Қате төленген соманы бюджеттен қалай қайтаруға болады?
Өтініш беруші "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі"ММ-ге төлем туралы төлем құжатының көшірмесін қоса бере отырып, қате төленген сома туралы жазбаша өтініш береді. "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ осы Рәсімдерге 68-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды жасайды және қате төленген соманы қайтаруға төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін мемлекеттік кіріс органына ұсынады. Мемлекеттік кірістер органы бес жұмыс күні ішінде "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша мемлекеттік қазынашылық органына төлем тапсырмасын жасап, ұсынады.