
Жекешелендіру.
Жекешелендіру бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 қаулысымен бекітілген жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына және Шахтинск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы №4/03 қаулысымен бекітілген Шахтинск қаласының аудандық коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесіне сәйкес, Шахтинск қаласының коммуналдық меншігінен «Шахтинск Инфо» ЖШС-не мемлекеттің қатысу үлесінің 100% жекешелендіруге берілді.
Шахтинск қаласының тұрғын үй қорын қалпына келтіру мақсатында 2022 жылы Шахан кенті, 3 шағынауданы, 21 үй мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 2197,10 ш.м. жеке тұрған бес қабатты үйді жекешелендіру жұмыстары аяқталды. Жекешелендіру шарты тұрғын үйді қалпына келтіру болып табылады.
Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға).
Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалға алуға) беру «Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 17.03.2015 жылғы №212 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалға алуға) беру қағидаларына сәйкес мемлекеттік тізілімнің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2022 жылы жалпы ауданы 10, 810 ш. м. мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) 36 шарт және мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалануға 33 шарт, жалпы ауданы 3,994 ш. м. мүлікті нөлдік ставка бойынша жалға беру жасалды.
Қолда бар бос, пайдаланылмайтын Үй-жайлар мен алаңдар туралы барлық ақпарат www.gosreestr.kz сайтында орналастырылған, ол коммуналдық мүлікті жалға алу бойынша электрондық сауда-саттыққа қатысуға ниет білдіргендердің барлығына тең қолжетімділікті ұсынады.