Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс тобы 2024 жылдың ІІ тоқсанында Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің (бұдан әрі – МТБД) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауды қамтитын ұйымдық-басқару қызметінде, сондай-ақ осы департамент әзірлеушісі болып табылатын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша, МТБД-ның қызметінде көрсетілген бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.