«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру және мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру және мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты

 

  1. Проблеманың сипаты:

 

Р/с

№

 

Проблемалық мәселе

Туындаған проблеманың негізгі себептері

 

Сипатталатын проблеманың деңгейі мен маңыздылығын көрсететін талдамалық мәліметтер

 

Проблеманы өлшеу тәсілдері

 

1

«Бизнес-процесс» ұғымын заңнама деңгейінде енгізудің қажеттігі.

Заңнама деңгейінде тиісті ұғымның болмауы.

Бизнес-процестердің толық әрі ауқымды өзгерісі, оның ішінде тапсырмаларды өзгеге беруге, оларды келісу кезеңдері мен каскадтарын қысқартуға, жауаптылықты дербестендіруге бағытталған өзгерісі мемлекеттік аппарат қызметі реформасының маңызды бағытына айналуға тиіс.

Мемлекеттік органдардың осы жұмысты сапалы орындауына жігер беріп, мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін артық регламенттеуден жүйелі сипаттауға, оңтайландыру мен автоматтандыруға көшуін қамтамасыз ету қажет.

Өз кезегінде регламенттеуді қамтамасыз ету үшін «бизнес-процесс» ұғымын заңнама деңгейінде айқындау қажет.

 

Сипатталатын проблема құқықтық сипатқа ие.

2

Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның құзыретін, өкілеттіктерін, функциялары мен міндеттерін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға заңнама деңгейінде құзыреттерінің болмауы.

Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның құзыретін, өкілеттіктерін, функциялары мен міндеттерін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдау бойынша құзыретінің регламенттелмеуі.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК)
41-бабына сәйкес мемлекеттік органның құзыреті, өкілеттіктері, функциялары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, өзіне қатысты жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

Бұлреттепрактикамемлекеттік органның мақсаттары,құқықтары,міндеттері,функциялары,құзыретікөрсетілетінжергіліктібюджеттенқаржыландырылатынатқарушыоргандардыңережелерінжергіліктіатқарушыоргандарбекітетінін көрсетеді.

Ұсынылып отырған өзгерістер жергіліктіатқарушыоргандардың жергіліктібюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың құзыретін,өкілеттіктерін,функцияларыменміндеттерін айқындайтын тиістінормативтікқұқықтықактілердіқабылдауымәселесінрегламенттеугемүмкіндік береді.

 

Сипатталатын проблема құқықтық сипатқа ие.

3

Заңнаманың жекелеген нормаларын қайта қарау жолымен мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру тәсілдері мен тетігін оңайлатудың қажеттігі.

Қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру жолдарын (тәсілдерін) және тетіктерін қайта қарау бойынша жолданымдардың бірнеше рет келіп түсуі.

Мемлекеттікоргандардыңфункцияларынбәсекелесортағаберурәсіміноңайлатумақсатында ӘРПК-нің жекелегеннормаларықайтақараудыталап етеді.

Мәселен, ӘРПК-нің 57-бабынасәйкесорталықжәнежергіліктіатқарушыоргандардыңмемлекеттікфункцияныбәсекелесортаға беру ниеті болған жағдайда көп сатылырәсімненөтуталап етіледі. Атап айтқанда, берілуге тиісфункциялардыіріктеужүзеге асырылады, нарықтыңәзірлігінеталдау жүргізіледі, функциялардыбәсекелесортағаберужөніндеұсыныстарқалыптастырылып,мемлекеттікбасқаружүйесіндамытусаласындағыуәкілеттіорганға(бұдан әрі –уәкілеттіорган)жіберіледі,сондай-ақ оңтайландырутұрғысынанесептеужүргізіліп, кейінненуәкілеттіоргандакелісіледі.

Бұдан әрі функцияларды беру нарық әзір болған жағдайда Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына шығарылады.

Көрсетілген рәсімдер ұзақ және көлемді болып табылады.

Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру тетігін оңайлату мақсатында функцияларды бәсекелес ортаға беру әдістері мен рәсімдерін оңайлату ұсынылады, оның ішінде кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия ол бойынша шешім қабылдаған жағдайда өзін-өзі реттеуді енгізу тәсілімен функцияларды беру мәселелерін Комиссияның қарауына шығармау ұсынылады.

