ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ҚАРАШАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ҚАРАШАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА

 

  1. Жалпы макрокөрсеткіштер

Алдын ала бағалау бойынша 2019 жылғы қаңтар-қарашада ЖІӨ-нің өсуі

2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,4%-ті құрады.

6 негізгі саланың (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) даму серпінін қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,7%-ті құрады.

Инфляция ағымдағы жылғы қарашада жыл басынан бастап (2018 жылғы желтоқсанға қарағанда) 4,7%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары 8,4%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағалары 4,3%-ке, ақылы көрсетілетін қызметтердің бағалары 0,4%-ке өсті.

Жылдық мәндегі инфляция 5,4%-ті құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 9,7%-ке, азық-түлік емес тауарлардың бағасы – 4,8%-ке, ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы – 0,6%-ке өсті.

Айлық инфляция 2019 жылғы қарашада 0,7% құрады.

Магистральды газ құбырды, күн электр станциясын, өндіріс объектілерін салу және өндірістік жабдықтарды сатып алу, тау-кен өнеркәсібі объектілерін, әлеуметтік объектілерді, тұрғын үйді, инфрақұрылымды жаңғырту есебінен негізгі капиталға инвестициялар көлемі а.ж. қаңтар-қарашада 8,3%-ке ұлғайды.

Салалар бөлінісінде инвестициялардың елеулі өсуі кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде (59,6%-ке 60,2 млрд. теңгеге дейін), өнер, ойын-сауық және демалыста (40,0%-ке 134,4 млрд. теңгеге дейін), ауыл шаруашылығында (37,3%-ке 429,0 млрд. теңгеге дейін), қаржы және сақтандыру қызметінде (29,4%-ке 75,1 млрд. теңгеге дейін), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда (14,9%-ке

1 465,1 млрд. теңгеге дейін) 
және өнеркәсіпте (13,7%-ке 6 800,5 млрд. теңгеге дейін) байқалды.

Елдің халықаралық резервтері 2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 89,1 млрд. АҚШ долларын құрады және 2018 жылдың тиісті күнімен салыстырғанда 2,5%-ке көбейді, оның ішінде Ұлттық Банктің алтын-валюта активтері - 28,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері 6,5%-ке 60,5 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайды.

Халықтың жан басына шаққандағы ақшалай кірістері 2019 жылғы қаңтар-қазанда 1 025,7 мың теңгені құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 11,8%-ке, нақты мәнде 6,2%-ке өсті.

Орташа айлық номиналды жалақы 2019 жылғы қаңтар-қарашада (бағалау) 185,0 мың теңгені құрады және номиналды мәнде 14,5%-ке, нақты мәнде 8,8%-ке ұлғайды.

Жұмыссыздық деңгейі 2019 жылғы қарашада (бағалау) 4,8%-ті құрады.

  1. Экономика салаларындағы ахуал

2019 жылғы қаңтар-қарашада құрылыста (12,1%-ке), саудада (7,5%-ке), көлік саласында (5,6%-ке), байланыста (4,7%-ке) және өнеркәсіпте (3,6%-ке) өсудің оң серпіні байқалды.

2019 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,6%-ке өсті. Кен өндіру өнеркәсібі де (өсу 3,7%-ке) өңдеу өнеркәсібі де (3,8%-ке) өсудің драйверлері болды.

Өңдеу өнеркәсібі саласындағы оң серпін машина жасаудың 19,2%-ке, фармацевтикалық өнімдерді өндірудің – 16,7%-ке жеңіл өнеркәсібінің – 16,6%-ке (оның ішінде киім өндірудің – 7,4%-ке) және сусындар өндірудің – 13,0%-ке ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс 3,7%-ке ұлғайды. Кен өндірудегі мұндай қарқын мұнай өндірудің қалпына келіп 0,2%-ке ұлғаюына байланысты. Жоғары қарқындар түсті метал кенін өндіруде 17,5% деңгейінде байқалып отыр.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа 1,9%-ке өсті.

Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі 3,9%-ке ұлғайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 4 931,4 млрд. теңгені, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 2 867,7 млрд. теңгені, мал шаруашылығы – 2 029,2 млрд. теңгені құрады.

 Магистральды газ құбырды, инфрақұрылым объектілерін, тұрғын үй ғимараттарын салу, сондай-ақ автомобиль жолдарын, фабрикаларды қайта жаңарту және құрылыс-монтаж жұмыстарының ұлғаюы бойынша жұмыстар есебінен құрылыс жұмыстарының көлемі 12,1%-ке ұлғайды. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру 11 076,1 мың шаршы метрді құрап, 100,8% деңгейінде қалыптасты.

Қаржы секторы

2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша экономика салаларына екінші деңгейдегі банктердің кредиттері 13 667,8 млрд. теңгені құрады және 2019 жылдың басынан бастап 4,4%-ке ұлғайды. Заңды тұлғаларға берілетін кредиттер жылдың басынан бастап 8,7%-ке 7 114,3 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Бұл ретте жеке тұлғаларға берілетін кредиттер 23,6%-ке 6 553,6 млрд. теңгеге дейін өсті.

