2019 жылға арналған
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бюджетін нақтылау бойынша АНЫҚТАМА
Министрлік бойынша 2019 жылға арналған нақтыланған бюджет жобасында мыналар көзделген:
Анықтама ретінде: Министрліктің 2019 жылға бекітілген бюджеті (бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды есепке алмағанда) 194,6 млрд.теңгені құрайды. Бюджетті нақтылау жобасын ескере отырып, бюджет 323,6 млрд. теңгеге дейін жеткізілді және 129,0 млрд.теңгеге немесе 39,8% - ға ұлғайды.
- Шығыстардың ұлғаюы – 132,9 млрд. теңге, оның ішінде:
- 48,5 млрд. теңге – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдеріне сәйкес, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде моноқалалар мен өңірлерде іс-шараларды іске асыруға;
- 30,0 млрд. теңге – Ақмола облысының және Астана, Алматы, Шымкент ірі қалаларының шеткі жақтарының әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға;
- 18,8 млрд. теңге – «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ-ға нысаналы аударымға;
- 10,0 млрд. теңге – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ газ турбиналы электр станциясында (ГТЭС) «Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымдық объектілерін салу» жалғасып жатқан жобасын іске асыруына, техникалық газ және су дайындау (СД) бойынша қондырғыларға (Техгаз);
- 9,0 млрд. теңге – «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 Жарлығына сәйкес, Түркістан қ.-сы мемлекеттік ұйымдарының қоныс аударған қызметкерлеріне қызметтік тұрғын үй сатып алуға;
- 9,0 млрд. теңге – атқарушы органдардың төменгі қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 25% арттыру туралы Мемлекет басшысының 2019 жылғы 27 ақпандағы "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде берген тапсырмасына сәйкес жергілікті деңгейде шамамен 37 мың мемлекеттік қызметшіні қамти отырып, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға;
- 4,2 млрд. теңге – электр және (немесе) жылу энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың, электр энергиясын беру және жабдықтау, жылу энергиясын өндіру, беру және онымен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы ұйымдардың инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялауға;
- 1,4 млрд. теңге – «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға;
- 613,2 млн. теңге – валюта бағамының өсуіне байланысты халықаралық ұйымдармен іс-шараларды іске асыруға және жаңа жобаларды қаржыландыруға;
- 141,0 млн. теңге – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің техникалық жабдықтарды жалға беруден бас тартуына байланысты, «е-Статистика» ақпараттық жүйесін техникалық қолдауды сүйемелдеу және қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;
- 1,2 млрд. теңге – өзге де іс-шараларға, оның ішінде:
1) 856,9 млн. теңге – аумақтық бөлімшелері бар Комитеттерді ұстауға;
2) 194,0 млн. теңге – 2 жаңа талдамалық зерттеу жүргізуге;
3) 161,2 млн. теңге – материалдық-техникалық жарақтандыруға;
4) 22,7 млн. теңге – бағамдық айырмаға байланысты Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің қызметін қамтамасыз етуге.
- 3,8 млрд.теңге сомасындағы шығыстарды азайту – 2020 жылы халық санағын өткізуге, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 20-12/245//19-377-2, ПИ- 19073 тапсырмасының негізінде өткізу мерзімдерін 2019 жылдан ауыстыруға байланысты.