Осыған байланысты, ӘРПК-ге тиісті түзетулер енгізу талап етіледі.

 

Сипатталатын проблема ұйымдастырушылық-құқықтық сипатқа ие.

 

4

Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беруді іске асыруда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҰКП) мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру талап етіледі.

ҰКП тарапынан мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру туралы ұсынысты енгізудің нақты тетігінің болмауы.

Мемлекеттік органдардыңмемлекеттікфункцияларынбәсекелесортағаберупроцесібірнешекезеңненөтеді,оғанмыналаркіреді:орталықжәнежергіліктіатқарушыоргандардыңбәсекелесортағаберугеарналғанмемлекеттікфункциялардыіріктеументалдауды жүргізуі, бәсекелесортағаберугеарналғанфункциялардыңтізбесінқалыптастыружәнеәрбірфункция бойынша паспорттытолтыру, функциялардыңтізбесіменпаспортын мемлекеттік басқару жүйесіндамытусаласындағыуәкілеттіорганғақарауға жіберу, мемлекеттікфункциялардыбәсекелесортағаберудіңорындылығытұрғысынан мемлекеттік органдарменжұмысконсультациясынжүргізу, нарықтыңәзірлігінталдау, мемлекеттікфункцияларды беру бойынша материалдардыКомиссияныңқарауынашығару.

Бұл ретте, мемлекет пен бизнестің өзара
іс-қимылын арттыру үшін «Атамекен» ҰКП-ға бәсекелес ортаға беру тұрғысынан одан әрі қарау үшін орталық және жергілікті атқарушы органдарының функцияларының тізбесін жасау ұсынылады.

 

Сипатталатын проблема ұйымдастырушылық-құқықтық сипатқа ие. 

 

5

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде орталық мемлекеттік және (немесе) атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына өтініш берушілердің жолданымдары бойынша жауаптарға сұрау салынатын ақпарат мемлекеттік органның интернет-ресурсында бар болған жағдайда қол қою құқығын беру жөніндегі норманы заңнама деңгейінде белгілеудің қажеттігі.

 

Орталық мемлекеттік және (немесе) атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі басшысының өтініш берушіге жауап беру құзыретін регламенттейтін заңнамалық нормалардың болмауы.

«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Мемлекет басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асыру үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының өтініш берушілердің жолданымдары бойынша жауаптарға қол қою өкілеттіктерін мемлекеттік органның электрондық ақпараттық ресурстарына сілтеме жасай отырып, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына беру ұсынылады.

 

Сипатталатын проблема ұйымдастырушылық-құқықтық сипатқа ие. 

 

6

Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру жөніндегі реформаны жалғастыру

Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту мақсатында Үкімет функцияларының бір бөлігін мемлекеттік органдарға беру жөніндегі жұмысты жалғастыру талап етіледі.

«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын орындау үшін мемлекеттік басқару деңгейлері арасында мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыруға бағытталған әкімшілік реформа жүзеге асырылуда.

Осылайша, «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, оларда құзыреттерді заңнама деңгейінде белгілеу бөлігінде мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыру және мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту көзделді.

Әкімшілік реформаны жалғастыруда Үкіметтің, оның ішінде экология, ветеринария, энергия үнемдеу, сондай-ақ денсаулық сақтау, мәдениет, азаматтық авиация саласындағы функцияларын салалық орталық мемлекеттік органдарға беру көзделеді.

 

Мәселе ұйымдастырушылық-құқықтық сипатқа ие.

 

 

 

 

 

  1. Ағымдағы жағдайды талдау, ұлттық реттеумен неғұрлым ұқсас әлемдік тәжірибені салыстырып тексеру:

 

Р/с
№

Ағымдағы жағдай

Халықаралық тәжірибе

1

Заңнамалықдеңгейде «бизнес-процесс» ұғымыжоқ.

Ұғымды бекіту мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысын реттеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Бизнес-процесс»ұғымыныңкөптегенанықтамаларыбар.

Бұл ретте, ұғымның мәні бір – бұл тұтынушы үшін құндылығы бар бір нәрсені жасау үшін жұмыскерлер орындайтын дәйекті әрекеттер.

