2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-НАУРЫЗДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА
Алдын ала бағалау бойынша 2019 жылғы қаңтар-наурызда ЖІӨ-нің өсуі
2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,8%-ті құрады.
6 негізгі саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,2%-ті құрады.
Инфляция жыл басынан бастап (2018 жылғы желтоқсанға қарағанда) 1,3%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 3,8%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағалары 0,9%-ке өскенде, ақылы көрсетілетін қызметтердің бағалары 1,4%-ке төмендеді.
Жылдық мәндегі инфляция 2018 жылғы наурызда 6,6%-ке қарағанда
4,8%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 6,7%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 6,0%-ке, ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы – 1,2%-ке өсті.
Айлық инфляция 2019 жылғы наурызда 0,5% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар көлемі қаңтар-наурызда 7,0%-ке (2019 жылғы қаңтарда 2,5%-ке төмендеді, 2019 жылғы қаңтар-ақпанда 4,2%-ке ұлғайды) ұлғайды.
Салалар бөлінісінде инвестициялардың елеулі өсуі байланыста (55,1%-ке 16,7 млрд. теңгеге дейін), құрылыста (44,3%-ке 24,4 млрд. теңгеге дейін), ауыл шаруашылығында (37,9%-ке 56,4 млрд. теңгеге дейін), өнеркәсіпте (13,4%-ке 1 459,3 млрд. теңгеге дейін) және жылжымайтын мүлікпен жасалған операцияларда (2,9%-ке 266,7 млрд. теңгеге дейін) байқалды.
Елдің халықаралық резервтері 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 86,0 млрд. АҚШ долларын, оның ішінде Ұлттық Банктің алтын-валюта 27,0 млрд. АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 1,0%-ке 59,0 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайды (жыл басынан бері 1,7%-ке көбейді).
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай кірістері
2019 жылғы қаңтар-наурызда 296,0 мың теңгені құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 14,9%-ке, нақты мәнде 9,4%-ке өсті.
Орташа айлық номиналды жалақы 2019 жылғы қаңтар-наурызда (бағалау) 168,5 мың теңгені құрады және номиналды мәнде 10,5%-ке, нақты мәнде 5,2%-ке ұлғайды.
Жұмыссыздық деңгейі 2019 жылғы наурызда (бағалау) 4,8%-ті құрады.
2019 жылғы қаңтар-наурызда құрылыста (8,9%-ке), саудада (7,2%-ке), көлік саласында (4,4%-ке), ауыл шаруашылығында (3,6%-ке), өнеркәсіпте (3,2%-ке) және байланыста (0,2%-ке) өсудің оң серпіні байқалды.
2019 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,2%-ке ұлғайды. Өсу кен өндіру және өңдеу өндірісінің ұлғаюына негізделген.
Темір кенін өндірудің – 12,8%-ке, табиғи газды өндірудің - 4,0%-ке және шикі мұнайды өндірудің – 2,7%-ке өсуі есебінен кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде өндіріс 4,8%-ке ұлғайды.
Жеңіл өнеркәсібінің– 28,6%-ке, сусындар – 19,6%-ке, резеңке және пластмасса өнімдерін өндірудің – 19,1%-ке, машина жасаудың – 10,0%-ке және химия өнеркәсібінің– 9,8%-ке ұлғаюы есебінен өңдеу өнеркәсібінде 1,6%-ке өсу орын алды.
Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің 3,8%-ке ұлғаюы есебінен
ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өсуі 3,6%-ті құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,9%-ке артты (2019 жылғы қаңтар -
(-1,8%), 2019 жылғы қаңтар-ақпан – 2,0%). Бұл көп жағдайда өнеркәсіп объектілерінің (ТШО зауытында, Жәйрем КБК байыту фабрикасында және Ферроқорытпа зауытындағы құрылыс жұмыстары, сондай-ақ Қарабатандағы «Болашақ» МӨЗ құрылысы), автомобиль жолдары, газ құбырлары, тұрғын үйлер, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыс көлемінің ұлғаюына байланысты.
Бөлшек және көтерме сауданың көлемі 7,2%-ке, көлік қызметтері - 4,4%-ке және байланыс қызметтері - 0,2%-ке өсті.
2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша экономика салаларына екінші деңгейдегі банктердің кредиттері 12 489,3 млрд. теңгені құрады және 2019 жылдың басынан бастап 4,6%-ке азайды. Заңды тұлғаларға берілетін кредиттер жылдың басынан бастап 8,4%-ке 7 132,6 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Бұл ретте жеке тұлғаларға берілетін кредиттер 1,0%-ке ғана 5 356,7 млрд. теңгеге дейін өсті.
2019 жылғы қаңтар-ақпанда жаңадан берілген кредиттердің көлемі
1 888,9 млрд. теңгені құрады және 2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 11,2%-ке өсті.
Берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2019 жылғы ақпанда 14,0%-ті құрады.
Ұзақ мерзімге берілген кредиттер бойынша 2018 жылғы желтоқсанда 12,9%-тен 2019 ж. наурызда 16,3%-ке дейін, қысқа мерзімді кредиттер бойынша
11,8%-тен 12,2%-ке дейін жоғарлау байқалып отыр.
