2019 жылғы қаңтардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама
Алдын ала бағалау бойынша 2019 жылғы қаңтарда ЖІӨ-нің өсуі 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ті құрады.
6 негізгі саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 102,9%-ті құрады.
Инфляция жыл басынан бастап (2018 жылғы желтоқсанға қарағанда) 0,5%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 1,3%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағалары 0,3%-ке өскенде, ақылы көрсетілетін қызметтердің бағалары 0,2%-ке төмендеді.
Жылдық мәндегі инфляция 2018 жылғы қаңтарда 6,8%-ке қарағанда 5,2%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 5,8%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 6,4%-ке, ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы – 3,4%-ке өсті.
Айлық инфляция 2019 жылғы қаңтарда 0,5% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі қаңтарда 644,6 млрд. теңгені құрады. Салалар бөлінісінде инвестициялардың елеулі өсуі ауыл шаруашылығында (60,7%-ке, 14,5 млрд. теңгеге дейін), жылжымайтын мүлікпен жасалған операцияларда (44,6%-ке, 75,4 млрд. теңгеге дейін), көлікте (33,3%-ке, 55,9 млрд. теңгеге дейін) байқалды.
Елдің халықаралық резервтері 2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 88,8 млрд. АҚШ долларын, оның ішінде Ұлттық Банктің алтын-валюта активтері - 30,6 млрд. АҚШ долларын, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері - 58,2 млрд. АҚШ долларын құрады.
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай кірістері 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1 099,6 мың теңгені құрады және 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 10,6%-ке, нақты мәнде 4,3%-ке өсті.
Орташа айлық номиналды жалақы 2019 жылғы қаңтарда (бағалау) 166,1 мың теңгені құрады және номиналды мәнде 11,7%-ке ұлғайды.
Жұмыссыздық деңгейі 2019 жылғы қаңтарда (бағалау) 4,8%-ті құрады.
2019 жылғы қаңтарда саудада (7,5%-ке), көлік саласында (3,7%-ке), ауыл шаруашылығында (3,5%-ке), өнеркәсіпте (1,9%-ке) және байланыста (1,2%-ке) өсудің оң серпіні байқалды.
2019 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,9%-ке ұлғайды. Өсу кен өндіру өндірісінің ұлғаюына негізделген.
Темір кенін өндірудің – 13,2%-ке, табиғи газды өндірудің - 6,1%-ке және шикі мұнайды өндірудің – 5,3%-ке өсуі есебінен кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде өндіріс 6,8%-ке ұлғайды.
Жеңіл өнеркәсібі (өсу 17,5%-ке), сусындарды (15,6%-ке), резеңке және пластмасса өндіру (14,3%-ке) және химия өнеркәсібі (6,6%-ке) өңдеу өнеркәсібінің көшбасшылары болды.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа 0,1%-ке өсті.
Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі 14,4%-ке ұлғайды.
Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің 3,6%-ке ұлғаюы есебінен ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өсуі 3,5%-ті құрады.
Осы кезеңде құрылыс жұмыстары көлемінің артта қалуы байқалды.
Шымкент қаласында (15 есеге жуық), Түркістан (3,3 есеге), Алматы (2,5 есеге) және Маңғыстау (53,4%-ке) облыстарында тұрғын үйді пайдалануға беру қарқынының айтарлықтай өсуі есебінен 2019 жылғы қаңтарда тұрғын үйлерді пайдалануға беру 13,0%-ке өсті.
Көлік қызметтерінің көлемі 3,7%-ке, байланыс қызметтері - 1,2%-ке бөлшек және көтерме сауда 7,5%-ке өсті.
2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша экономика салаларына екінші деңгейдегі банктердің кредиттері 12 470,0 млрд. теңгені құрады және 2019 жылдың басынан бастап 4,7%-ке азайды. Заңды тұлғаларға берілетін кредиттер жылдың басынан бастап 8,2%-ке 7 150,9 млрд. теңгеге дейін төмендесе, жеке тұлғаларға берілетін кредиттер 0,3%-ке 5 319,1 млрд. теңгеге дейін өсті.
2019 жылғы қаңтарда жаңадан берілген кредиттердің көлемі 898,2 млрд. теңгені құрады және 2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 8,2%-ке өсті.
Берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2019 жылғы қаңтарда 14,0%-ті құрады.
Ұзақ мерзімге берілген кредиттер бойынша 2018 жылғы қаңтарда 16,9%-тен 2019 ж. қаңтарда 15,8%-ке дейін, қысқа мерзімді кредиттер бойынша
13,1%-тен 12,5%-ке дейін төмендеу байқалып отыр.