Мемлекеттік органдардың функцияларын одан әрі ретке келтіру шеңберінде келесі кезеңге – ведомствоішілік мүдделерге емес, халық пен бизнестің қажеттіліктеріне бағдарланған функцияларды құру үшін мемлекеттік аппараттағы бизнес-процестерді өзгертуге, тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимылды ескере отырып, қоғамдық игіліктерді құруға және әділ бөлуге көшу қажет.

 

2

Заңнаманың қолданыстағы нормасы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың құзыретін, өкілеттігі мен міндеттерін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жергілікті атқарушы органдардың құзыретін көздемейді.

 

Бірқатарелдерде(атап айтқанда,Италияда)орталықмемлекеттікбасқаруоргандарыныңфункцияларыфункционалдылықпенқаржылыққамтамасыз ету шарттарынсақтайотырып, өңірлікжәнежергіліктідеңгейгеберілді.Өңірлікжәнежергілікті билік органдарыәртүрліқұрылымдардың жұмыс істеуіжәнеолардыңқызметінреттеуүшінөзнормаларынбелгілеуқұқығынаие болды.

 

3

Мемлекеттікфункциялардыбәсекелесортағаберудіңқолданыстағытетігіментәсілдерінқайта қарау талап етіледі.

Мәселен, ӘРПК-ға сәйкесмемлекеттікфункцияларды беру процесі көп сатылырәсімненөтудіталап етеді. Атап айтқанда,бәсекелесортағаберугеарналғанмемлекеттікфункциялардыіріктеудіжүргізу, бәсекелесортағаберугеарналғанфункциялардыңтізбесінқалыптастыружәнеәрбірфункция бойынша паспорттытолтыру, уәкілеттіорганныңқарауынафункциялардыңтізбесіменпаспортынжіберу, мемлекеттікфункциялардыбәсекелесортаға берудіңорындылығытұрғысынан мемлекеттік органдарменжұмысконсультациясынжүргізу,нарықтыңдайындығынталдауды жүзеге асыру, Орталықжәне(немесе)жергіліктіатқарушыоргандардың функцияларын бәсекелесортағаберумәселелеріжөніндегікомиссияныңқарауынамемлекеттікфункциялардыберужөніндегіматериалдардышығару.

Көрсетілген рәсімдер мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру процесінің созылуына әкеледі.

Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру немесе жекешелендіру процесі көптеген елдердің қазіргі экономикалық саясатындағы негізгі үрдістердің бірі болып табылады. Бұл құбылыс мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, бюджетке түсетін жүктемені азайтуға және жеке сектордың дамуын ынталандыруға деген ұмтылысқа байланысты.

Мысалы, АҚШ пен Финляндияда мемлекеттік функцияларды беру модельдерін салыстырмалы зерттеу осы елдердің жеке секторға өкілеттіктер беру тәсілдеріндегі айтарлықтай айырмашылықтарды анықтады.

Айталық, Финляндия муниципалитеттері тиімділікті арттыру және мүдделер қақтығысын болғызбау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өндіруші мен берушінің функцияларын бөле отырып ұсынады. Олар қызмет көрсетуші арасында бәсекелестік туғызып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді нарықтық тетік арқылы ұсынуды қолданады, бұл тұтынушылар таңдауының әралуандығын жақсартады, инновацияларға ықпал етіп, шығындарды азайтады.

Сингапурде жеке сектор өзінің тәжірибесіне немесе тиімділігіне байланысты оларды ұсынуға дайын болса, мемлекеттік сектор, әдетте, белгілі бір көрсетілетін қызметтерді немесе функцияларды аутсорсингке береді. Бұл тәсіл мемлекеттік секторға жеке сектордың мүмкіндіктері мен әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді, ал мемлекеттік сектор ресурстарды түйінді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен функцияларға шоғырландырады.

Канадада да халыққа қызмет көрсетуді жеңілдету үшін цифрлық сервистер қарқынды дамып келеді. Электрондық оқытуды дамыту бағдарламалары, медициналық ұйымдардың көрсетілетін қызметтеріне электрондық қолжетімділік бұған мысал бола алады.

 

4

Мемлекеттікфункциялардыбәсекелесортағаберудіңқолданыстағытәртібінесәйкесорталықжәнежергіліктіатқарушыоргандаржылсайынбәсекелесортағаберугежататынфункциялардыіріктеудіжүзеге асырады.

