2019 жылғы қаңтар-ақпандағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама

2019 жылғы қаңтар-ақпандағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама

  1. Жалпы макрокөрсеткіштер

Алдын ала бағалау бойынша 2019 жылғы қаңтар-ақпанда ЖІӨ-нің өсуі

2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ті құрады.

6 негізгі саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,6%-ті құрады.

Инфляция жыл басынан бастап (2018 жылғы желтоқсанға қарағанда) 0,8%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары

2,8%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағалары 0,6%-ке өскенде, ақылы көрсетілетін қызметтердің бағалары 1,5%-ке төмендеді.

Жылдық мәндегі инфляция 2018 жылғы ақпанда 6,5%-ке қарағанда

4,8%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 6,6%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 6,2%-ке, ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы – 1,3%-ке өсті.

Айлық инфляция 2019 жылғы ақпанда 0,3% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі қаңтар-ақпанда 1 284,0 млрд. теңгені құрап, 4,2%-ке (2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда 17,2%-ке ұлғайды,

2019 жылғы қаңтарда 2,5%-ке төмендеді)
 ұлғайды.

Салалар бөлінісінде инвестициялардың елеулі өсуі электрмен жабдықтауда (75,1%-ке 59,7 млрд. теңгеге дейін), ауыл шаруашылығында (56,4%-ке 33,0 млрд. теңгеге дейін), жылжымайтын мүлікпен жасалған операцияларда (26,9%-ке 156,6 млрд. теңгеге дейін), кен өндіру өнеркәсібінде (18,3%-ке 723,1 млрд. теңгеге дейін) және құрылыста (17,9%-ке 13,9 млрд. теңгеге дейін) байқалды.

Елдің халықаралық резервтері 2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 88,2 млрд. АҚШ долларын, оның ішінде Ұлттық Банктің

алтын-валюта активтері - 29,1 млрд. 
АҚШ долларын, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері - 59,0 млрд. АҚШ долларын құрады.

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай кірістері

2019 жылғы қаңтар-ақпанда 197,4 мың теңгені құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 14,9%-ке, нақты мәнде 9,4%-ке өсті.     

Орташа айлық номиналды жалақы 2019 жылғы қаңтар-ақпанда (бағалау) 166,9 мың теңгені құрады және номиналды мәнде 11,5%-ке ұлғайды.

Жұмыссыздық деңгейі 2019 жылғы ақпанда (бағалау) 4,8%-ті құрады.

  1. Экономика салаларындағы ахуал

Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және ішкі тұтынушылық белсенділіктің бірте-бірте қалпына келуінің есебінен экономиканың басты салаларында оң өсу қарқындары сақталып отыр.

Осылайша, 2019 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,7%-ке ұлғайды. Өсу кен өндіру өндірісінің ұлғаюына негізделген.

Темір кенін өндірудің – 13,8%-ке, табиғи газды өндірудің - 5,4%-ке және шикі мұнайды өндірудің – 4,3%-ке өсуі есебінен кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде өндіріс 6,3%-ке ұлғайды.

Жеңіл өнеркәсібі (өсу 24,1%-ке), резеңке және пластмасса (18,7%-ке), сусындарды өндіру (15,6%-ке), химия өнеркәсібі (10,5%-ке) және машина жасау (9,5%-ке) өңдеу өнеркәсібінің көшбасшылары болды.

Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің 3,8%-ке ұлғаюы есебінен

ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өсуі 3,6%-ті құрады. Бұл ретте, өсімдік шаруашылығы көлемі өткен жылдың деңгейінде сақталды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,0% ұлғайды. Бұған автомобиль жолдарын, газ құбырын, тұрғын үйлер мен өнеркәсіп нысандарын салу, сумен қамтамасыз етуді қайта жаңарту, темір жол төсемін жөндеу бойынша жұмыстар көлемінің артуы әсер етті.

Жалпы қызмет көрсету саласы озық қарқынмен өсуде. Есепті кезеңде ол 3,9% өсті.

Айтарлықтай өсу саудада 7,6% деңгейінде белгіленді. Бұл бөлшек саудадағы (4,0%-ке) және көтерме саудадағы тауар айналымының (8,4%-ке) ұлғаюына байланысты.

Автокөлік құралдарының, автобөлшектердің, мұнай өнімдері мен жанар-жағар майдың, қара және түсті металдар кендерінің көтерме саудасы артты.

Көлік саласында өсу 4,4% дейін жылдамдады. Бұл көбінесе жүк тасымалының артуына байланысты.

  1. Қаржы секторы

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша экономика салаларына екінші деңгейдегі банктердің кредиттері 12 489,3 млрд. теңгені құрады және

2019 жылдың басынан бастап 4,6%-ке азайды. Заңды тұлғаларға берілетін кредиттер жылдың басынан бастап 8,4%-ке 7 132,6 млрд. теңгеге дейін төмендесе, жеке тұлғаларға берілетін кредиттер 1,0%-ке 5 356,7 млрд. теңгеге дейін өсті.

2019 жылғы қаңтар-ақпанда жаңадан берілген кредиттердің көлемі

1 888,9 млрд. теңгені құрады және 2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 11,2%-ке өсті.

Берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2019 жылғы ақпанда 14,0%-ті құрады.

