«Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1.

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бұдан әрі – Жоба).

2.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

3.

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздемелер

(тиісті НҚА-ға немесе тапсырмаға (болған жағдайда) сілтеме жасай отырып)

Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының
2-тармағына сәйкес әзірленді.

4.

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Енгізілетін өзгерістер объектілер мен жобалар тізбесін өзектендіруге бағытталған.

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Бұйрық жобасының мақсаты – мемлекеттік инвестициялық жобалармен әлеуметтік және экономикалық маңызы бар объектілерді қамту үшін объектілер мен жобалар тізбесін кеңейту.

 

6.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

 

Дата публикации
02 октября 2026