Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика

министрлігінің 2019-2021 жылдарға

арналған бюджеттік бағдарламаларын

қайта бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-бабының 4-тармағына, «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2018 жылғы   30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы                   7 желтоқсандағы қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2019 – 2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары қайта бекітілсін.
  2. Экономика және қаржы департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика минисрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
  4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
    2019 – 2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 28 тамыздағы № 213 бұйрығының күші жойылсын.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 Министрдің міндетін

          атқарушы                                                                    Ә. Ерғалиев

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Қаржы бірінші вице-министрі

 

______________Б. Шолпанқұлов

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы
Дата публикации
08 ноября 2019