Ұзақ мерзімге берілген кредиттер бойынша 2018 жылғы қаңтарда 16,9%-тен 2019 ж. ақпанда 16,7%-ке дейін, қысқа мерзімді кредиттер бойынша

13,1%-тен 11,9%-ке дейін төмендеу байқалып отыр.

Қысқа мерзімді кредит беру көлемі 2019 жылғы қаңтар-ақпанда

2018 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 9,1%-ке 1 036,2 млрд. теңгеге (үлесі 54,9%) дейін, ұзақ мерзімді кредит беру көлемі 13,9%-ке 852,7 млрд. теңгеге

(үлесі 45,1%) дейін ұлғайды.

2019 жылғы қаңтар-ақпанда жаңа кредиттер негізінен саудаға

(790,7 млрд. теңге – үлесі 41,9%) және өнеркәсіпке (230,8 млрд. теңге – үлесі 12,2%) бағытталды.

Құрылысқа 51,4 млрд. теңге (үлесі 2,7%), көлік саласына – 38,6 млрд. теңге (үлесі 2,0%), сондай-ақ ауыл шаруашылығына – 15,0 млрд. теңге (үлесі 0,8%) бағытталды.

Депозиттер 2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 17 585,8 млрд. теңгеге жетіп, жылдың басынан бері 5,2%-ке қысқарды, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері – 7,6%-ке 9 148,3 млрд. теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері – 2,5%-ке 8 437,6 млрд. теңгеге дейін қысқарды.

Ұлттық валютадағы депозиттер үлесі 2018 жылғы қаңтарда 55,6%-тен 2019 жылғы ақпанда 56,4%-ке дейін ұлғайды.

Айналыстағы қолма-қол ақша (М0 - банк жүйесінен тыс ақша) көлемі жыл басынан бастап 5,5%-ке қысқарып, 2 135,0 млрд. теңгені құрады.

Ақша массасы (М3 - айналыстағы қолма-қол ақшаның және банктік емес резидент заңды тұлғалардың және халықтың ұлттық және шетел валютасындағы аударылатын және басқа да депозиттерінің сомасы) 2019 жылдың басынан бастап 5,2%-ке

19 720,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

2019 жылғы ақпанда теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы 1 АҚШ долларына 373,6-382,7 теңге ауқымында құбылды, 2019 жылғы

қаңтар-ақпанда орташа есеппен 1 АҚШ долларына 377,8 теңгені құрады.

  1. Төлем теңгерімінің көрсеткіштері

2018 жылы төлем балансының ағымдағы операциялары шотының теріс сальдосы 2017 жылғы ұқсас кезеңдегі 5 101,9 млн. АҚШ долларына немесе

ЖІӨ – ге қатысты (-3,1%) қарағанда 51,7 млн. АҚШ долл. немесе ЖІӨ – ге қатысты (-0,03%) құрады.

Шетелдік инвестициялардың таза ағыны 4 919,2 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 жылғы деңгейінен 31,0%- ке жоғары (3 756,1 млн. АҚШ доллары).

Алдын ала бағалау бойынша 2019 жылғы қаңтар-ақпандағы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 14,3 млрд. АҚШ долларын құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,5%-ке ұлғайды, оның ішінде экспорт – 9,9 млрд. АҚШ долларын (11,1%-ке өсу), импорт – 4,5 млрд. АҚШ долларын

(0,3%-ке өсу) құрады.

  1. Мемлекеттік бюджеттің көрсеткіштері

Мемлекеттік бюджетке түсімдер 2019 жылғы қаңтар-ақпанда

2 015,2 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты

17,3%-ке орындалды, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы

кірістер – 1 571,4 млрд. 
теңге. Шығыстар 2 066,3 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 16,4%-ке  орындалды, оның ішінде

шығындар –1 926,7 млрд. теңге немесе 15,8%. Дефицит 51,1 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге қатысты 0,1% құрады.

Республикалық бюджетке түсімдер 1 652,5 млрд. теңгені құрады және және жылдық жоспарға қатысты 17,0%-ке орындалды, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 1 146,9 млрд. теңге. Шығыстар 1 870,4 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 17,4%-ке орындалды, оның ішінде шығындар – 1 738,6 млрд. теңге немесе 16,8%. Тапшылық 217,9 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге қатысты 0,3% құрады.

Қазақстанның мемлекеттік борышы 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 15 387,2 млрд. теңгені (40,1 млрд. АҚШ доллары) немесе ЖІӨ-ге қарағанда 26,2% құрады. Мемлекеттік борыштың 75,9% (11 674,2 млрд.теңге немесе ЖІӨ-ге қарағанда 19,9%) ҚР Үкіметінің борышы, оның ішінде ішкі борыш – ЖІӨ-ге қарағанда 10,3%, сыртқы борыш – ЖІӨ-ге қарағанда 9,6% құрайды.

Жалпы, кепілдіктер мен кепілгерліктерді ескере отырып, мемлекеттік борыш 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2018 жылдың басымен салыстырғанда 14,7%-ке ұлғайып, 16 045,4 млрд теңгені құрады.

 

2019 жылғы қаңтар-ақпандағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтама
Дата публикации
17 апреля 2019