Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің нормативтік құқықтық актісіне ресми түсіндірме беру актісі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
нормативтік құқықтық актісіне
ресми түсіндірме беру актісі

 

 

  1. Ресми түсіндіру актісінің кіріспе бөлігі:

1) нормативтік құқықтық актінің нормасын түсіндіретін уәкілетті органның атауы– Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;

2) Нормативтік құқықтық актісінің атауы – «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығы. (бұдан әрі – 725 бұйрық);

3) Ресми түсіндіру актісінің қабылдау орны: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер Үйі, 7-кіреберіс. Ресми түсіндіру актісін қабылдау күні: 20 наурыз 2020 жыл;

4) Түркістан облысы әкімдігінен 2020 жылғы 28 ақпандағы № 27/2004 2020 жылғы 06 наурыздағы № 27/2311 өтініштер.

  1. Ресми түсіндіру актісінің сипаттама бөлігі:

Ерекше маңызы бар МЖӘ жобасын айқындау, сондай-ақ МЖӘ жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 160- бабына қарама- қайшылықтың болмауы мәселесі бойынша.

  1. Ресми түсіндіру актісінің қарар бөлігі:

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 60 бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігі келесіні хабарлайды:

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8- бабына сәйкес Жобаны республикалық деп тану үшін әуежайдың бар-жоғынан пайда алушылар екі және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың субъектілері болуы қажет. Бұл жағдайда пайда алушы компания – Түркістан облысында тіркелген «Turkistan International Airport» ЖШС болады.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, «Түркістан» халықаралық әуежайын салу жөніндегі жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жергілікті жобасы болып табылады.

Ерекше маңызы бар жобаларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жатқызу критерийлері (2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығына 4- қосымша):

1) МЖӘ объектісінің техникалық күрделілігі;

2) Қоғамдық бағыт (МЖӘ жобасын іске асыру арқылы қоғамдық мүдделерді қанағаттандыру);

3) МЖӘ жобасын іске асыру республикалық меншікке немесе Республикалық маңызы бар қалада орналасқан жеңіл рельсті көлік желілерін салу бойынша, өткізу қабілеті сағатына кемінде 400 жолаушы болатын әуежайларды және/немесе аэровокзалдарды салу және/немесе пайдалану бойынша коммуналдық меншікке жататын объектілер (қолданыстағы немесе салынуы болжанатын) бойынша және/немесе осы МЖӘ жобаларын іске асырудан экономикалық пайда алушылар екі және одан да көп облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың;

4) МЖӘ объектісін құру, салу, реконструкциялау құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткіштен астамды құрайды.

Жобаның жоғарыда аталған өлшемдерге сәйкестігіне қарамастан, «Түркістан» халықаралық әуежайын салу жөніндегі жоба ерекше маңызы бар жоба болып табылмайды, өйткені осы мәртебені алу үшін ҚР Үкіметінің осы жобаны Заңның 19- бабына сәйкес бекітілетін ерекше маңызы бар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларының тізбесіне енгізу туралы шешімі қажет.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігі «Түркістан» халықаралық әуежайының құрылысы жөніндегі жергілікті жобаны іске асыруды Заңмен және 725 Бұйрықпен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарына мониторинг жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу және бағалау тәртібінде Түркістан облысының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы орган жүзеге асыруға тиіс екендігін түсіндіреді.

 

 

Министр                                                                                 Р. Дәленов

 

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің нормативтік құқықтық актісіне ресми түсіндірме беру актісі
Дата публикации
20 марта 2020