Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың қорытындысы бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдар тізбесі
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшырайтын лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Директор-мемлекеттік аудитор |
Департаменттің қызметіне басшылық жасау және үйлестіруді жүзеге асыру |
Мүдделер қақтығысы. Лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланумен/теріс пайдаланумен байланысты тәуекелдер. Жеке мәселелерін шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалануы |
|
Еңбек жағдайларын жасау, қызмет бабында ілгерілету |
«Ыңғайлы» немесе «ыңғайсыз» жағдайлар жасау ықтималдығы, қызмет бойынша қажетті игіліктерді (материалдық көтермелеулерді, демалыстарды және басқаларды) таңдап беру, тәртіптік жазаларды негізсіз қолдану, қызметте ілгерілету кезінде меритократия қағидатын сақтамау |
||
|
Министрлікте, ведомствода және оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында заңнамада белгіленген тәртіппен, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша ішкі тиімділік және сәйкестік аудитін жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету |
Бұзушылықтарды анықтамау бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
||
|
2 |
Директордың орынбасары- мемлекеттік аудитор |
Департамент директоры болмаған кезеңде оны алмастыру |
Лауазымдық өкілеттіктерді асыра/теріс пайдалану Жеке мәселелерін шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалануы |
|
3 |
Басқарма басшылары- мемлекеттік аудиторлар, бас срапшылар- мемлекеттік аудиторлар |
Мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарт талаптарын орындаудың, оның ішінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің мерзімдері, көлемі, бағасы, саны мен сапасы бойынша сәйкестік аудитін жүргізу
|
Бұзушылықтарды анықтамау бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Аудит жүргізу кезінде көзделмеген құжаттарды талап ету мүмкіндігі |
|
Тиісті мемлекеттік органда тауарлық-материалдық қорлардың және өзге активтердің сақталуын тексеруді жүзеге асыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын тексеру |
Дұрыс емес мәліметтерді растау мүмкіндігі |