Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2016-2018 жылдарға арналған бюджетіне
Анықтама
Министрліктің қызметі жүзеге асырылады:
Бұдан басқа, мәлімделген шығыстардың негізгі бағыттары Министрліктің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарында белгіленген.
Министрліктің 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті 1,4 млрд. теңге сомасын құрайды.
2016 жылған арналған шығыстар келесі стратегиялық бағыттарды іске асыруға бағытталған:
1 стратегиялық бағыт «Мемлекеттік жоспарлау және басқару жүйесін дамыту» шеңберінде– 4,0 млрд. теңге.
Аталған қаражаттар:
- Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет көрсету саласы жүйелерін прогрессивті әлемдік тәжірибені ескере отырып жетілдіруге – 118 млн. теңге;
- Халықаралық әдіснамалар мен үздік тәжірибеге сәйкес қажет, уақытылы және нақты деректермен қамтамасыз ету мақсатында ұлттық статистика жүйеісінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға– 1,8 млрд. теңге;
- Мемлекеттік қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға – 313 млн.теңге;
- Болып жатқан процестерді сапалы бағалаумен қамтамасыз ету, қоғамның, халықтың және бизнестің қажет статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыруға – 1,8 млрд. теңге бағытталған.
2 стратегиялық бағыт В рамках «Қазақстан экономикасының бәсекелестігін арттыру» шеңберінде – 490,1 млрд. теңге.
Аталған қаражаттар бағытталған:
- «Астана ЭКСПО - 2017» ҰҚ» АҚ-ға Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрме кешені құрылысына нысаналы аударым, және де ЭКСПО-2017 көрмесін дайындау және жылжыту шеңберіндегі іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтерге– 267 млрд. теңге;
- Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бәсекегеқабілеттілік Еуразиялық Бағдарламасының Орталық-Азиялық бастамасының тең-төраға мәртебесін алу үшін мүшелік жарнасын қаржыландыруға , жемқорлыққа қарсы іс-қимыл халықаралық қағидалары мен тәжірибесіне сәйкес келдіру үшін Қазақстандағы парасаттылық жүйесіне зерттеу жүргізуге, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Даму Орталығына мүше мемлекет ретінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Даму Орталғына мүшелік жарнасын қаржыландыруға, «Қалалық даму саясатына Шолу» зерттеуін жүргізуге – 471 млн. теңге;
- «Биснестің жол картасы 2020» бағдаламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қолдауға – 53,9 млрд. теңге (кәсіпкерлік әлеуетті сауықтыру және күшейту -
2,4 млрд. теңге, оператор қызметтеріне ақы төлеу - 800 млн. теңге, кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету - 580 млн. теңге, Жаңаөзенде кәсіпкерлікті қолдау– 7,9 млрд. теңге, субсидиялау – 33,9 млрд. теңге, және басқалар.);
- «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу бойынша шаралар көрсетуге облыстық бюджеттерге кредиттерге (микрокредиттер) – 2,6 млрд. теңге;
- Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыруды жетілдіру жөніндегі қызметтерге – 9,0 млрд. теңге;
- Қарыздар, Гранттар және де Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорынан жобаларды қаржыландыру жолымен Әріптестік туралы негіздемелік шарттар шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп инвестициялық жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етуге – 17 млрд. теңге;
- Келесі ретте 2016-2018 жылдарға жарғылық капиталды ұлғайта отырып «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқаттық қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға – 130,5 млрд. теңге;
- «Жолаушылар вагонжары паркін жаңғырту» жобасы үшін келесі ретте «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ-ны кредиттеу үшін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқаттық қоры» АҚ-ға бюджеттік кредит беруге - 5,5 млрд. теңге;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдрламасын іске асыруға, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы білім және тәжірибе алмасу жөніндегі бағдарламаны іске асыруға, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Еуропалық Қайта құру және даму банкі арасындағы техникалық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыруға – 4,0 млрд. теңге.
3 стратегиялық бағыт «Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуметін дамыту» шеңберінде – 206,8 млрд. теңге.
Аталған қаражаттар бағытталған:
- Сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын реттеу үшін ғылым, техника және технологияларды дамыту заманауи талаптарына жауап беретін құрылыс өндірісінің жаңа технологиялық және үлшілік жобалар бойынша нормативті-техникалық, смета-нормативті құжаттар, технологиялық карта әзірлеуге - 3,6 млрд. теңге;
- Тұрғын-үймен және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге – 99,4 млрд. теңге (ҚТҮЖҚБ желісі бойынша тұрғын-үй құрылысы – 6,5 млрд. теңге, ЖАО кезегіндегілермен жас отбасыларға жалдамалы тоұрғын-үй – 6,5 млрд. теңге, тұрғын-үй қырылысы аудандарына ИКИ жүргізу – 77,8 млрд. теңге, Жаңаөзен селосындағы апатты аймақтан тұрғындарды көшіру үшін Қарағанды облысының бюджетін дамытуға нысаналы трансферттер бөлу - 7,8 млрд. теңге);
- Сумен қамтамасыз ету, су бұру, коммуналдық шаруашылық және абанттандыру жүйелерін дамыту саласы жобаларын іске асыруға –
14,4 млрд. теңге;
- Сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйесін дамытуға облыстар бюджеттеріне, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне инвестиция бөлуге – 58,0 млрд. теңге;
- 9 мемлекеттік мекемені ұстау – обаға қарсы станциялар – 13,4 млрд. теңге;
- Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары бюджеттеріне, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне профилактикалық дезинсекция мен дератизация жүргізуге ағымдағы нысаналы трансферттер – 453 млн. теңге;
- «Өмір туралы ғылым» басым бағыт шеңберіндегі халықтың санитарлы-эпидемологиялық әл-ауқаты саласында алдын-алу әдіснамаларын әзірлеу және жетілдіру жөніндегі қолданбалы ғылыми зерттеулердің 2-кезеңін іске асыруға -
143 млн. теңге;
- 2017 жылғы 28-ші Халықаралық қысқы универсиаданың объектілері құрылысына Алматы қаласы бюджетінің дамуына нысаналы трансферттерді бөлуге – 4,1 млрд. теңге;
- ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені саласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алуға
1500 еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінен аспайтын сомада жылдық 0,01 % мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесі бойынша он бес жыл мерзімге одан әрi кредит беру үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға бюджеттiк кредиттер беруге – 8,7 млрд. тенге;
- Тұрғын-үй құрылыс жинақтарына сыйақы төлеуге – 13,4 млрд. теңге;
- Жылу-, сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелері реконструкциясы және құрылысы – 86,9 млрд. теңге;
- 2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту бағдарламасы шегінде тұрғын-үйді жоспарлау және (немесе) құрылысына облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалалары бюджеттерін кредиттеу – 2,8 млрд. теңге.
Және де барлық стратегиялық бағыттар бойынша - 29,1 млрд. теңге. Аталған шығыстар бағытталған:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Орталық аппаратын, комитеттерді және олардың аумақтық бөлімшелерін, ведомстволық меммлекеттік мекемелерді ұстауға, мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз еттеін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын азаматтық қызметкерлерді және техникалық қызмет көрсететін шетелдегі сауда өкілдіктерін қамтамасыз етуге– 28,8 млрд. теңге;
- Тұтынушылардың құқығын қорғау және халықтың санитарлы-эпидемологиялық әл-ауқаты, кәсіпкерлік, тұрғын-үй шаруашылығы саласындағы кадрлардың біліктігін арттыру және қайта даярлауға – 321,7 млн. теңге.