Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына мүше мемлекеттердің өңіраралық және шекара маңындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңесі туралы анықтама

Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына мүше мемлекеттердің өңіраралық және шекара маңындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) 2008 жылғы 10 қазандағы ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына мүше мемлекеттердің өңіраралық және шекара маңындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңесі туралы келісімімен құрылды.

Кеңестегі төрағалықты Келісімге әрбір мүше мемлекет ротация принципі бойынша орыс әліпбиі ретімен бір жылдан аспайтын мерзімге өз өкілі арқылы кезекпен жүзеге асырады.

Кеңес келесі функцияларды атқарады:

ТМД-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік басқару, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, заңды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдарының ұсыныстарын ескере отырып, Келісімге мүше мемлекеттердің өңіраралық және шекара маңындағы ынтымақтастығының басым бағыттарын айқындау, тұжырымдамалық және практикалық мәселелерін қарау;

өңіраралық және шекара маңындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

ТМД мемлекет басшылары кеңесінің, ТМД үкімет басшылары кеңесінің және ТМД-ның салалық ынтымақтастық органдарының отырыстарында қарау үшін өңіраралық және шекара маңындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар дайындау;

өңіраралық және шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша Келісімге мүше мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарын нормативтік-құқықтық реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Дата публикации
28 сентября 2026