Қысқа мерзімді кредит беру көлемі 2019 жылғы қаңтар-ақпанда
2018 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 9,1%-ке 1 036,2 млрд. теңгеге (үлесі 54,9%) дейін, ұзақ мерзімді кредит беру көлемі 13,9%-ке 852,7 млрд. теңгеге
(үлесі 45,1%) дейін ұлғайды.
2019 жылғы қаңтар-ақпанда жаңа кредиттер негізінен саудаға
(790,7 млрд. теңге – үлесі 41,9%) және өнеркәсіпке (230,8 млрд. теңге – үлесі 12,2%) бағытталды.
Құрылысқа 51,4 млрд. теңге (үлесі 2,7%), көлік саласына – 38,6 млрд. теңге (үлесі 2,0%), сондай-ақ ауыл шаруашылығына – 15,0 млрд. теңге (үлесі 0,8%) бағытталды.
Депозиттер 2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 17 585,8 млрд. теңгеге жетіп, жылдың басынан бері 5,2%-ке қысқарды, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері – 7,6%-ке 9 148,3 млрд. теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері – 2,5%-ке 8 437,6 млрд. теңгеге дейін қысқарды.
Ұлттық валютадағы депозиттер үлесі 2018 жылғы қаңтарда 55,6%-тен 2019 жылғы ақпанда 56,4%-ке дейін ұлғайды.
Айналыстағы қолма-қол ақша (М0 - банк жүйесінен тыс ақша) көлемі жыл басынан бастап 5,5%-ке қысқарып, 2 135,0 млрд. теңгені құрады.
Ақша массасы (М3 - айналыстағы қолма-қол ақшаның және банктік емес резидент заңды тұлғалардың және халықтың ұлттық және шетел валютасындағы аударылатын және басқа да депозиттерінің сомасы) 2019 жылдың басынан бастап 5,2%-ке
19 720,8 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.
2019 жылғы наурызда теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы 1 АҚШ долларына 375,0-380,1 теңге ауқымында құбылды, 2019 жылғы
қаңтар-наурызда орташа есеппен 1 АҚШ долларына 377,7 теңгені құрады.
Алдын ала бағалау бойынша 2018 жылғы 4 тоқсанда 4 жылда алғаш рет қол жеткізілген төлем теңгерімінің ағымдағы операцияларының шотының оң сальдосы 2019 жылғы 1 тоқсанда да сақталуда. Шоттың профициті 2018 жылғы ұқсас кезеңдегі ЖІӨ – ге қатысты (-0,5%) немесе (-893,0) млн. АҚШ долларына қарағанда ЖІӨ – ге қатысты 0,5% немесе 834,8 млн. АҚШ долларын құрады.
Тікелей шетелдік инвестициялардың таза ағыны 2 385,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2018 жылғы 1 тоқсандағы деңгейінен 32,7%- ке төмен (3 546,3 млн. АҚШ доллары).
Алдын ала бағалау бойынша 2019 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 20,4 млрд. АҚШ долларын құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ке азайды. Қысқару экспорттың импорттан озыңқы төмендеуіне байланысты.
Көбінесе отын-энергетикалық тауарлары (-8,1%) мен металдар (-11,3%) экспортының төмендеуі есебінен экспорт көлемі 4,3% - ке (13,3 млрд. АҚШ долл.) азайды.
Негізінен машиналар мен жабдықтардың жеткізілімінің (-4,3%) қысқаруына байланысты импорт 2,7% - ке (7,0 млрд. АҚШ долл.) төмендеді.
Мемлекеттік бюджетке түсімдер 2019 жылғы қаңтар-наурызда
2 944,5 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты
25,3%-ке орындалды, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы
кірістер – 2 136,9 млрд. теңге. Шығыстар 3 038,2 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 24,0%-ке орындалды, оның ішінде
шығындар –2 811,7 млрд. теңге немесе 23,0%. Дефицит 93,8 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге қатысты 0,1% құрады.
Республикалық бюджетке түсімдер 2 464,9 млрд. теңгені құрады және және жылдық жоспарға қатысты 25,3%-ке орындалды, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 1 566,9 млрд. теңге. Шығыстар 2 705,4 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 25,2%-ке орындалды, оның ішінде шығындар – 2 497,0 млрд. теңге немесе 24,2%. Тапшылық 240,4 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге қатысты 0,4% құрады.
Қазақстанның мемлекеттік борышы 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 15 724,1 млрд. теңгені (41,4 млрд. АҚШ доллары) немесе ЖІӨ-ге қарағанда 24,4% құрады. Мемлекеттік борыштың 74,7% (11 743,4 млрд.теңге немесе ЖІӨ-ге қарағанда 18,3%) ҚР Үкіметінің борышы, оның ішінде ішкі борыш – ЖІӨ-ге қарағанда 9,8%, сыртқы борыш – ЖІӨ-ге қарағанда 8,5% құрайды.
Жалпы, кепілдіктер мен кепілгерліктерді ескере отырып, мемлекеттік борыш 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 2019 жылдың басымен салыстырғанда 2,0%-ке ұлғайып, 16 369,2 млрд теңгені құрады.