Халықаралық рейтингтік ұйымдардың 2025 жылға дейінгі
түйінді факторларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын арттыру және халықаралық рейтингтік ұйымдардағы позицияларын жақсарту мақсатында:
- Осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес халықаралық рейтингтік ұйымдардың 2025 жылға дейінгі түйінді факторларын бекіту
(бұдан әрі – Бекіту) бекітілсін.
- Бекітуде көрсетілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдары (келісу бойынша):
- түйінді факторларға уақтылы қол жеткізуді қамтамасыз етсін;
- 2020 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бекітуде көзделген рейтингтердегі түйінді факторларға қол жеткізу жөніндегі шаралар жоспарларын
(бұдан әрі – Шаралар жоспарлары) әзірлесін және ішкі актілерімен бекітсін;
- 2020 жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне осы тармақтың
2) тармақшасының орындалуы туралы ақпаратты жолдасын;
- есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Шаралар жоспарларының орындалуы туралы ақпаратты ұсынсын.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ұсынылған ақпаратты қорытып, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың
25-күніне дейінгі мерзімде жартыжылдық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметін Шаралар жоспарларының орындалу барысы туралы хабардар етсін.
- Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә.А. Смайыловқа жүктелсін.
Премьер-Министр А. Мамин