Кірістер.
Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша ауданның жергілікті бюджетіне 1003,9 млн. теңге немесе есепті кезең жоспарының 107,7% сомасында салық түсті. Жоспардан тыс 72,0 млн. теңге түсті, өсу қарқыны 114,2%.
Облыстық бюджетке 503,1 млн. теңге немесе жоспардың 100,0% 503,1 млн. теңге түсті. Өсу қарқыны 116,4%.
Өз табыстары 500,7 млн. теңге немесе 116,8 %, жоспардан 428,8 млн. теңге сомасында түсті. 72,0 млн. теңгені асыра орындау, өсу қарқыны 112,1%.
Шығындар.
Бюджеттің шығыс бөлігі 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша есепті кезеңге арналған жоспарға 90,8% - ға орындалды. Бюджет қаражатын игермеу 160,9 млн. теңге сомасында қалыптасты, оның ішінде: – 160,0 млн. теңге (РБ) - қаржыландырудың болмауы, оның ішінде:
70,0 млн. теңге - Солтүстік Қазақстан облысы,Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы (ТКШ)мекенжайы бойынша ӘЖ-0,4 кВ және КТПН 10/0, 4 құрылысы;
50,0 млн. теңге-Тимирязев ауылында (ТКШ)су қысымы құрылыстарының тарату желілері мен алаңдарын салу;
40,0 млн. теңге-Мичурин ауылында (ТКШ)тарату желілерін қайта жаңарту;
- 0,9 млн. теңге-бюджеттік бағдарламалардың барлық әкімшілері бойынша басқа шығыстар бойынша дөңгелектеу және үнемдеу есебінен.