ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ҚАЗАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА Жалпы макрокөрсеткіштер Алдын ала бағалау бойынша 2019 жылғы қаңтар-қазанда ЖІӨ-нің өсуі 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,4%-ті құрады. 6 негізгі саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,7%-ті құрады. Инфляция ағымдағы жылғы қазанда жыл басынан бастап (2018 жылғы желтоқсанға қарағанда) 3,9%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 7,2%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағалары 3,8%-ке өскенде, ақылы көрсетілетін қызметтердің бағалары 0,1%-ке төмендеді. Жылдық мәндегі инфляция 5,5%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 9,7%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 5,2%-ке, ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы – 0,8%-ке өсті. Айлық инфляция 2019 жылғы қыркүйекте 0,6% құрады. Магистральды газ құбырын, күн электр станциясын, өндіріс объектілерін салу, өндірістік жабдықтарды сатып алу, тау-кен өнеркәсібі объектілерін, әлеуметтік объектілерді, тұрғын үйді және инфрақұрылымды жаңғырту есебінен негізгі капиталға инвестициялар көлемі а.ж. қаңтар-қазанда 8,2%-ке (қаңтар-маусымда 11,7%-ке, қаңтар-шілдеде 11,3%-ке, қаңтар-тамызда 10,7%-ке және қаңтар- қыркүйекте 9,7%-ке) ұлғайды. Салалар бөлінісінде инвестициялардың елеулі өсуі кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде (55,0%-ке 54,5 млрд. теңгеге дейін), өнер, ойын-сауық және демалыста (47,9%-ке 118,9 млрд. теңгеге дейін), ауыл шаруашылығында (36,6%-ке 379,4 млрд. теңгеге дейін), құрылыста (19,1%-ке 95,4 млрд. теңгеге дейін), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда (14,2%-ке 1 306,7 млрд. теңгеге дейін) және өнеркәсіпте (13,2%-ке 6 108,8 млрд. теңгеге дейін) байқалды. Елдің халықаралық резервтері 2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 88,7 млрд. АҚШ долларын құрады және 2018 жылдың тиісті күнімен салыстырғанда 4,8%-ке көбейді, оның ішінде Ұлттық Банктің алтын-валюта активтері 1,6%-ке 29,5 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 6,4%-ке 59,2 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайды. Халықтың жан басына шаққандағы ақшалай кірістері 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте 914,3 мың теңгені құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 11,9%-ке, нақты мәнде 6,4%-ке өсті. Орташа айлық номиналды жалақы 2019 жылғы қаңтар-қазанда (бағалау) 183,5 мың теңгені құрады және номиналды мәнде 14,6%-ке, нақты мәнде 8,9%-ке ұлғайды. Жұмыссыздық деңгейі 2019 жылғы қазанда (бағалау) 4,8%-ті құрады. Экономика салаларындағы ахуал 2019 жылғы қаңтар-қазанда құрылыста (12,7%-ке), саудада (7,5%-ке), көлік саласында (5,6%-ке), байланыста (4,5%-ке) және өнеркәсіпте (3,5%-ке) өсудің оң серпіні байқалды. 2019 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,5%-ке өсті. Кен өндіру өнеркәсібі де (өсу 3,7%-ке) өңдеу өнеркәсібі де (3,3%-ке) өсудің драйверлері болды. Саладағы оң серпін жеңіл өнеркәсібінің – 18,9%-ке (оның ішінде киім өндірудің – 5,7%-ке), машина жасаудың 18,8%-ке, сусындар өндірудің – 15,2%-ке, фармацевтикалық өнімдерді өндірудің – 15,2%-ке және мұнай өңдеу өнімдерін – 6,7%-ке ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс 3,7%-ке ұлғайды. Кен өндірудегі мұндай қарқын мұнай өндірудің қалпына келіп 0,3%-ке ұлғаюына байланысты. Жоғары қарқындар түсті метал кенін өндіруде 18,0% деңгейінде байқалып отыр. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа 2,5%-ке өсті. Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі 3,9%-ке ұлғайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 4 531,5 млрд. теңгені, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 2 661,7 млрд. теңгені, мал шаруашылығы – 1 838,4 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіп объектілерін, магистральды газ құбырын, жел электр станциясын, металл құрылымдары зауытын салу, сондай-ақ автомобиль жолдарын реконструкциялау бойынша жұмыстар есебінен құрылыс жұмыстарының көлемі 12,7%-ке ұлғайды. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 9 795,7 мың шаршы метрді құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңдегі деңгейінде қалыптасты. 