Жобаны НҚА порталында орналастыруға арналған нысан

Жобаны НҚА порталында орналастыруға арналған нысан

 

 

1

НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
– Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы
16 маусымдағы №52 бұйрығына,
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы
25 қарашадағы №713 бұйрығына, «Жергілікті атқарушы органдардың 2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы
15 наурыздағы №33 бұйрығына және «Берілетін инвестициялық преференциялардың тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 15 қазандағы
№106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба).

2

Әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі.

3

НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға (бар болса) сілтеме жасай отырып)

«2026 жылғы 15 наурызда қабылданған
Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің
2026 жылғы 17 наурыздағы № 1206 Жарлығының 8-тармағына сәйкес әзірленді.

4

НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы

Жобамен Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, сондай-ақ редакциялық түзетулер көзделеді.

5

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

6

НҚА жобасын қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 

Жобаны НҚА порталында орналастыруға арналған нысан
Дата публикации
03 июня 2026