Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде 2025 жылдың ІV тоқсанында жұмыс тобы Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаментінің (бұдан әрі – ИСҚСД) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауды қамтитын ұйымдық-басқару қызметінде, сондай-ақ осы департамент әзірлеушісі болып табылатын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша, ИСҚСД-ның қызметінде көрсетілген бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.