ТМД мемлекеттеріндегі шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі Кеңестік кеңес бойынша анықтамалық ақпарат

ТМД мемлекеттеріндегі шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі Кеңестік кеңес (бұдан әрі - Кеңес) 1997 жылғы 17 қаңтардағы ТМД мемлекеттеріндегі шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту туралы Келісімге (бұдан әрі - Келісім) сәйкес құрылды.

Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары мыналар:

- шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласында үйлестірілген саясатты әзірлеу;

- шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік және қоғамдық қолдаудың кешенді жүйесін қалыптастыруға, шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымының негізгі элементтерін, бірлескен кәсіпкерлік қызметтің жаңа, тиімдірек формаларын дамытуға жәрдемдесу;

- шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуы үшін мемлекетаралық және ұлттық несие-қаржы институттарын, лизингтік, инвестициялық және басқа да қорлар мен құрылымдарды құруға қатысу;

- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін қолдауды ұйымдастыру, соның ішінде шағын кәсіпкерлік саласындағы сауда-экономикалық, өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық және инвестициялық ынтымақтастық үшін қолайлы климат жасау бойынша ұсынымдар әзірлеу, оның мүдделерін қорғау;

- Тараптардың шағын кәсіпкерлік туралы заңнамасын жақындату, салық салудың, есептілік пен есепке алудың жеңілдетілген жүйесін қолдану бойынша ұсынымдар әзірлеу;

- ТМД мемлекеттерінде шағын кәсіпкерлік үшін біріңғай ақпараттық кеңістікті құру, Тараптардың тиісті ақпараттық мәліметтер базаларына қол жеткізу бойынша ұсыныстар әзірлеу және жәрдемдесу.

Кеңес отырыстары жылына кемінде екі рет өткізіледі. Олардың өткізілу мерзімдерін Кеңес белгілейді.

Кеңестің жұмыс тілі - орыс тілі. Кеңестің орналасқан жері – Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы.

Дата публикации
28 сентября 2026