2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ШІЛДЕДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА
Алдын ала бағалау бойынша 2019 жылғы қаңтар-шілдеде ЖІӨ-нің өсуі
2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ті құрады.
6 негізгі саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,4%-ті құрады.
Инфляция ағымдағы жылғы шілдеде жыл басынан бастап (2018 жылғы желтоқсанға қарағанда) 2,8%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 6,0%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағалары 2,4%-ке өскенде, ақылы көрсетілетін қызметтердің бағалары 0,7%-ке төмендеді.
Жылдық мәндегі инфляция 2018 жылғы шілдеде 5,9%-ке қарағанда
5,4%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 8,7%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 5,9%-ке, ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы – 0,8%-ке өсті.
Айлық инфляция 2019 жылғы шілдеде 0,2% құрады.
Магистральды газ құбырын, күн электр станциясын салу және өндірістік жабдықтарды сатып алу, тау-кен өнеркәсібі объектілерін, әлеуметтік объектілерді, тұрғын үйді, инфрақұрылымды жаңғырту есебінен негізгі капиталға инвестициялар көлемі а.ж. қаңтар-шілдеде 11,3%-ке (2019 жылғы қаңтар-наурызда 7,0%-ке, 2019 жылғы қаңтар-сәуірде 6,7%-ке, 2019 жылғы қаңтар-мамырда 7,8%-ке, 2019 жылғы қаңтар-шілдеде 11,7%-ке ұлғайды) ұлғайды.
Салалар бөлінісінде инвестициялардың елеулі өсуі кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде (85,4%-ке 39,3 млрд. теңгеге дейін), ауыл шаруашылығында (61,4%-ке 226,5 млрд. теңгеге дейін), өнер, ойын-сауық және демалыста (46,7%-ке 72,1 млрд. теңгеге дейін), құрылыста (46,3%-ке 60,2 млрд. теңгеге дейін), саудада (23,0%-ке 129,8 млрд. теңгеге дейін), өнеркәсіпте (18,9%-ке 4 095,5 млрд. теңгеге дейін) және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда
(10,7%-ке 842,8 млрд. теңгеге дейін) байқалды.
Елдің халықаралық резервтері 2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 87,6 млрд. АҚШ долларын құрады және 2018 жылдың тиісті күнімен салыстырғанда 0,6%-ке азайды (жыл басынан бері 1,5%-ке азайды), оның ішінде Ұлттық Банктің алтын-валюта активтері 10,3%-ке 27,7 млрд. АҚШ долларына дейін (жыл басынан бері 10,5%-ке) төмендеді. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 4,6%-ке 59,9 млрд. АҚШ долларына дейін (жыл басынан бері 3,3%-ке) ұлғайды.
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай кірістері
2019 жылғы қаңтар-шілдеде 686,0 мың теңгені құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 10,0%-ке, нақты мәнде 4,7%-ке өсті.
Орташа айлық номиналды жалақы 2019 жылғы қаңтар-шілдеде (бағалау) 178,8 мың теңгені құрады және номиналды мәнде 13,1%-ке, нақты мәнде 7,6%-ке ұлғайды.
Жұмыссыздық деңгейі 2019 жылғы шілдеде (бағалау) 4,8%-ті құрады.
2019 жылғы қаңтар-шілдеде құрылыста (11,5%-ке), саудада (7,5%-ке), көлік саласында (5,4%-ке), ауыл шаруашылығында (3,5%-ке), өнеркәсіпте
(2,7%-ке) және байланыста (2,6%-ке) өсудің оң серпіні байқалды.
2019 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі өңдеу өнеркәсібінің озық қарқынмен 3,2%-ке өсуінің есебінен 2,7%-ке ұлғайды.
Өңдеу өнеркәсібіндегі оң серпін фармацевтикалық өнімдерінің 18,0%-ке, машина жасаудың – 17,7%-ке, сусындар өндірудің – 15,1%-ке, жеңіл өнеркәсібінің - 14,3%-ке, мұнай өңдеу өнімдерін – 6,2%-ке, киім өндірудің – 5,4%-ке және металлургия өнеркәсібінің – 1,6%-ке ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.
Металлургия өнеркәсібінде өндіріс қалпына келді. Өндіріс көлемі 1,6%-ке ұлғайды. Осының аясында кен өндіру өнеркәсібіндегі өндіріс (2,4%-ке) ұлғайып келеді.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа 2,5%-ке өсті.
Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі 6,7%-ке ұлғайды.
Өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің 4,4%-ке және мал шаруашылығы - 3,5%-ке ұлғаюы есебінен ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсуі 3,5%-ке дейін жылдамдады. Осымен қатар тірі салмақтағы мал мен құстың сойылған көлемі 4,6% - ке, шикі сиыр сүті сауымы - 3,2% - ке және алынған тауық жұмыртқасының саны 0,7% - ке өсті.
Өнеркәсіп объектілерін, автомобиль жолдарын салу, цехтарды қайта жаңарту және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу есебінен құрылыс жұмыстарының көлемі 11,5%-ке артты. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 6 506,4 мың шаршы метрді құрады.
