2019-2021 жылдарға арналған ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бекітілген бюджеті

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2019 жылға арналған бюджет жобасын қарауы бойынша

АНЫҚТАМА

 

Министрлікке жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында 194,6 млрд. теңге сомасында шығыстар көзделген.

 

Бұл шығыстар мына үш стратегиялық бағытты іске асыру үшін қажет:

  1. Тиімді мемлекеттік басқару жүйесін дамыту – 733,2 млн. теңге;
  2. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру –122,9 млрд. теңге;
  3. Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту –
    54,5 млрд. теңге;
  4. Басқаларға – 16,4 млрд. теңге.

 

Тиісті бағыттарды іске асыруға 6 стратегиялық мақсат бойынша 30 нысаналы индикаторға қол жетізу көзделген және
30 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 18 бюджеттік бағдарлама іске асырылады.

 

Шығыстар өз кезегінде мыналарды іске асыруға бағытталған:

  1. «Тиімді мемлекеттік басқару жүйесін дамыту» бірінші стратегиялық бағыт – 733,2 млн. теңге, оның ішінде:

1) 645,0 млн. теңге – бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу мен концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу;

2) 88,2 млн. теңге – БҰҰДБ-мен бірлескен «Мемлекеттік басқару жүйесін жақсартуға көмектесу» жобасын іске асыру.

 

  1. «Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру» екінші стратегиялық бағыт – 122,9 млрд. теңге, оның ішінде:

1) 39,6 млрд. теңге – жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайтуға байланысты жергілікті бюджеттің шығындарын өтеу;

2) 30,0 млрд. теңге – «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасы аясында кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға және кепілдендіру;

3) 15,0 млрд. теңге – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ң «Ұлттық Индустриялық Мұнай-химия технопаркі» Арнайы экономикалық аймақ» инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы» жалғасатын жобаны іске асыру;

4) 9,3 млрд. теңге – облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беру;

5) 8,8 млрд. теңге – статистикалық ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз ету және ұлттық халық санағын жүргізу;

6) 6,2 млрд. теңге – кәсіпкерлік объектілеріне инфрақұрылым тарту;

7) 5,5 млрд. теңге – Әріптестік туралы негіздемелік келісім шеңберінде халықарылық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі жалғасатын 3 жобаны іске асыруды қамтамасыз ету;

8) 3,8 млрд. теңге – «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерге сервистік қолдау көрсету, кәсіпкерлерді оқыту, ақпараттық сүймелдеу, оператор мен қаржы агенті көрсететін қызметтерге ақы төлеу, бизнес-инкубаторлар қызметін қолдау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

9) 2,4 млрд. теңге – «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ-ға ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға нысаналы аударым;

10) 1,2 млрд. теңге – халықаралық ұйымдармен бірлесіп жалғасатын 2 жобаны іске асыру;

11) 881,7 млн. теңге – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету шеңберінде 8 зерттеу жүргізу және мүшелік жарна төлеу;

12) 153,3 млн. теңге – кәсіпкерлік саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау.

 

III.«Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту» үшінші стратегиялық бағыт – 54,5 млрд. теңге, оның ішінде:

1) 33,8 млрд. теңге – Шымкент қаласы әкімдігіне субвенция берілмеуіне байланысты Шымкент қаласын республикалық маңызы бар қалалар санатына жатқызуға байланысты ағымдағы шығындардың артуы;

2) 14,8 млрд. теңге – «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарды кредиттеу;

3) 3,5 млрд. теңге – моноқалаларда 1 жалғасатын және 7 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру;

4) 2,4 млрд. теңге – Шымкент қаласынан Түркістан қаласына мемлекеттік органдардың көшуіне және бюджеттік ұйымдардың орындарын ауыстыруларына байланысты шығындар;

 

  1. Басқалары – 16,4 млрд. теңге, оның ішінде:

1) 13,7 млрд. теңге – штат саны 4 130 адам болатын Орталық аппаратты, Комитеттерді (1 140 адам) және аумақтық департаменттерді (2 990 адам) және Ресейдегі Сауда өкілдігін ұстау;

2) 2,0 млрд. теңге – 16 талдамалық зерттеу жүргізу;

3) 518,2 млн. теңге – бюджеттік инвестицияны және концессияларды іске асыруға бағалау жүргізу;

4) 101,0 млн. теңге – халықаралық рейтингтік агенттіктердің Қазақстанның кредиттік рейтингісін қайта қарау немесе растау бойынша көрсететін қызметтеріне ақы төлеу.

5) 100,8 млн. теңге – ҚР заң жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жүргізу.

 

2019-2021 жылдарға арналған ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бекітілген бюджеті
Дата публикации
27 марта 2019