2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-СӘУІРДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-СӘУІРДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

  1. Жалпы макрокөрсеткіштер

Алдын ала бағалау бойынша 2019 жылғы қаңтар-сәуірде ЖІӨ-нің өсуі

2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,0%-ті құрады.

6 негізгі саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,1%-ті құрады.

Инфляция ағымдағы жылғы сәуірде жыл басынан бастап (2018 жылғы желтоқсанға қарағанда) 1,8%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 4,8%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағалары 1,3%-ке өскенде, ақылы көрсетілетін қызметтердің бағалары 1,2%-ке төмендеді.

Жылдық мәндегі инфляция 2018 жылғы сәуірде 6,5%-ке қарағанда

4,9%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 7,1%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 6,0%-ке, ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы – 1,2%-ке өсті.

Айлық инфляция 2019 жылғы сәуірде 0,5% құрады.

"Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырында компрессорлық станцияларды салу, кен өндіру өнеркәсібі объектілерін, әлеуметтік объектілерді, тұрғын үйлерді, инфрақұрылымды жаңғырту және өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік жабдықтарын сатып алу есебінен негізгі капиталға инвестициялар көлемі а.ж. қаңтар-сәуірде 6,7%-ке (2019 жылғы қаңтар-ақпанда 4,2%-ке, 2019 жылғы қаңтар-наурызда 7,0%-ке ұлғайды) ұлғайды.

Салалар бөлінісінде инвестициялардың елеулі өсуі ауыл шаруашылығында (57,0%-ке 87,3 млрд. теңгеге дейін), құрылыста (40,7%-ке 31,5 млрд. теңгеге дейін), байланыста (24,2%-ке 21,8 млрд. теңгеге дейін), өнеркәсіпте (13,8%-ке

1 990,4 млрд. теңгеге дейін) 
және жылжымайтын мүлікпен жасалған операцияларда (3,6%-ке 356,6 млрд. теңгеге дейін) байқалды.

Елдің халықаралық резервтері 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 86,4 млрд. АҚШ долларын, оның ішінде Ұлттық Банктің алтын-валюта активтері 27,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 2,1%-ке 59,3 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайды (жыл басынан бері 2,3%-ке көбейді).

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай кірістері

2019 жылғы қаңтар-сәуірде 394,0 мың теңгені құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 13,2%-ке, нақты мәнде 7,9%-ке өсті.     

Орташа айлық номиналды жалақы 2019 жылғы қаңтар-сәуірде (бағалау) 169,0 мың теңгені құрады және номиналды мәнде 9,4%-ке ұлғайды.

Жұмыссыздық деңгейі 2019 жылғы сәуірде (бағалау) 4,8%-ті құрады.

  1. Экономика салаларындағы ахуал

2019 жылғы қаңтар-сәуірде құрылыста (8,4%-ке), саудада (7,3%-ке), көлік саласында (4,8%-ке), ауыл шаруашылығында (3,6%-ке), өнеркәсіпте (2,9%-ке) және байланыста (0,5%-ке) өсудің оң серпіні байқалды.

2019 жылғы қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,9%-ке ұлғайды. Өсу кен өндіру өнеркәсібімен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібіндегі озық өсу қарқынымен негізделген.

Жоспарлы профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Қашаған кен орнында мұнай өндірудің қысқаруына (1,4% - ке) байланысты кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде өндіріс 2,6%-ке дейін баяулады.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 1,6% - тен 3,5% - ке дейін жылдамдады. Саладағы оң серпін жеңіл өнеркәсібінің 27,4%-ке, сусындар өндірудің – 22,0%-ке, машина жасаудың – 19,8%-ке, резеңке және пластмасса өнімдерін, ағаштан жасалған бұйымдарды – 17,8%-тен, мұнай өңдеу өнімдерін – 9,1%-ке, фармацевтикалық өнімдерін, дайын металл бұйымдарын, құрылыс материалдарын өндірудің – 8,1%-тен ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ кәсіпорнындағы ірі авариядан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына байланысты қара металлургияда 11,1%-ке қысқару есебінен металлургия өнеркәсібінде өнім өнімдердің 1,5% - ке төмендеуі байқалады. Бұл ретте түсті және асыл металдар өндірісі 6,8% - ке артты.

Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің 3,7%-ке ұлғаюы есебінен

ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өсуі 3,6%-ті құрады. Ағымдағы жылғы қаңтар – сәуірде тірі салмақтағы мал мен құстың сойылған көлемі 5% - ке, шикі сиыр сүті сауымы - 3,1% - ке өсті және алынған тауық жұмыртқасының саны 2,4% - ке ұлғайды.

Өнеркәсіп объектілерінің, автомобиль жолдарының, әлеуметтік объектілердің, көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қайта құру және жайластыру есебінен құрылыс жұмыстарының көлемі 8,4%-ке артты.

Бөлшек және көтерме сауданың көлемі 7,3%-ке, көлік қызметтері - 4,8%-ке және байланыс қызметтері - 0,5%-ке өсті.

  1. Қаржы секторы

2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша экономика салаларына екінші деңгейдегі банктердің кредиттері 12 566,7 млрд. теңгені құрады және 2019 жылдың басынан бастап 4,0%-ке азайды. Заңды тұлғаларға берілетін кредиттер жылдың басынан бастап 9,8%-ке 7 029,5 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Бұл ретте жеке тұлғаларға берілетін кредиттер 4,4%-ке 5 537,2 млрд. теңгеге дейін өсті.