2019 жылғы қаңтар-қарашада жаңадан берілген кредиттердің көлемі

13 549,5 млрд. теңгені құрады және 2018 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 13,0%-ке өсті.

Берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2019 жылғы қарашада 13,5%-ті құрады.

Ұзақ мерзімге берілген кредиттер бойынша а.ж. қарашада ставканың 2019 жылғы қаңтардағы деңгейінде сақталуы (15,8%), ал қысқа мерзімді кредиттер бойынша 12,5%-тен 11,6%-ке дейін төмендеу байқалып отыр.

Қысқа мерзімді кредит беру көлемі 2019 жылғы қаңтар-қарашада

2018 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 11,4%-ке 7 281,8 млрд. теңгеге

(үлесі 53,7%) дейін, ұзақ мерзімді кредит беру көлемі 14,8%-ке 6 267,6 млрд. теңгеге (үлесі 46,3%) дейін ұлғайды.

2019 жылғы қаңтар-қарашада жаңа кредиттер негізінен саудаға

(4 683,9 млрд. теңге – үлесі 34,6%) және өнеркәсіпке (1 830,5 млрд. теңге – үлесі 13,5%) бағытталды.

Құрылысқа 401,9 млрд. теңге (үлесі 3,0%), көлік саласына – 366,2 млрд. теңге (үлесі 2,7%), байланысқа – 127,2 млрд. теңге (үлесі 0,9%), сондай-ақ ауыл шаруашылығына – 124,2 млрд. теңге (үлесі 0,9%) бағытталды.

Депозиттер 2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 18 284,3 млрд. теңгеге жетіп, жылдың басынан бері 1,4%-ке, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері 5,0%-ке 9 401,0 млрд. теңгеге дейін қысқарды. Жеке тұлғалардың депозиттері 2,6%-ке 8 883,3 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Ұлттық валютадағы депозиттер үлесі 2018 жылғы желтоқсанда 51,6%-тен 2019 жылғы қарашада 56,8%-ке дейін ұлғайды.

Айналыстағы қолма-қол ақша (М0 - банк жүйесінен тыс ақша) көлемі жыл басынан бастап 2,6%-ке қысқарып, 2 200,9 млрд. теңгені құрады.

Ақша массасы (М3 - айналыстағы қолма-қол ақшаның және банктік емес резидент заңды тұлғалардың және халықтың ұлттық және шетел валютасындағы аударылатын және басқа да депозиттерінің сомасы) 2019 жылдың басынан бастап 1,6%-ке

20 485,2 млрд. теңгеге дейін қысқарды.

2019 жылғы қарашада теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы 1 АҚШ долларына 385,0 – 389,5 теңге ауқымында құбылды, 2019 жылғы

қаңтар-қарашада орташа есеппен 1 АҚШ долларына 382,6 теңгені құрады.

  1. Төлем теңгерімінің көрсеткіштері

Төлем теңгерімінің ағымдағы операциялары шотының теріс сальдосы 2019 жылғы 9 айда 4 262,1 млн. АҚШ долларын құрады.

Тікелей шетелдік инвестициялардың таза ағыны 1 986,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2018 жылғы сәйкес кезеңінің деңгейінен 57,2%- ке төмен (4 639,3 млн. АҚШ доллары).

Алдын ала бағалау бойынша, 2019 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 79,1 млрд. АҚШ долларын құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,3%-ке ұлғайды. Экспорт 47,7 млрд. АҚШ долл., импорт 31,4 млрд. АҚШ долл. құрады.

  1. Мемлекеттік бюджеттің көрсеткіштері

Мемлекеттік бюджетке түсімдер 2019 жылғы қаңтар-қарашада

11 604,9 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты

90,6%-ке орындалды, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы

кірістер – 8 514,8 млрд. 
теңге. Шығыстар 12 358,2 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 86,6%-ке орындалды, оның ішінде

шығындар – 11 779,3 млрд. теңге немесе 86,4%. Дефицит 753,3 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге қатысты 1,1% құрады.

Республикалық бюджетке түсімдер 9 658,5 млрд. теңгені құрады және және жылдық жоспарға қатысты 90,6%-ке орындалды, оның ішінде трансфертті есепке алмағандағы кірістер – 6 219,3 млрд. теңге. Шығыстар 10 594,5 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 88,1%-ке орындалды, оның ішінде шығындар – 10 097,6 млрд. теңге немесе 88,0%. Тапшылық 936,0 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге қатысты 1,4% құрады.

Қазақстанның мемлекеттік борышы 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 15 978,3 млрд. теңгені (41,2 млрд. АҚШ доллары) немесе болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 23,6%, оның ішінде ішкі борыш – болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 14,6%, сыртқы борыш – болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 9,0% құрады.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2019 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ҚАРАШАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА
Дата публикации
10 января 2020