ҚР ҰЭМ ішкі аудит Департаментінің 2019 жылғы аудиторлық іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат

ҚР ҰЭМ ішкі аудит Департаментінің 2019 жылғы аудиторлық іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат 

Ішкі аудит департаментімен 2019 жылы сертификаты бар 6 аудитордың санымен 2019 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 17 объекті қамтылды (ҚР ҰЭМ құрылымдық бөлімшесі – 1, ТМРКД аумақтық органдары – 5, СК «АЕО» РМК филиалдары – 5). 

Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражаттың көлемі 4 730,1 млн. тенгені құрды. 

Жалпы сомасы 33,0 млн. тенге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 5,5 млн. тенге және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 27,5 млн. тенге. Орнатылған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке өтелуге 3,64 млн. тенге жатады, оның ішінен өтелгені 3,53 млн. тенге (96,9%); бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілуге – 1,83 млн. тенге жатады, толық көлемде қалпына келтірілді. 

2019 жылы мемлекеттік аудит объектілеріне ішкі аудит нәтижелері туралы есептерге Министрдің 17 шешімі жолданды және 76 ұсыным әзірленді. 

Сонымен бірге мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша 4 лауазымды тұлға 252,5 мың теңге жалпы сомаға әкімшілік жауапкершілікке және 10 лауазымды тұлған тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

ҚР ҰЭМ ішкі аудит Департаментінің 2019 жылғы аудиторлық іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
19 марта 2020