«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 58-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Ішкі аудит департаментінің (бұдан әрі – Департамент) 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
2. Департамент заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Департаментке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Р. Дәленов