Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2025 жылғы қаңтарда 366 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 2024 жылғы қаңтардағы деңгейге 131,8%.
2025 жылғы қаңтарда ет (тірі салмақта) өндірісі 318,8 тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңіне 124,9%, сүт 178,6 тонна немесе 101,2 %, жұмыртқа – 92,1 мың дана немесе 100,1% құрайды.
Ірі қара мал басы 7,2 мың басты (89%) құрады, оның ішінде сиыр 4,1 (100,1%) қой 18,4 мың бас (96,1%), ешкі 0,32 мың бас (121,8 %), шошқа – 4,2 мың бас (80,1%), жылқы – 6,3 мың бас (93,1%), құстар – 36,8 мың бас (94,3%).
Мал басының азаюы халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын нақты есептеуімен және ауылдық округтердегі ӨИС базасын және электрондық шаруашылық бойынша есепке алу кітабын салыстырумен байланысты.
Өнеркәсіп. 2025 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 316,9 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 2024 жылғы қаңтардағы деңгейге 99,6%.
Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2025 жылғы қаңтарда 308,6 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 2024 жылғы қаңтардағы деңгейге 100%.
Электр энергиясымен, бумен және ауаны баптаумен жабдықтау саласында 2025 жылдың қаңтар айындағы көлем 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 90,4% немесе 6,7 млн. теңгені құрады.
Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою саласында көлемі 1,6 млн. теңгені құрайды, НКИ 60,4 %.
Көрсеткіштің төмендеуі инфляция коэффициентін қолдануға байланысты электрмен жабдықтау саласында және сумен жабдықтау саласында төмендеумен байланысты.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 2025 жылғы қаңтарда 315,5 млн.теңгені немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге 103,4% -. құрады.
Инвестициялық қызмет. 2025 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 843,3 млн.теңгені немесе 2024 жылдың ұқсас кезеңіне 123,9% -. құрады, жеке инвестициялар 843,3 млн. теңгені, НКИ -123,9% -. құрайды.
Тұрғын үйді іске қосу. 2025 жылдың қаңтар айында халықтың қаражаты есебінен 275 шаршы метр тұрғын үй немесе 2024 жылдың қаңтар деңгейіне 103,8% пайдалануға берілді.
Құрылыс жұмыстарының көлемі. 2025 жылдың қаңтар айында 0 млн. теңгені құрады. Өткен жылдағыдай.