Ауыл шаруашылығы. 2025 жылғы қаңтар-маусымда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2 млрд. 68,3 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 2024 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 106,2%.
2025 жылғы қаңтар-маусымда ет (тірі салмақта) өндірісі 919,2 тоннаны құрады, бұл 2024 жылғы тиісті кезеңге 104,5%, сүт 3049,4 тонна немесе 101,1 %, жұмыртқа – 2249,9 мың дана немесе 100,1% құрайды.
Ірі қара мал басы 9,1 мың басты (92,2%) құрады, оның ішінде сиыр 4,6 мың бас (98,7%), қой 29,9 мың бас (97,2%), ешкі 0,4 мың бас (117,6%), шошқа-8,3 мың бас (90,0%), жылқы-8,4 мың бас (95,4%%), құстар – 35,9 мың бас (94,2%).
Мал басының азаюы және ет өндірісі ауыл шаруашылығы жануарларын халықтың нақты санауымен және ауылдық округтердегі ӨИС базасы мен электрондық шаруашылық кітабын салыстырумен байланысты.
Өнеркәсіп. 2025 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2 млрд. 886,7 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 2024 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 123,2%.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2025 жылғы қаңтар-маусымда 2 млрд. 837,2 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 2024 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 123,9%.
Электр энергиясымен, бумен және ауаны баптаумен жабдықтау саласында 2025 жылғы қаңтар-маусымда көлемі 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 103,9% немесе 35,1 млн. теңгені құрады.
Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою саласында көлемі 14,4 млн. теңгені құрады, НКИ 90,2 %.
Инфляция коэффициентін қолдануға байланысты нақты көлем индексі төмендеді.
2025 жылғы қаңтар-маусымда бөлшек тауар айналымының көлемі 2 млрд.555,5 млн. теңгені немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге 102,4% -. құрады.
Инвестициялық қызмет. 2025 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға инвестициялар көлемі 4 млрд.411,4 млн. теңгені немесе 2024 жылғы ұқсас кезеңге 126,7% -. құрады, жеке инвестициялар 3 млрд. 789,1 млн. теңгені, НКИ -126% -. құрады.
Тұрғын үйді іске қосу. 2025 жылғы қаңтар-маусымда халықтың қаражаты есебінен 1322 шаршы метр тұрғын үй немесе 2024 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 119,5% пайдалануға берілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі. 2025 жылғы қаңтар-маусымда 918,3 млн. теңгені немесе 2024 жылғы қаңтар-маусым деңгейіне 148,7% құрады.