3. Қаржы секторы 2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша экономика салаларына екінші деңгейдегі банктердің кредиттері 13 501,9 млрд. теңгені құрады және 2019 жылдың басынан бастап 3,1%-ке ұлғайды. Заңды тұлғаларға берілетін кредиттер жылдың басынан бастап 8,6%-ке 7 118,8 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Бұл ретте жеке тұлғаларға берілетін кредиттер 20,4%-ке 6 683,1 млрд. теңгеге дейін өсті. 2019 жылғы қаңтар-қазанда жаңадан берілген кредиттердің көлемі 12 149,1 млрд. теңгені құрады және 2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 13,2%-ке өсті. Берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2019 жылғы қазанда 13,8%-ті құрады. Ұзақ мерзімге берілген кредиттер бойынша 2019 жылғы қаңтарда 15,8%-тен а.ж. қазанда 15,6%-ке дейін, қысқа мерзімді кредиттер бойынша 12,5%-тен 11,9%-ке дейін төмендеу байқалып отыр. Қысқа мерзімді кредит беру көлемі 2019 жылғы қаңтар-қазанда 2018 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 11,3%-ке 6 518,2 млрд. теңгеге (үлесі 53,7%) дейін, ұзақ мерзімді кредит беру көлемі 15,6%-ке 5 630,9 млрд. теңгеге (үлесі 46,3%) дейін ұлғайды. 2019 жылғы қаңтар-қазанда жаңа кредиттер негізінен саудаға (4 197,0 млрд. теңге – үлесі 34,5%) және өнеркәсіпке (1 637,8 млрд. теңге – үлесі 13,5%) бағытталды. Құрылысқа 361,8 млрд. теңге (үлесі 3,0%), көлік саласына – 337,4 млрд. теңге (үлесі 2,8%), байланысқа – 121,3 млрд. теңге (үлесі 1,0%), сондай-ақ ауыл шаруашылығына – 109,2 млрд. теңге (үлесі 0,9%) бағытталды. Депозиттер 2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 18 777,2 млрд. теңгеге жетіп, жылдың басынан бері 1,2%-ке, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 0,8%-ке 9 973,3 млрд. теңгеге дейін және жеке тұлғалардың депозиттері 1,7%-ке 8 803,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Ұлттық валютадағы депозиттер үлесі 2018 жылғы желтоқсанда 51,6%-тен 2019 жылғы қазанда 55,3%-ке дейін ұлғайды. Айналыстағы қолма-қол ақша (М0 - банк жүйесінен тыс ақша) көлемі жыл басынан бастап 1,3%-ке қысқарып, 2 231,0 млрд. теңгені құрады. Ақша массасы (М3 - айналыстағы қолма-қол ақшаның және банктік емес резидент заңды тұлғалардың және халықтың ұлттық және шетел валютасындағы аударылатын және басқа да депозиттерінің сомасы) 2019 жылдың басынан бастап 0,9%-ке 21 008,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. 2019 жылғы қазанда теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы 1 АҚШ долларына 387,9 – 390,1 теңге ауқымында құбылды, 2019 жылғы қаңтар-қазанда орташа есеппен 1 АҚШ долларына 382,1 теңгені құрады. Төлем теңгерімінің көрсеткіштері Төлем теңгерімінің ағымдағы операциялары шотының теріс сальдосы 2019 жылғы 9 айда 4 713,3 млн. АҚШ долларын құрады. Тікелей шетелдік инвестициялардың таза ағыны 1 061,8 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2018 жылғы 1 жартыжылдықтағы деңгейінен 68,1%- ке төмен (3 331,5 млн. АҚШ доллары). Алдын ала бағалау бойынша 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 70,4 млрд. АҚШ долларын құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ке ұлғайды. Экспорт 42,7 млрд. АҚШ долларын, импорт – 27,6 мрд. АҚШ долларын құрады. Мемлекеттік бюджеттің көрсеткіштері Мемлекеттік бюджетке түсімдер 2019 жылғы қаңтар-қазанда 10 153,6 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 79,8%-ке орындалды, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 7 311,4 млрд. теңге. Шығыстар 11 148,4 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 78,7%-ке орындалды, оның ішінде шығындар – 10 593,8 млрд. теңге немесе 77,9%. Дефицит 994,8 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге қатысты 1,5% құрады. Республикалық бюджетке түсімдер 8 438,0 млрд. теңгені құрады және және жылдық жоспарға қатысты 79,8%-ке орындалды, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 5 285,2 млрд. теңге. Шығыстар 9 564,8 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 80,2%-ке орындалды, оның ішінде шығындар – 9 083,4 млрд. теңге немесе 79,4%. Тапшылық 1 126,8 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге қатысты 1,7% құрады. Қазақстанның мемлекеттік борышы 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 15 978,3 млрд. теңгені (41,2 млрд. АҚШ доллары) немесе болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 23,6%, оның ішінде ішкі борыш – болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 14,6%, сыртқы борыш – болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 9,0% құрады.

Дата публикации
27 ноября 2019