ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық беру қағидалары:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Рейтингіні өткізудің ұйымдастырушысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – ұйымдастырушы) болып табылады.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындысын шығару жөніндегі комиссия туралы ережеде:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – ұйымдастырушы) өткізілген рейтингінің нәтижелері бойынша ұсынатын материалдарды қарау, бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды айқындау;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қосымша материалдарды қарау және балдардың жиынтық көлеміне түзету коэффициенттерін қолдану;»;
Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның құрамын:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі»
жолдан кейін:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы».
Қазақстан Республикасының
Президентi Қ. Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жыл
№