Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығымен бекітілген Жауапты хатшының өкілеттіктерінің 1-тармағының 26) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 42-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының 2020 жылға арналған жоспары бекітілсін.
2. Ішкі аудит департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) Министрліктің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі аудит департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Жауапты хатшы А. Жұмабеков