Қысқа мерзімді кредит беру көлемі 2019 жылғы қаңтарда 2018 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 3,2%-ке 491,8 млрд. теңгеге (үлесі 54,8%) дейін, ұзақ мерзімді кредит беру көлемі 14,9%-ке 406,4 млрд. теңгеге (үлесі 45,2%) дейін ұлғайды.
2019 жылғы қаңтарда жаңа кредиттер негізінен саудаға (358,5 млрд. теңге – үлесі 39,9%) және өнеркәсіпке (128,9 млрд. теңге – үлесі 14,4%) бағытталды.
Құрылысқа 23,9 млрд. теңге (үлесі 2,7%), көлік саласына – 15,5 млрд. теңге (үлесі 1,7%), сондай-ақ ауыл шаруашылығына – 4,5 млрд. теңге (үлесі 0,5%) бағытталды.
Депозиттер 2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 19 242,1 млрд. теңгеге жетіп, жылдың басынан бері 3,7%-ке, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері – 8,3%-ке 10 717,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Жеке тұлғалардың депозиттері – 1,5%-ке 8 524,7 млрд. теңгеге дейін қысқарды.
Ұлттық валютадағы депозиттер үлесі 2018 жылғы желтоқсанда 51,6%-тен 2019 жылғы қаңтарда 55,6%-ке дейін ұлғайды.
Айналыстағы қолма-қол ақша (М0 - банк жүйесінен тыс ақша) көлемі жыл басынан бастап 4,0%-ке қысқарып, 2 170,0 млрд. теңгені құрады.
Ақша массасы (М3 - айналыстағы қолма-қол ақшаның және банктік емес резидент заңды тұлғалардың және халықтың ұлттық және шетел валютасындағы аударылатын және басқа да депозиттерінің сомасы) 2019 жылдың басынан бастап 2,9%-ке 21 412,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.
2019 жылғы қаңтарда теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы 1 АҚШ долларына 373,7-384,2 теңге ауқымында құбылды, 2019 жылғы
қаңтарда орташа есеппен 1 АҚШ долларына 378,1 теңгені құрады.
Алдын ала бағалау бойынша 2018 жылы төлем теңгерімінің ағымдағы операциялары шотының сальдосы 4 жылда алғаш рет оң болды. Шоттың профициті 2017 жылғы ұқсас кезеңдегі ЖІӨ – ге қатысты (-3,3%)
немесе (-5 389,5) млн. АҚШ долларына салыстырғанда ЖІӨ – ге қатысты 0,5% немесе 925,4 млн. АҚШ долларын құрады.
Шетелдік инвестициялардың таза ағыны 4 060,7 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 жылғы деңгейінен 9,8%- ке жоғары (3 697,7 млн. АҚШ доллары).
Алдын ала бағалау бойынша 2018 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 93,5 млрд. АҚШ долларын құрады және 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 19,7%-ке ұлғайды, оның ішінде экспорт – 61,0 млрд. АҚШ долларын (25,7%-ке өсу), импорт – 32,5 млрд. АҚШ долларын (9,9%-ке өсу) құрады.
Мемлекеттік бюджетке түсімдер 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда 10 924,7 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 101,8%-ке орындалды, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 8 208,6 млрд. теңге. Шығыстар 11 757,7 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 99,7%-ке орындалды, оның ішінде шығындар – 11 346,1 млрд. теңге немесе 99,7%. Дефицит 833,1 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге қатысты 1,4% құрады.
Республикалық бюджетке түсімдер 8 907,6 млрд. теңгені құрады және және жылдық жоспарға қатысты 101,5%-ке орындалды, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 5 848,6 млрд. теңге. Шығыстар 9 636,8 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 99,8%-ке орындалды, оның ішінде шығындар - 9 334,7 млрд. теңге немесе 99,8%. Тапшылық 729,2 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге қатысты 1,2% құрады.
Қазақстанның мемлекеттік борышы 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 15 387,2 млрд. теңгені (40,1 млрд. АҚШ доллары) құрады, бұл 2018 жылғы ЖІӨ-ге қарағанда 26,2% құрады. Мемлекеттік борыштың 75,9% (11 674,2 млрд.теңге немесе ЖІӨ-ге қарағанда 19,9%) ҚР Үкіметінің борышы, оның ішінде ішкі борыш – ЖІӨ-ге қарағанда 10,3%, сыртқы борыш –ЖІӨ-ге қарағанда 9,6% құрады.
Жалпы, кепілдіктер мен кепілгерліктерді ескере отырып, мемлекеттік борыш 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2018 жылдың басымен салыстырғанда 14,7%-ке ұлғайып, 16 045,4 млрд теңгені құрады.