«Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрық жобасы

НҚА жобасын «Ашық НҚА» порталында орналастыруға арналған

НЫСАН

1.

НҚА жобасының атауы

(НҚА түрін көрсете отырып)

«Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба).

2.

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.

3.

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса))

Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес әзірленді.

4.

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобада хабарлама нысанын өзектендіру, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар тізімін заңнама талаптарына сәйкес келтіру қарастырылған

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

2026 жылғы қазан, қараша.

6.

НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-құқықтық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді.

 

 

Дата публикации
25 сентября 2026