2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша экономика салаларына екінші деңгейдегі банктердің кредиттері 13 053,6 млрд. теңгені құрады және 2019 жылдың басынан бастап 0,3%-ке азайды. Заңды тұлғаларға берілетін кредиттер жылдың басынан бастап 9,6%-ке 7 041,4 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Бұл ретте жеке тұлғаларға берілетін кредиттер 13,4%-ке 6 012,3 млрд. теңгеге дейін өсті.
2019 жылғы қаңтар-шілдеде жаңадан берілген кредиттердің көлемі
8 130,5 млрд. теңгені құрады және 2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 12,7%-ке өсті.
Берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2019 жылғы шілдеде 14,2%-ті құрады.
Ұзақ мерзімге берілген кредиттер бойынша 2019 жылғы қаңтарда 15,8%-тен а.ж. шілдеде 17,2%-ке дейін жоғарлау, қысқа мерзімді кредиттер бойынша
12,5%-тен 11,5%-ке дейін төмендеу байқалып отыр.
Қысқа мерзімді кредит беру көлемі 2019 жылғы қаңтар-шілдеде
2018 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 13,4%-ке 4 420,9 млрд. теңгеге
(үлесі 54,4%) дейін, ұзақ мерзімді кредит беру көлемі 11,9%-ке 3 709,6 млрд. теңгеге (үлесі 45,6%) дейін ұлғайды.
2019 жылғы қаңтар-шілдеде жаңа кредиттер негізінен саудаға
(2 937,3 млрд. теңге – үлесі 36,1%) және өнеркәсіпке (1 042,4 млрд. теңге – үлесі 12,8%) бағытталды.
Құрылысқа 238,9 млрд. теңге (үлесі 2,9%), көлік саласына – 191,3 млрд. теңге (үлесі 2,4%), байланысқа – 107,6 млрд. теңге (үлесі 1,3%), сондай-ақ ауыл шаруашылығына – 78,1 млрд. теңге (үлесі 1,0%) бағытталды.
Депозиттер 2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 17 611,8 млрд. теңгеге жетіп, жылдың басынан бері 5,1%-ке қысқарды, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері – 9,1%-ке 8 999,9 млрд. теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері – 0,5%-ке 8 611,9 млрд. теңгеге дейін қысқарды.
Ұлттық валютадағы депозиттер үлесі 2018 жылғы желтоқсанда 51,6%-тен 2019 жылғы шілдеде 55,4%-ке дейін ұлғайды.
Айналыстағы қолма-қол ақша (М0 - банк жүйесінен тыс ақша) көлемі жыл басынан бастап 1,1%-ке қысқарып, 2 236,2 млрд. теңгені құрады.
Ақша массасы (М3 - айналыстағы қолма-қол ақшаның және банктік емес резидент заңды тұлғалардың және халықтың ұлттық және шетел валютасындағы аударылатын және басқа да депозиттерінің сомасы) 2019 жылдың басынан бастап 4,6%-ке
19 848,0 млрд. теңгеге дейін қысқарды.
2019 жылғы шілдеде теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы 1 АҚШ долларына 380,5-385,1 теңге ауқымында құбылды, 2019 жылғы
қаңтар-шілдеде орташа есеппен 1 АҚШ долларына 379,8 теңгені құрады.
Төлем теңгерімінің ағымдағы операциялары шотының теріс сальдосы 2019 жылғы 1 жартыжылдықта 1 920,1 млн. АҚШ долларын немесе ЖІӨ – ге қатысты 2,6% құрады.
Тікелей шетелдік инвестициялардың таза ағыны 1 061,8 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2018 жылғы 1 жартыжылдықтағы деңгейінен 68,1%- ке төмен (3 331,5 млн. АҚШ доллары).
Алдын ала бағалау бойынша 2019 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 53,8 млрд. АҚШ долларын құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ке ұлғайды. Өсу импорттың 11,7% - ке (20,9 млрд. АҚШ долл.) ұлғаюуына байланысты. Экспорт 3,7% - ке (32,9 млрд. АҚШ долл.) төмендеді.
Мемлекеттік бюджетке түсімдер 2019 жылғы қаңтар-шілдеде
7 109,1 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты
56,1%-ке орындалды, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы
кірістер – 4 983,9 млрд. теңге. Шығыстар 7 690,2 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 54,6%-ке орындалды, оның ішінде
шығындар –7 219,0 млрд. теңге немесе 53,4%. Дефицит 581,1 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге қатысты 0,9% құрады.
Республикалық бюджетке түсімдер 5 947,7 млрд. теңгені құрады және және жылдық жоспарға қатысты 56,3%-ке орындалды, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 3 606,7 млрд. теңге. Шығыстар 6 694,9 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 56,1%-ке орындалды, оның ішінде шығындар – 6 268,7 млрд. теңге немесе 54,8%. Тапшылық 747,3 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге қатысты 1,1% құрады.
Қазақстанның мемлекеттік борышы 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 15 448,7 млрд. теңгені (40,7 млрд. АҚШ доллары) немесе болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 22,9% құрады, оның ішінде ішкі борыш – болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 14,9%, сыртқы борыш – болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 8,0% құрады.