Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің 2023 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Қаланың 2023 жылдың қаңтар-маусымындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары халықтың өмір сүру деңгейін және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын арттыруға бағытталған негізгі экономикалық даму көрсеткіштерімен сипатталады. Қала кәсіпорындары 515 млрд. 212 млн. теңгеге өнім өндірді немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне (596 млрд.35,2 млн. теңге, НКИ – 101,7%) 13,6%-ға төмендеді. Нақты көлем индексі 93,6% - ды құрады. Себебі: - дайын өнім транзиті бойынша логистикалық проблемалар; - «АМТ» АҚ негізгі экспорттық өніміне бағаның төмендеуі (ыстықтай және суықтай иленген жайпақ илек); - 2022ж.05.12. бастап ақпан айын қоса алғанда ҚР өңірлік энергия жүйесі орталығы тарапынан электр энергиясын берудің күн сайын шектелуіне байланысты, кәсіпорын төмендетілген параметрде жұмыс істеді; - кокс домна цехында болған 2023 жылғы 18 қаңтардағы авария және соның салдарынан кокс домна газының тапшылығы. Кәсіпорын кокс газының тапшылығы жағдайында жұмыс істеп тұр. № 2 көмір фабрикасының жұмысы тоқтатылды, бұл кокс өндірісінің төмендеуіне және нәтижесінде шойын, болат және прокат өндірісінің төмендеуіне әкеледі; - 2023ж.05.05. бастап МНЛЗ-2 де жөндеу (21 күн); - 2023ж.06.05. бастап «АМТ» АҚ домна пештері ЖЭО-ПВС-да бір қазандықтың жұмыс істеуіне байланысты төмендетілген өндірімділікпен жұмыс істеді. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі 97,6%-ды немесе 503 млрд. 21,3 млн. теңгені құрап отыр, 2022 жылдың сәйкес кезеңіне (583 млрд. 298 млн. теңге) 13,8%-ға төмендеді. Нақты көлем индексі 97%-ды құрады. Негізгі капиталға 29 млрд. 397,9 млн. теңге инвестиция салынды немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне (60 млрд. 989,6 млн. теңге, НКИ - 84,2%) 51,8%-ға төмендеді, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындар салған инвестициялар үлесі - 93,9% немесе 27 млрд. 617,9 млн. теңге, құрылыс кәсіпорындары – 1,6% немесе 482,9 млн. теңге, өзге кәсіпорындар – 4,4% немесе 1 297,1 млн. теңге. Нақты көлем индексі - 45,2%. Себебі: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қал құраушы кәсіпорнына салынған инвестициялардың көлемінің төмендеуі жабдықты жеткізу бойынша логистикалық проблемалармен байланысты («АМТ» АҚ кәсіпорнының жабдықтарын күрделі жөндеуді жүргізуге қажетті қосалқы бөліктер, бөлшектер); - 2022 жылғы маусымда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға салынған инвестициялар көлемінің 33,6 млрд. теңгеге күрт өскендігі байқалды (орташа айлық көлемі 3-тен 6 млрд.теңгеге дейін). Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға кәсіпорынның жеке қаражаттары есебінен 97,1%, жергілікті бюджет есебінен 2,5%, банк кредиттері есебінен 0,4% инвестиция салынды. Бөлшек сауда көлемі 15,7%-ға артты және 2022 жылдың сәйкес кезеңіне (45 млрд. 453,8 млн. теңге, НКИ - 100,8%) 52 млрд. 632,2 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі - 100,3%. 2023 жылдың басынан бастап Кәсіпкерлікті қолдау картасының іске қосылған жобаларымен жалпы 4 млрд. 127,9 млн. теңге сомасына немесе жалпы өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің 0,8%-ы (515 млрд. 212 млн.теңге) көлемінде өнім өндірілді. Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 13 173 бірлікті құрады, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 11 311. Шағын және орта кәсіпкерлікке қамтылғандар саны 32 276 адамды құрады, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 318 370 млн. теңге сомасына өнім өндірілді (2022 жылғы статистикалық деректер). 21 млрд. 553,6 млн.теңге сомасына құрылыс жұмыстары орындалды немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне (22 млрд. 977,7 млн. теңге, НКИ - 127,1%) 6,2%-ға төмендеді. Нақты көлем индексі - 89,8%. Себептері: «АМТ» АҚ аумағында құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемін орындайтын мердігер ұйымдардың орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсынбауы. 