2024 жылғы 19 тамызда сағат 11:00-де Қарағанды агломерациясының құрамына кіретін қалалар, аудандар және ауылдық округтер әкімдіктерінің, Қарағанды облысының уәкілетті органдарының, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғалардың қашықтықтан қосылуын қамтамасыз ету арқылы Қарағанды агломерациясын дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспарының жобасы бойынша онлайн режимде Жария тыңдаулар өтеді.
Кешенді жоспардың жобасымен сайттардан танысуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/documents/details/703834?lang=ru
https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-economy?lang=ru
Қарағанды облысының экономика басқармасы сізді жоспарланған ZOOM конференциясына шақырады.
Тақырып: Қарағанды агломерациясын дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспарының жобасы.
Сондай-ақ, ұсыныстар 16.08.2024 жылға дейін 507550@krg.gov.kz электрондық мекенжайына қабылданады.
Анықтама бойынша телефон: 50-35-85
Сілтеме:
https://us04web.zoom.us/j/75160155711?pwd=VrdBEvubpSzkhnellcsL04dCpC0baC.1
Конференция идентификаторы: 751 6015 5711
Кіру коды: 112233
Хабарландыру
Құрметті Теміртау қаласының және Қарағанды облысының тұрғындары!
«Агломерацияларды дамыту туралы» 2023 жылғы 1 қаңтардағы № 181-VII ҚРЗ Заңына сәйкес бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданды: «Агломерациялардың тізбесі мен құрамын бекіту туралы» Үкіметтің 2023 жылғы 19 маусымдағы қаулысы, Мемлекеттік органдардың құзыретін, барлық деңгейдегі жұмысты регламенттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрықтары.
Қарағанды агломерациясы екінші деңгейдегі агломерациялардың республикалық тізбесіне енгізілді.
Қарағанды агломерациясының құрамына: Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск, Теміртау қалалары және Абай, Бұқар жырау және Осакаров аудандарының 28 елді мекені (Ақтау, Ақтас, Шахан, Долинка, Новодолинский, Қарабас, Топар, Құрма, Жұмабек, Дубовка, Көкпекті, Байқадам, Сарытөбе, Үштөбе, Сарыарқа, Құрылыс, Сокурское, Новостройка, Тоғызқұдық, Тасшоқы, Қарақұдық, Доскей, Трудовое, Новоузенка, Стан, Севан, Петровка, Қаратомар) кіреді.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ғылыми-талдамалық зерттеуін және салалық басқармалардың, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, «Сарыарқа» АЭА, «Qarmet» АҚ ұсыныстарын ескере отырып, Қарағанды агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы әзірленді.
Кешенді жоспар жобасымен Қарағанды облысының экономика басқармасының сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-economy/documents/details/672385?lang=ru.
Қазіргі таңда Кешенді жоспарға енгізу үшін жеке және заңды тұлғалардан ұсыныстар қабылдануда. Ұсыныстарды Қарағанды облысының экономика басқармасы қолма-қол не электрондық мекенжай бойынша жинайды: 5075502@krg.gov.kz.
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 23 маусымға дейін.
Ұсыныстар экономиканы дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін (азық-түлік белдеуі, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс индустриясы, рекреация, логистика және т.б.), сондай-ақ ұсынылған қаржыландыру көздерін, іс-шараларды іске асыру мерзімдерін көрсете отырып, инженерлік-көліктік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымды қоса бере отырып, қысқаша тұжырымдалуы тиіс.
Толығырақ ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: (8-7212) 50-35-85, 50-35-86.
Белсенді қатысқаныңыз үшін рақмет!
Хабарландыру!
Құрметті Теміртау қаласының тұрғындары!
Сіздерді 2021 жылғы 20 ақпаннан 10 наурызға дейінгі аралықта «Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде 2022 жылы іске асыру үшін ұсыныстардың қабылданатыны туралы хабардар етеміз.
Теміртау қаласының халық қатысатын бюджетінің мақсаты – азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде қаланы дамыту және аумағын көркейту.
Жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:
1) Жобалық ұсыныстың атауы жинақы, бір сөйлем шеңберінде жазылуы тиіс және ұсынылған Жобалық ұсыныс мақсатына қарама-қайшы келмеуі тиіс;
2) Жобалық ұсыныстар келесі өлшемшарттарға жауап беруі тиіс:
бір өтінім – бір объект;
қала тұрғындары үшін қолжетімділігі шектеусіз ортақ пайдалану объектісі;
объект оны іске асыру жоспарланып отырған қала аумағында және коммуналдық меншіктегі жер учаскесінде орналасуы тиіс;
3) Жобалық ұсынысты іске асыру Теміртау қаласы әкімдігі құзыретінің шегінде болуы тиіс.
Халық қатысатын бюджет шеңберінде мынадай жобалық ұсыныстар қарауға қабылданбайды:
1) жобалау-сметалық құжаттаманы іске асыруға ғана есептелгендері;
2) тұтас емес, фрагменттік сипаты бар (элементтерінің біреуін орындау келешекте қосымша элементтерді іске асыруды талап ететіні);
3) Теміртау қаласының бекітілген бағдарламасына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қарама-қайшы;
4) жеке коммерциялық сипаттағы ұсыныстарды іске асыруды көздейтіндері.
«Халық қатысатын бюджет» шеңберінде азаматтар әкімшісі «Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» болып табылатын іс-шаралар бойынша қалалық бюджет қаражатын бөлуге қатыса алады.
Жобалық ұсыныстарды іске асыру мерзімі бір бюджеттік жылдан аспауы тиіс.
Теміртау қаласының кәмелетке толған барлық тұрғындары өз ұсыныстарын жібере алады.
Ұсыныстарды Теміртау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы «Халық қатысатын бюджет» тарауына жіберуге болады. Қала тұрғындарының жария дауыс беруі іске асырылатын жобаларды анықтайды.
Жобалық ұсынысқа автор автор міндетті түрде шығыстардың болжамды немесе дәл сметалық есебін, сондай-ақ жобаның фотосын/ эскизін/үлгісін/сызбасын (олар интернет-ресурстан пайдаланылуы мүмкін) қоса береді немесе автор жобалық ұсынымды беру кезінде Интернет-ресурста іске асырылатын жобаны үлгілік жобалық ұсыныстар тізімінен алады, оған жоба эскиздері мен шығыстардың сметасы кіреді.