымкент қаласының бюджетіне Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылуына байланысты бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» |
мың теңге |
0 |
15 066 927 |
33 840 507 |
0 |
0 |
||||||
|
200 «Түркістан облысының облыстық бюджетіне Түркістан облысының мемлекеттік органдарын Түркістан қаласына көшіру бойынша ағымдағы шығыстарға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» |
мың теңге |
0 |
0 |
2 412 322 |
0 |
0 |
||||||
|
116 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер» |
мың теңге |
0 |
1 195 379 |
0 |
0 |
0 |
||||||
|
3.1-мақсат бойынша барлығы: |
мың теңге |
18 503 838 |
34 631 403 |
52 135 430 |
15 829 300 |
15 829 320 |
||||||
|
Стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған қаржылық ресурстар: |
||||||||||||
|
001 «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» |
мың теңге |
28 664 743 |
19 199 431 |
16 445 935 |
17 180 543 |
16 874 421 |
||||||
|
138 «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету» |
мың теңге |
0 |
16 534 967 |
0 |
0 |
0 |
||||||
|
Барлығы: |
мың теңге |
28 664 743 |
35354 398 |
32 980 905 |
17 180 543 |
16 874 421 |
||||||
|
Адами |
бірл. |
8810 |
8726 |
4 116 |
4 116 |
4 116 |
||||||
».
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
__________________ ______________