2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАУСЫМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАУСЫМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

  1. Жалпы макрокөрсеткіштер

Алдын ала бағалау бойынша 2019 жылғы қаңтар-маусымда ЖІӨ-нің өсуі 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ті құрады.

6 негізгі саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,3%-ті құрады.

Инфляция ағымдағы жылғы маусымда жыл басынан бастап (2018 жылғы желтоқсанға қарағанда) 2,6%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 5,9%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағалары 2,2%-ке өскенде, ақылы көрсетілетін қызметтердің бағалары 0,9%-ке төмендеді.

Жылдық мәндегі инфляция 2018 жылғы маусымда 5,9%-ке қарағанда 5,4%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 8,2%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 6,1%-ке, ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы – 1,2%-ке өсті.

Айлық инфляция 2019 жылғы маусымда 0,2% құрады.

"Сарыарқа" магистральды газ құбырын, күн электр станциясын салу және өндірістік жабдықтарды сатып алу, тау-кен өнеркәсібі объектілерін, әлеуметтік объектілерді, тұрғын үйді, инфрақұрылымды жаңғырту есебінен негізгі капиталға инвестициялар көлемі а.ж. қаңтар-маусымда 11,7%-ке (2019 жылғы қаңтар-наурызда 7,0%-ке, 2019 жылғы қаңтар-сәуірде 6,7%-ке, 2019 жылғы қаңтар-мамырда 7,8%-ке ұлғайды) ұлғайды.

Салалар бөлінісінде инвестициялардың елеулі өсуі кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде (88,8%-ке 34,5 млрд. теңгеге дейін), ауыл шаруашылығында (62,7%-ке 191,3 млрд. теңгеге дейін), құрылыста (54,7%-ке 52,9 млрд. теңгеге дейін), өнер, ойын-сауық және демалыста (27,7%-ке 54,5 млрд. теңгеге дейін), саудада  (26,6%-ке 117,4 млрд. теңгеге дейін), өнеркәсіпте (19,7%-ке 3 397,1 млрд. теңгеге дейін) және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда

(13,6%-ке 723,7 млрд. теңгеге дейін) байқалды.

Елдің халықаралық резервтері 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 86,4 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Ұлттық Банктің алтын-валюта активтері - 28,2 млрд. АҚШ доллары, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері - 58,2 млрд. АҚШ доллары.

Жұмыссыздық деңгейі 2019 жылғы маусымда (бағалау) 4,8%-ті құрады.

  1. Экономика салаларындағы ахуал

2019 жылғы қаңтар-маусымда құрылыста (11,1%-ке), саудада (7,5%-ке), көлік саласында (5,3%-ке), ауыл шаруашылығында (3,8%-ке), өнеркәсіпте

(2,6%-ке) және байланыста (1,7%-ке) өсудің оң серпіні байқалды.

2019 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өндірісінің көлемі кен өндіру өнеркәсібіндегі шығарылымының 2,1%-ке дейін ұлғаюуы есебінен 2,6%-ке өсті. Кен өндірудегі өсудің жылдамдауы мұнай өндірудегі жағдайдың жақсаруына байланысты. Бұл салада құлдырау тереңдігі бірте-бірте қысқарып келеді.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 1,6% - тен 3,4% - ке дейін жылдамдады. Саладағы оң серпін фармацевтикалық өнімдерінің 19,5%-ке, жеңіл өнеркәсібінің - 16,7%-ке, сусындар өндірудің – 15,8%-ке, машина жасаудың – 13,4%-ке, мұнай өңдеу өнімдерін – 8,6%-ке, ағаштан жасалған бұйымдардың – 5,8%-ке және металлургия өнеркәсібінің – 1,5%-ке ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ кәсіпорнындағы ірі авариядан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына байланысты қара металлургияда төмендеу тереңдігінің (2019 жылғы 1 тоқсандағы 14,2%- тен 2019 жылғы 1 жартыжылдықта 7,2%-ке) қысқаруы және түсті және асыл металдар шығарылымының 8,9% - ке дейін көбеюі есебінен металлургия өнеркәсібі 1,5%-ке өсуіменен теріс аймақтан шықты.

Өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің 6,7%-ке және мал шаруашылығы - 3,7%-ке ұлғаюы есебінен ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өсуі 3,8%-ке дейін жылдамдады.

         Өнеркәсіп объектілерін, атап айтқанда "Алтыналмас АК" АҚ бағалы металл өндіру зауытын, Ақтоғай КБК сульфидті кен байыту фабрикасын, автомобиль жолдарын салу, Қазмырыш өнеркәсіптік кәсіпорнындағы цехтарды қайта жаңарту, "Сарыарқа "магистральды газ құбырын салу" магистральды құбыржолдарын салу бойынша құрылыс жұмыстары, ТШО зауытында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу есебінен құрылыс жұмыстарының көлемі 11,1%-ке артты.

  1. Қаржы секторы

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша экономика салаларына екінші деңгейдегі банктердің кредиттері 12 906,8 млрд. теңгені құрады және 2019 жылдың басынан бастап 1,4%-ке азайды. Заңды тұлғаларға берілетін кредиттер жылдың басынан бастап 9,2%-ке 7 071,4 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Бұл ретте жеке тұлғаларға берілетін кредиттер 10,0%-ке 5 835,4 млрд. теңгеге дейін өсті.

2019 жылғы қаңтар-маусымда жаңадан берілген кредиттердің көлемі 6 765,7 млрд. теңгені құрады және 2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 11,7%-ке өсті.

Берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2019 жылғы маусымда 13,4%-ті құрады.

Ұзақ мерзімге берілген кредиттер бойынша 2019 жылғы қаңтарда 15,8%-тен а.ж. маусымда 15,4%-ке дейін, қысқа мерзімді кредиттер бойынша

12,5%-тен 11,8%-ке дейін төмендеу байқалып отыр.

Қысқа мерзімді кредит беру көлемі 2019 жылғы қаңтар-маусымда 2018 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 12,9%-ке 3 701,7 млрд. теңгеге (үлесі 54,7%) дейін, ұзақ мерзімді кредит беру көлемі 10,3%-ке 3 064,0 млрд. теңгеге (үлесі 45,3%) дейін ұлғайды.

2019 жылғы қаңтар-маусымда жаңа кредиттер негізінен саудаға (2 481,0 млрд. теңге – үлесі 36,7%) және өнеркәсіпке (839,1 млрд. теңге – үлесі 12,4%) бағытталды.

Құрылысқа 197,7 млрд. теңге (үлесі 2,9%), көлік саласына – 163,0 млрд. теңге (үлесі 2,4%), байланысқа – 106,3 млрд. теңге (үлесі 1,6%), сондай-ақ ауыл шаруашылығына – 68,6 млрд. теңге (үлесі 1,0%) бағытталды.

Депозиттер 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 17 305,9 млрд. теңгеге жетіп, жылдың басынан бері 6,7%-ке қысқарды, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері – 11,7%-ке 8 738,8 млрд. теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері – 1,0%-ке 8 567,1 млрд. теңгеге дейін қысқарды.

Ұлттық валютадағы депозиттер үлесі 2018 жылғы желтоқсанда 51,6%-тен 2019 жылғы маусымда 58,4%-ке дейін ұлғайды.

Айналыстағы қолма-қол ақша (М0 - банк жүйесінен тыс ақша) көлемі жыл басынан бастап 1,3%-ке қысқарып, 2 231,5 млрд. теңгені құрады.

Ақша массасы (М3 - айналыстағы қолма-қол ақшаның және банктік емес резидент заңды тұлғалардың және халықтың ұлттық және шетел валютасындағы аударылатын және басқа да депозиттерінің сомасы) 2019 жылдың басынан бастап 6,1%-ке

19 537,4 млрд. теңгеге дейін қысқарды.

2019 жылғы маусымда теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы 1 АҚШ долларына 377,2-384,5 теңге ауқымында құбылды, 2019 жылғы

қаңтар-маусымда орташа есеппен 1 АҚШ долларына 379,1 теңгені құрады.

  1. Төлем теңгерімінің көрсеткіштері

2018 жылғы 4 тоқсанда 4 жылда алғаш рет қол жеткізілген төлем теңгерімінің ағымдағы операцияларының шотының оң сальдосы 2019 жылғы 1 тоқсанда да сақталуда. Шоттың профициті 2018 жылғы ұқсас кезеңдегі ЖІӨ – ге қатысты (-0,5%) немесе (-893,0) млн. АҚШ долларына қарағанда

ЖІӨ – ге қатысты 0,2% немесе 361,4 млн. АҚШ долларын құрады.

Тікелей шетелдік инвестициялардың таза ағыны 2 719,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2018 жылғы 1 тоқсандағы деңгейінен 23,3%- ке төмен (3 546,3 млн. АҚШ доллары).

Алдын ала бағалау бойынша 2019 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 37,3 млрд. АҚШ долларын құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,3%-ке ұлғайды. Өсу экспорттың 0,5% - ке (23,6 млрд. АҚШ долл.) ұлғаюуына байланысты. Импорт 8,3% - ке (13,7 млрд. АҚШ долл.) көбейді.

  1. Мемлекеттік бюджеттің көрсеткіштері

Мемлекеттік бюджетке түсімдер 2019 жылғы қаңтар-мамырда

5 368,0 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты

42,7%-ке орындалды, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы

кірістер – 3 800,0 млрд. 
теңге. Шығыстар 5 558,2 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 39,7%-ке  орындалды, оның ішінде шығындар –5 207,1 млрд. теңге немесе 38,7%. Дефицит 190,2 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге қатысты 0,3% құрады.

Республикалық бюджетке түсімдер 4 510,1 млрд. теңгені құрады және және жылдық жоспарға қатысты 42,7%-ке орындалды, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 2 783,7 млрд. теңге. Шығыстар 4 893,8 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 41,0%-ке орындалды, оның ішінде шығындар – 4 575,3 млрд. теңге немесе 39,3%. Тапшылық 383,6 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге қатысты 0,6% құрады.

Қазақстанның мемлекеттік борышы 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 15 448,7 млрд. теңгені (40,7 млрд. АҚШ доллары) немесе болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 24,1% құрады. Мемлекеттік борыштың 78,2% (12 113,8 млрд.теңге немесе болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 18,8%) ҚР Үкіметінің борышы, оның ішінде ішкі борыш – болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 10,4%, сыртқы борыш – болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 8,5% құрайды.

Жалпы, кепілдіктер мен кепілгерліктерді ескере отырып, мемлекеттік борыш 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2019 жылдың басымен салыстырғанда 0,9%-ке ұлғайып, 16 192,5 млрд теңгені құрады.

 

 

2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-МАУСЫМДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА
Дата публикации
26 июля 2019