2024 жылғы қазанға айындағы «СҚО Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша талдамалық анықтама

«СҚО Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ Мемлекеттік қызметтің бір түрін ұсынады – бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну.

«Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері:

1) көтерме жәрдемақы айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшеріне тең сомада (2024 жылғы қазанға 0 жәрдемақы берілді);

2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау-бюджеттік кредит (2024 жылғы қазанға 0 кредит берілді).

3) тұрғын үй құрылысын әлеуметтік қолдау-бюджеттік кредит (2024 жылғы қазанға 0 кредит берілді).

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімнің сайтында мемлекеттік қызметтер қойындысында жүргізіледі

https://www.gov.kz/memleket/entities/economy-timirazevo

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және кедергісіз орта құру мақсатында 2019 жылғы 23 желтоқсанда Тимирязев ауданы әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында «Ашық әкімдік» жобалық кеңсесі іске асырылды, онда бөлімнің мемлекеттік қызметіне қызығушылық танытқан азаматтарды қабылдау тиісті негізде жүргізіледі.

Есеп түзетулермен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі есептің бекітілген нысаны бойынша ұсынылады.

2024 жылғы қазанға айындағы «СҚО Тимирязев ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
29 января 2025