«Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің жобасы
|
1. |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)
|
«Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба). |
|
2. |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі. |
|
3. |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)) |
Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес әзірленді
|
|
4. |
НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жобамен хабарлама нысанын толықтыру, заңнама талаптарын сәйкестендіру, сонымен қатар сілтемелерді жаңарту көзделеді |
|
5. |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
2026 жылғы шілде, тамыз. |
|
6. |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар |
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-құқықтық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді. |