|
«Ашық НҚА» порталында НҚА жобаларын орналастыруға арналған НЫСАН |
||
|
1. |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Айналым қаражатын толықтыруға арналған жобалар бойынша субсидиялау қағидаларын және Мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба). |
|
2. |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі. |
|
3. |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздемелер (тиісті НҚА-ға немесе тапсырмаға (болған жағдайда) сілтеме жасай отырып) |
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 99-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді. |
|
4. |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жобамен жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту мақсатында айналым қаражатын толықтыру жобалары бойынша субсидиялау және мемлекеттік гранттар беру көзделеді. |
|
5. |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Жеке кәсіпкерлік субъекттерін қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету және мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін арттыру. |
|
6. |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар |
Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарларға әкеп соқпайды. |