Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі - консультативтік-кеңесші органды құру туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі - консультативтік-кеңесші органды құру туралы

 

 

(06.06.2016 жылғы № 237, 10.10. 2016 жылғы № 442, 17.01.2017 жылғы № 12, 09.08.2017 жылғы № 297, 20.07.2018 жылғы № 258, 24.01.2019 жылғы № 20 бұйрықтармен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып)

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2016 жылғы 18 ақпандағы № 76 қаулысымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 175-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі - консультативтік-кеңесші орган құрылсын.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің ережесі бекітілсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Министр                                                                                Т. Сүлейменов

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесі - консультативтік-кеңесші органды құру туралы
Дата публикации
07 февраля 2020