Кірістер.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша ауданның жергілікті бюджетіне 840,2 млн. теңге немесе есепті кезең жоспарының 109,6% сомасында салық түсті. Жоспардан тыс 73,7 млн. теңге түсті, өсу қарқыны 116,7%.
Облыстық бюджетке 391,7 млн. теңге немесе жоспардың 100,8% 388,5 млн. теңге түсті. 3,2 млн. теңгені асыра орындау, өсу қарқыны 122,8%.
Өз табыстары 448,5 млн. теңге немесе 118,7 %, жоспардан 378,0 млн. теңге сомасында түсті. 70,5 млн. теңгені асыра орындау, өсу қарқыны 111,8%.
Шығындар.
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бюджеттің шығыс бөлігі есепті кезеңге арналған жоспарға 96,8% - ға орындалды. Бюджет қаражатын игермеу 45,3 млн. теңге сомасында қалыптасты, оның ішінде:
– 45,0 млн. теңге (РБ)-қаржыландырудың болмауы, Солтүстік Қазақстан облысы,Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы (ТКШ)мекенжайы бойынша ӘЖ-0,4 кВ және КТПН 10/0, 4 құрылысы;
- 0,3 млн. теңге-бюджеттік бағдарламалардың барлық әкімшілері бойынша өзге шығыстар бойынша дөңгелектеу есебінен.