«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің бұйрық жобасы
|
1. |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының – Ұлттық экономика министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба). |
|
2. |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі. |
|
3. |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса) |
«2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы 2026 жылғы 17 наурыздағы № 1206 Жарлығының 8-тармағына сәйкес әзірленді. |
|
4. |
НҚА жобаларының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жобамен Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру көзделеді. |
|
5. |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
2026 жылғы маусым. |
|
6. |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар |
Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. |