2019 жылға арналған ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бюджетін түзету

2019 жылға арналған

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бюджеті бойынша АНЫҚТАМА

 

Министрлікке жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында үшжылдық мерзімге 498,0 млрд. теңге сомасында шығыстар көзделген, оның ішінде:

на 2019 жыл – 329,3 млрд. теңге;

на 2020 жыл – 86,8 млрд. теңге;

на 2021 жыл – 81,9 млрд. теңге.

 

Бұл шығыстар мына үш стратегиялық бағытты іске асыру үшін қажет:

  1. Тиімді мемлекеттік басқару жүйесін дамыту 2019 жылға – 8,3 млрд. теңге;
  2. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру 2019 жылға – 158,6 млрд. теңге;
  3. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту 2019 жылға – 144,8 млрд. теңге;
  4. Басқаларға 2019 жылға – 17,6 млрд. теңге.

 

2019 жылға шығыстар өз кезегінде мыналарды іске асыруға бағытталған:

  1. «Тиімді мемлекеттік басқару жүйесін дамыту» бірінші стратегиялық бағыт – 8,3 млрд. теңге, оның ішінде:

1.1. 7,8 млрд. теңге – атқарушы органдардың төменгі қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 25%  арттыру туралы Мемлекет басшысының 2019 жылғы 27 ақпандағы "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде берген тапсырмасына сәйкес жергілікті деңгейде шамамен 37 мың мемлекеттік қызметшіні қамти отырып, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын арттыру;

1.2. 374,2 млн. теңге - бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу мен концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу;

1.3. 88,2 млн. теңге - БҰҰДБ-мен бірлескен «Мемлекеттік басқару жүйесін жақсартуға көмектесу» жобасын іске асыру.

  1. «Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру» екінші стратегиялық бағыт – 158,6 млрд. теңге, оның ішінде;

2.1. 39,6 млрд. теңге - жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайтуға байланысты жергілікті бюджеттің шығындарын өтеу;

2.2. 35,6 млрд. теңге – «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ-ға ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға нысаналы аударым;

2.3. 25,0 млрд. теңге – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ң «Ұлттық Индустриялық Мұнай-химия технопаркі» Арнайы экономикалық аймақ» инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы» жалғасатын жобаны іске асыру;

2.4. 11,3 млрд. теңге – жұмылдыру даярлығы, жұмылдыру және мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру іс-шараларын іске асыру;

2.5. 9,3 млрд. теңге - облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттерiне облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беру;

2.6. 7,8 млрд. теңге – «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасы аясында кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға және кепілдендіру;

2.7. 7,0 млрд. теңге - кәсіпкерлік объектілеріне инфрақұрылым тарту;

2.8. 6,9 млрд. теңге – жергілікті бюджеттік кіріс бөлігіне жоспарланғаннан толық түспеуіне байланысты қалыптасқан Маңғыстау облысы бюджетінің тұрақталуы;

2.9. 5,0 млрд. теңге - Әріптестік туралы негіздемелік келісім шеңберінде халықарылық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі жалғасатын 3 жобаны іске асыруды қамтамасыз ету;

2.10. 4,6 млрд. теңге - статистикалық ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз ету және ұлттық халық санағын жүргізу;

2.11. 4,3 млрд. теңге - «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсету, кәсіпкерлерді оқыту, ақпараттық сүймелдеу, оператор мен қаржы агенті көрсететін қызметтерге ақы төлеу, бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

2.12. 1,2 млрд. теңге - халықаралық ұйымдармен бірлесіп жалғасатын 2 жобаны іске асыру;

2.13. 816,1 млн. теңге - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету шеңберінде 8 зерттеу жүргізу және мүшелік жарна төлеу;

2.14. 153,3 млн. теңге - кәсіпкерлік саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.

 

  1. «Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту» үшінші стратегиялық бағыт – 144,8 млрд. теңге, оның ішінде:

3.1. 55,3 млрд. теңге – Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында моноқалалар мен өңірлерде іс-шараларды іске асыру;

3.2. 40,1 млрд. теңге – Шымкент қаласы әкімдігіне субвенция берілмеуіне байланысты Шымкент қаласын республикалық маңызы бар қалалар санатына жатқызуға байланысты ағымдағы шығындардың артуы;

3.3. 27,9 млрд. теңге – Ақмола облысының  және Астана, Алматы, Шымкент ірі қалаларының шеткі жақтарының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға;

3.4. 14,8 млрд. теңге - «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарды кредиттеу;

3.5. 5,0 млрд. теңге – Түркістан қаласына облыс орталығын көшіруіне байланысты қоныс аударған мемлекеттік қызметкерлер үшін қызметтік тұрғын үй сатып алуға;

3.6. 1,7 млрд. теңге – Шымкент қаласынан Түркістан қаласына мемлекеттік органдардың көшуіне және бюджеттік ұйымдардың орындарын ауыстыруларына байланысты шығындар.

 

  1. Басқалары – 17,6 млрд. теңге, оның ішінде:

4.1. 14,9 млрд. теңге - Орталық аппаратты, Комитеттерді және аумақтық департаменттерді ұстау;

4.2. 1,5 млрд. теңге - 16 талдамалық зерттеу жүргізу;

4.3. 518,2 млн. теңге - бюджеттік инвестицияны және концессияларды іске асыруға бағалау жүргізу;

4.4. 543,7 млн. теңге - халықаралық рейтингтік агенттіктердің Қазақстанның кредиттік рейтингісін қайта қарау немесе растау бойынша көрсететін қызметтеріне ақы төлеу;

4.5. 81,4 млн. теңге - ҚР заң жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жүргізу.

 

2019 жылға арналған ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бюджетін түзету
Дата публикации
18 декабря 2019