2019 жылғы қаңтар-сәуірде жаңадан берілген кредиттердің көлемі

4 141,4 млрд. теңгені құрады және 2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 10,3%-ке өсті.

Берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2019 жылғы сәуірде 14,0%-ті құрады.

Ұзақ мерзімге берілген кредиттер бойынша 2018 жылғы желтоқсанда 12,9%-тен 2019 ж. сәуірде 17,0%-ке дейін, қысқа мерзімді кредиттер бойынша

11,8%-тен 11,9%-ке дейін ұлғаю байқалып отыр.

Қысқа мерзімді кредит беру көлемі 2019 жылғы қаңтар-сәуірде

2018 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 13,9%-ке 2 336,4 млрд. теңгеге (үлесі 56,4%) дейін, ұзақ мерзімді кредит беру көлемі 6,0%-ке 1 805,1 млрд. теңгеге

(үлесі 43,6%) дейін ұлғайды.

2019 жылғы қаңтар-сәуірде жаңа кредиттер негізінен саудаға

(1 635,4 млрд. теңге – үлесі 39,5%) және өнеркәсіпке (499,2 млрд. теңге – үлесі 12,1%) бағытталды.

Құрылысқа 123,4 млрд. теңге (үлесі 3,0%), көлік саласына – 85,8 млрд. теңге (үлесі 2,1%), сондай-ақ ауыл шаруашылығына – 46,6 млрд. теңге (үлесі 1,1%) бағытталды.

Депозиттер 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 17 146,6 млрд. теңгеге жетіп, жылдың басынан бері 7,6%-ке қысқарды, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері – 12,3%-ке 8 676,4 млрд. теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері – 2,2%-ке 8 470,1 млрд. теңгеге дейін қысқарды.

Ұлттық валютадағы депозиттер үлесі 2019 жылғы желтоқсанда 51,6%-тен 2019 жылғы сәуірде 59,0%-ке дейін ұлғайды.

Айналыстағы қолма-қол ақша (М0 - банк жүйесінен тыс ақша) көлемі жыл басынан бастап 2,3%-ке қысқарып, 2 207,4 млрд. теңгені құрады.

Ақша массасы (М3 - айналыстағы қолма-қол ақшаның және банктік емес резидент заңды тұлғалардың және халықтың ұлттық және шетел валютасындағы аударылатын және басқа да депозиттерінің сомасы) 2019 жылдың басынан бастап 7,0%-ке

19 354,0 млрд. теңгеге дейін қысқарды.

2019 жылғы сәуірде теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы 1 АҚШ долларына 371,1-381,9 теңге ауқымында құбылды, 2019 жылғы

қаңтар-сәуірде орташа есеппен 1 АҚШ долларына 378,2 теңгені құрады.

  1. Төлем теңгерімінің көрсеткіштері

Алдын ала бағалау бойынша 2018 жылғы 4 тоқсанда 4 жылда алғаш рет қол жеткізілген төлем теңгерімінің ағымдағы операцияларының шотының оң сальдосы 2019 жылғы 1 тоқсанда да сақталуда. Шоттың профициті 2018 жылғы ұқсас кезеңдегі ЖІӨ – ге қатысты (-0,5%) немесе (-893,0) млн. АҚШ долларына қарағанда ЖІӨ – ге қатысты 0,5% немесе 834,8 млн. АҚШ долларын құрады.

Тікелей шетелдік инвестициялардың таза ағыны 2 385,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2018 жылғы 1 тоқсандағы деңгейінен 32,7%- ке төмен (3 546,3 млн. АҚШ доллары).

Алдын ала бағалау бойынша 2019 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 28,7 млрд. АҚШ долларын құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ке азайды. Қысқару экспорттың 1,2% - ке (18,5 млрд. АҚШ долл.) төмендеуіне байланысты. Импорт 2,0% - ке (10,2 млрд. АҚШ долл.) ұлғайды.

  1. Мемлекеттік бюджеттің көрсеткіштері

Мемлекеттік бюджетке түсімдер 2019 жылғы қаңтар-сәуірде

3 993,5 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты

31,8%-ке орындалды, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы

кірістер – 2 887,8 млрд. 
теңге. Шығыстар 4 128,0 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 30,3%-ке  орындалды, оның ішінде

шығындар –3 805,1 млрд. теңге немесе 29,1%. Дефицит 134,5 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге қатысты 0,2% құрады.

Республикалық бюджетке түсімдер 3 353,7 млрд. теңгені құрады және және жылдық жоспарға қатысты 31,7%-ке орындалды, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 2 127,1 млрд. теңге. Шығыстар 3 647,9 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 30,6%-ке орындалды, оның ішінде шығындар – 3 350,0 млрд. теңге немесе 29,2%. Тапшылық 294,2 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге қатысты 0,5% құрады.

Қазақстанның мемлекеттік борышы 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 15 724,1 млрд. теңгені (41,4 млрд. АҚШ доллары) немесе ЖІӨ-ге қарағанда 24,4% құрады. Мемлекеттік борыштың 74,7% (11 743,4 млрд.теңге немесе ЖІӨ-ге қарағанда 18,3%) ҚР Үкіметінің борышы, оның ішінде ішкі борыш – ЖІӨ-ге қарағанда 9,8%, сыртқы борыш – ЖІӨ-ге қарағанда 8,5% құрайды.

Жалпы, кепілдіктер мен кепілгерліктерді ескере отырып, мемлекеттік борыш 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 2019 жылдың басымен салыстырғанда 2,0%-ке ұлғайып, 16 369,2 млрд теңгені құрады.

 

2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-СӘУІРДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА
Дата публикации
26 июня 2019