Бұлретте, практика көрсетіп отырғандай,мемлекеттікоргандарөзфункцияларынбәсекелестікортағаберугемүдделіемес.

Осыған байланысты, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын арттыру үшін бизнеске оларды бәсекелестік ортаға беру туралы қарау үшін мемлекеттік органдардың функцияларын таңдауды ұсыну бөлігінде қолданыстағы тетікті қайта қарау ұсынылады. 

 

1998 жылы АҚШ-та «Федералдық қызметті түгендеуді реформалау туралы» Заң (бұдан әрі – Заң)қабылданды, ол жыл сайынмемлекеттікфункцияларғаталдау жүргізудіжәнеқоғамдықмүдделергенұқсан келтірместен жекесекторғаберілуімүмкін функцияларды анықтаудыміндеттейді.Осылайша,АҚШ мемлекеттікбасқарудыңтиімділігінарттыра отырып, мемлекеттікжәнекоммерциялықфункциялардыңтиімдібөлінуінқамтамасыз етеді.Түгендеунәтижесіндежекешелендіругежататынұйымдарменжекелегенфункциялардыңтізіміайқындалатынболады.

Заң бірқатар функцияларды жеке секторға беру арқылы мемлекеттік басқаруды оңтайландыруға бағытталған.

5

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында қолжетімді ақпаратты беру туралы сұрау салуға жауаптарды мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі басшысының деңгейінде жіберу тәртібін регламенттеу қажет.

Жаңа Зеландиядағы қоғамның патерналистік көзқарасын қайта қарау бюрократия деңгейін төмендетуге және мемлекеттің халыққа қызмет көрсетуін арттыруға бағытталған реформалардың мысалы болды. Жаңа Зеландия мемлекеттік аппаратын бюрократизациялау үкіметтің қызметіне жеке кәсіпорындардың жұмыс стилін енгізуге бағытталған. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінің экономикалық тиімділігіне бағдарланған. Жаңа Зеландияның мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі – жоғары деңгейде әзірленетін мемлекеттік шешімдер азаматтардың сұрау салуларын шешу оны іске асыру нысанында еркін таңдауы бар үкіметтік құрылымдар үшін тапсырмалар түрінде төмен тұрған деңгейге беріледі.

 

6

Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыруға, атап айтқанда Үкімет функцияларын салалық мемлекеттік органдарға беруге бағытталған реформаны жалғастыру қажет

Ұлыбританияда мемлекеттік органдардың (министрліктердің, ведомстволардың және агенттіктердің) қызметі саясатты қалыптастыру функциясымен шектеледі, ал көрсетілетін қызметтерді ұсыну және басқа да қызмет түрлері атқарушы органдардың құзыретіне кіреді. Бұл елдің тәжірибесі жаңа мемлекеттік басқару (New Public Management) тұжырымдамасын іске асырудың белгілі мысалы болып табылады.

 

  1. Сипатталған мәселені шешудің ұсынылатын жолдары:

 

Р/с №

Шешім

Артықшылықтары

Кемшіліктері

1

Бірінші және екінші бөлімдерде баяндалған ақпаратты ескере отырып, заңнамалық актілерге орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелестік ортаға беру тетігі мен тәсілдерін қайта қарау, «бизнес-процесс» ұғымын енгізу, Үкіметтің функцияларын салалық мемлекеттік органдарға беру бөлігінде түзетулер ұсынылады.

Нарық субъектілерінің әзірлігін және бәсекелестіктің дамуын ескере отырып, мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру тиімділігін арттыру, олардың мониторингін қамтамасыз ету бойынша жұмыс күшейтілетін болады.

Бұл үшін заңнаманың жекелеген нормаларын қайта қарау арқылы мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру процесі мен тәсілдерін оңайлату жоспарлануда.

Бұдан басқа, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершіліктің аражігін ажырату осы жұмыстың маңызды бағыты болады. Атап айтқанда, Үкіметтің функцияларын салалық орталық мемлекеттік органдарға, оның ішінде салалық ОМО әзірлеуші болып табылатын НҚА-ны бекіту функцияларын беру көзделуде.