7 143 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 21,9%-ға төмендеді (9 149 ш.м.). Себептері: - бюджет қаражаты есебінен пайдалануға беруге дайын тұрғын үйдің болмауы; - жылу энергиясының тапшылығы, осыған байланысты жаңа құрылыс салуға техникалық жағдайлар ұсынылмайды. 453,8 млн. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне (410,6 млн. теңге, НКИ - 104%) 10,5%-ға өсті. Нақты көлем индексі - 87,8%, оның ішінде: - мал шаруашылығы – 449,7 млн. теңге немесе 113,7 %; - өсімдік шаруашылығы - 0,5 млн.теңге немесе 4,2%. Қой мен ешкі басы 7,3% - ға (3 807 бас), жылқы 37,7% - ға (3 807 бас), сондай-ақ мал шаруашылығы өнімін өндіру: тірі салмақтағы мал мен құс өсіру 1,2% - ға (74,1 тонна) өсті. Сонымен қатар жұмыртқа 9,2% - ға (108,9 мың дана), сүт өндіру 14,7%-ға (878,6 тонна), ірі қара мал басы 18,8% - ға (2 870 бас), құс басы 25,4% - ға (2 107 бас), шошқа басы 32% - ға (274 бас), сиыр басы 15,5% - ға (966 бас) төмендеді. Себептері: - ІМҚ (сиыр) басы кеміген, сәйкесінше сүт сауыны да азайған; - құс- балапан басатын тауық басы – жұмыртқа өндіру кеміген; - ІМҚ мал басы 666 басқа (18,8%), оның ішінде: сиыр 177 басқа (15,5%), сүт сауынының 151,8 тоннаға (14,7%), шошқа 129 басқа (32%), құс- балапан басатын тауық басының 716 басқа (25,4%) төмендеуі; - жеке қосалқы аулаларды 52 аулаға қысқаруы (2022 ж. 1.01. - 185 аула, 2023 ж. 01.01. - 133 аула). Мал мен құс басының азаюы жемшөптің қымбаттауына (жемшөп бидайы 87 000-нан 110 000 теңгеге дейін, шөп 45 000-нан 60 000 теңгеге дейін), жайылымдық жерлердің болмауына, шөп дайындау үшін шабындықтардың болмауына және өз қажеттіліктері үшін союға байланысты. 2022 жылы ЖК "Айкеев К." мал шаруашылығындағы қиындықтарға байланысты 150 бас ірі мүйізді қара сатылған. Сонымен қатар, Е. Белгібаевтың жеке қосалқы шаруашылығында ІМҚ 100-ден 42 басқа дейін қысқарған. Қала бюджетіне түсетін түсімдер көлемі 14 млрд. 524,7 млн. теңгені құрады. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдер 2 822,7 млн. теңгеге немесе 16,3% - ға төмендеді. Қала бюджетінің шығыс бөлігінің атқарылуы 10 млрд. 305,5 млн. теңгені құрады немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 27,3%-ға төмендеді (3 млрд. 877,2 млн. теңге). Ақтау қаласы мен кентіндегі балабақшалар саны - 22. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеумен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 5 944 бала немесе балалардың жалпы санының 63% - ы қамтылды - 9 439. 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту 4 688-ді немесе 100%-ды құрады. Қала мен Ақтау кентінің 30 жалпы білім беретін мектебінде 24 137 оқушы оқиды, мектептердің компьютерлік паркі 7 290 бірлікті құрайды, бір компьютерге 3 оқушыдан (21 578 оқушы) келеді. Қаланың емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін дәрігерлер саны 419 адам, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші - 23,6. Орта медицина қызметкерлерінің саны 1 124 адам, 10 мың тұрғынға шаққандағы қамтамасыз ету көрсеткіші - 63,2. Туу коэффициенті 3,3%-ға өсті, 12,37 жағдайды құрады. Өлім коэффициенті 20,2%-ға төмендеді және 10,22 жағдайды құрады. Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 3,8%-ға артып, 27,6-ді құрады (2022ж. қаңтар-маусымда - 26,6). Себептері: флюорографиялық тексеру кезінде аурудың ерте кезеңдерінде науқастардың санын анықтау. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 3 231 адам (2022 жылғы қаңтар-маусымда - 2 329 адам) өтініш білдіріп, 2 650 адам жұмысқа орналастырылды (2022 жылғы қаңтар- маусымда - 1 977 адам). Қоғамдық жұмыстарға 344 адам қатысты (2022 жылғы қаңтар-маусымда - 362 адам). Оқытуға және кәсіптік даярлауға жіберілгені - 131 адам (2022 жылғы қаңтар- маусымда - 140 адам). Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 2023 жылдың басынан бастап: - әлеуметтік жұмыс орындарына - 89 адам; - 12 ай мерзімге еңбекақы төлене отырып жастар практикасына (30 АЕК) 33 адам жіберілді.Дата публикации
27 июля 2023