Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігінің 2019 – 2021 жылдарға
арналған бюджеттік бағдарламаларын
қайта бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-бабының 4-тармағына, «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 808 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2019 - 2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары қайта бекітілсін.
- Экономика және қаржы департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика минисрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
2019 - 2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 23 шілдедегі № 182 бұйрығының күші жойылсын.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Р. Дәленов
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы бірінші вице-министрі