 

Жоқ

 

 

  1. Ұсынылатын шешім жолдарының мыналарға әсері:

 

 

Артықшылықтары

Кемшіліктері

1. Әлеуметтік дамуға (адами капиталды өлшеу деңгейі)

 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңнама нормаларын қолдану арқылы әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру.

 

Жоқ

2. Кәсіпкерлікті дамытуға

 

Азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік билік пен бәсекелес орта арасындағы өзара байланысты жақсарту.

 

Жоқ

3. Мемлекеттік билік органдарына

Орталық мемлекеттік және атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі басшысының өтініш берушілердің өтініштеріне өз қолымен жауап беруге өкілеттігін регламенттеу.

Жергілікті атқарушы органдарға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның құзыретін, өкілеттіктерін, функциялары мен міндеттерін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға өкілеттік беру.

 

Жоқ

4. Экономикалық жүйеге

 

Нарықтық бәсекелестікті дамыту

Жоқ

5. Экологиялық ортаға

 

Жоқ

Жоқ

6. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлеміне

 

Жоқ

Жоқ

7. Өзге

Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру рәсімдері мен тәсілдерін оңтайландыру

Жоқ

 

  1. Ұсынылатын шешу жолын енгізуден күтілетін нәтижелер:

 

Р/с №

 

Ағымдағы көрсеткіштер

 

Нәтиже

 

Мерзім (негіздеме)

 

1

Іс жүзінде ӘРПК нормалары мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнаманың арасында қайшылықтардың болуы.

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру рәсімдері мен тәсілдерін оңтайландыру құқықтық қайшылықтарды жоюға алып келеді.

 

2026 жыл

2

Қолданыстағы заңнамада «бизнес-процесс» ұғымы жоқ

 

Көрсетілген ұғымды заңнамалық бекіту

2026 жыл

3

Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі басшысының жеке және заңды тұлғалар сұратқан ақпаратты мемлекеттік органның интернет-ресурстарында болған жағдайда беруге өкілеттігінің болмауы.

Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының өкілеттіктерін мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына мемлекеттік органның интернет-ресурсына сілтеме жасай отырып, өтініш берушілердің өтініштері мен сұрау салулары бойынша жауаптарға қол қоюға беру

2026 жыл

 

  1. Заңнамалық реттеу жағдайында іс-қимыл алгоритмдерін көрсете отырып іске асыру тетіктері (институционалдық және ұйымдастырушылық іс-шаралар):

 

Іс-Шаралар

Мерзім

Жауапты мемлекеттік орган (лауазымды тұлға)

Бюджет

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру және мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

2026 жыл

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика вице-министрі

А.К. Дарбаев

Талап етілмейді

 

  1. Ықтимал тәуекелдер:

 

Ықтимал тәуекелдер (оның ішінде әлеуметтік тәуекелдер)

 

Ықтимал тәуекелдердің себептері

Тәуекелдерді басқару жүйесі

Жоқ

Жоқ

Жоқ

 

  1. Жария талқылауға арналған нысаналы топтар:

Азаматтар, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар

 

  1. Жария талқылау тәсілі:

Консультативтік құжат жария талқылау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады

 

  1. Жария талқылау нәтижелері.

 

Р/с

№

Ұсынылатын шешім

Жұртшылықтың (нысаналы топтардың) қатынасы

 

 

 

 

 

  1. Заң жобасының құрылымы мен мазмұны (заңнамалық актіні әзірлеу қажеттігі туралы шешім қабылданған жағдайда).

(мәтін)

Заң Жобасы 2-баптан тұрады:

1-бап. Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

  1. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
  2. Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексі;
  3. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
  4. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі;
  5. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі;
  6. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Кодексі;
  7. «Қазақстан Республикасының Экология кодексі» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кодексі;
  8. «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы;
  9. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
  10. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
  11. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
  12. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
  13. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
  14. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;
  15. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
  16. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
  17. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
  18. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы;
  19. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы;
  20. «Өсімдіктер дүниесі туралы» 2023 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.

2-бап. Заңды күшіне енгізу тәртібі.

 

  1. Оларды қайта қарау мерзімдерін көрсете отырып, енгізілетін реттеудің тиімділігін бағалау индикаторлары

Жоқ.

Дата публикации
06 мая 2026