2020-2022 жылдарға арналған ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бюджеті бойынша
АНЫҚТАМА
Министрлікке жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында үш жылдық кезеңге 592,5 млрд. теңге сомасында шығыстар, оның ішінде:
- 2020 жылға – 244,4 млрд. теңге;
- 2021 жылға – 209,4 млрд. теңге;
- 2022 жылға – 138,7 млрд. теңге көзделген.
Бұл шығыстар үш жылдық кезеңде мына үш стратегиялық бағытты іске асыру үшін қажет:
Тиісті бағыттарды іске асыру үшін 6 стратегиялық мақсат бойынша 23 нысаналы индикаторға қол жетізу көзделген және 33 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 19 бюджеттік бағдарлама бойынша іске асырылатын болады.
Өз кезегінде, 2020 жылға арналған шығыстар мыналарды іске асыруға бағытталған:
1.1. 645,0 млн. теңге - бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету және мемлекеттік-жекешелік әріктестіктің концессиялық жобаларын консультативтік сүйемелдеу;
1.2. 160,2 млн. теңге – БҰҰДБ-мен бірлесіп мемлекеттік басқару жүйесін жақсартуға жәрдемдесуге және жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіруге бағытталған 2 жобаны іске асыру.
2.1. 48,4 млрд. теңге – «Бизнестің 2025 жылға дейінгі жол картасы» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсету, кәсіпкерлерді оқыту, ақпараттық сүймелдеу, оператор мен қаржы агенті қызметтеріне ақы төлеу, кәсіпкерлік объектілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік грант беру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
2.2. 34,1 млрд. теңге – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының» инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы» жалғасып келе жатқан 1 жобасын іске асыру;
2.3. 12,1 млрд. теңге – жұмылдыру даярлығын және жұмылдыруды жетілдіру;
2.4. 9,4 млрд. теңге – «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ-ға ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға нысаналы аударым;
2.5. 9,3 млрд. теңге – облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерiне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беру;
2.6. 7,3 млрд. теңге - статистикалық ақпарат беруді қамтамасыз ету және ұлттық халық санағын жүргізу;
2.7. 2,0 млрд. тенге теңге – Әріптестік туралы негіздемелік келісім шеңберінде халықарылық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын ҚР орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жалғасып келе жатқан 2 жобаның іске асырылуын қамтамасыз ету;
2.8. 1,2 млрд. теңге – халықаралық ұйымдармен бірлесіп жалғасып келе жатқан 3 жобаны іске асыру;
2.9. 366,1 млн. теңге – ҚР мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастық шеңберінде ҚР әлеуметтік-экономикалық жағдайына 4 зерттеу жүргізу;
2.10. 121,7 млн. теңге – Қазақстанның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуы;
2.11. 80,0 млн. теңге – «Атамекен» ҰКП арқылы кәсіпкерлік саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.
3.1. 52,8 млрд. теңге – Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде моноқалаларда және өңірлерде іс шараларды іске асыру, Түркістан облысында мемлекеттік мекемелердің әкімшілік ғимараттарының құрылысы, сонымен қатар «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдар бойынша жобаларды іске асыру;
3.2. 30,0 млрд. теңге – Ақмола облысының және ірі қалалар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент шетіндегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға арналған жобаларды іске асыру;
3.3. 20,0 млрд. теңге – «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға бюджеттік кредиттер.
4.1. 14,6 млрд. теңге – штат саны 4 035 адам болатын Орталық аппаратты, Комитеттерді және аумақтық департаменттерді ұстау;
4.2. 1,1 млрд. теңге - 11 талдамалық зерттеу жүргізу, оның ішінде 1-уі жаңа зерттеу;
4.3. 517,7 млн. теңге - бюджеттік инвестициялар мен концессиялардың іске асырылуына бағалау жүргізу;
4.4. 109,6 млн. теңге – халықаралық рейтингтік агенттіктердің Қазақстанның егемен кредиттік рейтингісін қайта қарау немесе растау бойынша көрсететін қызметтеріне ақы төлеу;
4.5. 100,7 млн. теңге – ҚР заң жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жүргізу.