Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың қорытындысы бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшырайтын лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Директор |
Департаменттің мемлекеттік активтерін басқару саясатын қалыптастыру, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру жөніндегі қызметіне басшылық жасау және үйлестіруді жүзеге асыру |
Мүдделер қақтығысы. Лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланумен/теріс пайдаланумен байланысты тәуекелдер. Жеке мәселелерін шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалануы |
|
Еңбек жағдайларын жасау, қызмет бабында ілгерілету |
«Ыңғайлы» немесе «ыңғайсыз» жағдайлар жасау ықтималдығы, қызмет бойынша қажетті игіліктерді (материалдық көтермелеулерді, демалыстарды және басқаларды) таңдап беру, тәртіптік жазаларды негізсіз қолдану, қызметте ілгерілету кезінде меритократия қағидатын сақтамау |
||
|
2 |
Директордың орынбасары |
Департамент директоры болмаған кезеңде оны алмастыру |
Лауазымдық өкілеттіктерді асыра/теріс пайдалану Жеке мәселелерін шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалануы |
|
3 |
Басқарма басшылары |
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарды корпоративтік басқарудың тиімділігін бағалауды жүргізу |
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарды корпоративтік басқарудың тиімділігін бағалауды жүргізу кезінде көзделмеген құжаттарды талап ету |
|
4 |
Бас сарапшылар |
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру, оның ішінде тендер өткізу, сенімгерлік басқарушылармен шарттар жасасу тәртібін айқындау |
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру кезінде, оның ішінде тендер өткізу, сенімгерлік басқарушылармен шарттар жасасу тәртібін айқындау кезінде көзделмеген құжаттарды талап ету ықтималдығы |