
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің стратегиялық жоспарлау бойынша негізгі міндеттері - мемлекеттік органдардың мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу, келісу, мониторингілеу, талдау, бағалау және түзету бойынша жұмыстарын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарының негізгі бағыттары мен мақсаттарына сәйкес келу мәніне үйлестіру, стратегиялық жоспарлау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу және келісу, Мемлекеттік жоспарлау жүйесін әдіснамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, нәтижелерге бағдарланған Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру, елдің бәсекеге қабілеттілігі деңгейін арттыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру, халықаралық ұйымдармен және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдарымен стратегиялық даму бағыттары бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық бойынша жұмысты үйлестіру.