GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Бөлім туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн-қабылдау
Все материалы
29 июня 2026
Номиналы 500 теңгелік банкнотаның қорғаныш элементтері туралы

https://www.youtube.com/watch?v=j7fxL7ODdNY

08 ноября 2024
«2024 – 2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №84 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасына баспасөз хабарламасы

Сәтбаев қалалық мәслихатының «2024 – 2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы»             2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 84 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

ШЕШТІ:

  1. Сәтбаев қалалық мәслихатының «2024 – 2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 84 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

  1. 2024 – 2026 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
  • кірістер – 13 068 267 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 9 553 610 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 45 427 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 88 976 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша –   3 380 254 мың теңге;

  • шығындар –17 972 964 мың теңге;
  • таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

  • қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

  • бюджет тапшылығы (профициті) – алу 17 972 964 мың теңге;
  • бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 6 841 072 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 1 902 837 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 951 007  мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 3 952 867 мың теңге.»;

          көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сәтбаев қаласы мәслихатының төрағасы

 

К.Балмагамбетов

 

 

22 февраля 2024
«Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен: 2024 жылғы 7 наурыздан 7 сәуірге дейін «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

02 июня 2021
2021 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру барысы туралы Сәтбаев қаласының ақпараты

        2021 жылға арналған «халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру шеңберінде Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының Интернет-ресурсында, сондай-ақ «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ инстаграмм аккауантенде конкурс туралы хабарландыру орналастырылды.

         Сәтбаев қаласының тұрғындарынан жобаларды қабылдау аяқталғаннан кейін (мерзімі а.ж. 10 наурызға дейін), келіп түскен өтінімдерге (жобаларға) техникалық тексеру және талдау жүргізілді.

         Зерттеу нәтижелері бойынша 2 (екі) жоба дауыс беруге жіберілді:

         1) КТК ауданында жаңа балалар ойын алаңын орнату бойынша;

         2) жаңа қоқыс (жабық) контейнерлерін орнату бойынша.

         Дауыс беру нәтижелері бойынша тұрғындар ең көп дауыс санын (20 дауыс) Ерден көшесіндегі КТК ауданында жаңа балалар ойын алаңын орнатуға берді.

         2021 жылғы 29 сәуірде осы жоба қала тұрғындарының жобалық ұсыныстарын қарау, іріктеу және шешім қабылдау бойынша Сәтбаев қаласы әкімдігі жанындағы Сараптамалық кеңес (бұдан әрі – Сараптамалық кеңес) отырысында қаралып, талқыланды.

         Сараптамалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша Сәтпаев қаласының Ерден көшесі (КТК ауданы) мекен-жайындағы қолданыстағы балалар алаңының ағымдағы жағдайы туралы талдау жүргізілді.

         Талдау нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша балалар ойын алаңына ағымдағы жөндеу жүргізу және жаңарту туралы шешім қабылданды және оны іске асыру үшін жергілікті бюджеттен 2 млн.теңге мөлшерінде (оны нақтылау кезінде) ақша қаражатын бөлуді көзделді.

04 февраля 2021
Құрметті Сәтбаев қаласының тұрғындары!

Қала тұрғындарының назарына! Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау шеңберінде шешім қабылдау процесіне тұрғындарды тарту масқатында «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асырып келеді. Осыған орай, Сәтбаев қаласы әкімдігінің Интернет-ресурсында «Халық қатысатын бюджет» порталы ашылды. «Халық қатысатын бюджет» жобасының мақсаты азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде өңірді дамыту және көркейту болып табылады. 2021 жылға арналған жобалық ұсыныстар 2021 жылғы 20 ақпаннан 10 наурызға дейін қабылданады. Толық ақпаратты Сәтбаев қаласы әкімдігінің Экономика және қаржы бөлімінен ала аласыздар (т.3-40-12). Сіздерді белсенді қатысуға және қаланы көркейту бойынша жобалық ұсыныстарды жолдауға шақырамыз!

05 января 2021
«2021 – 2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №640 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасына баспасөз хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Бюджет кодексіне сәйкес «2021 – 2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №640 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы.

Осы шешімнің жобасын қабылдау мақсаты 2021-2023 жылдарға арналған Сәтбаев қаласының бюджетін нақтылау болып табылады.

Қалалық бюджетте 2021 жылға нақтыланған барлық қаражат тиісті есептеулерге негізделген және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың өмірін жақсартуға бағытталған.

 

Қалалық мәслихатының бұл шешімінің жобасы 2021 жылдың 05 қаңтарында ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланды (https://legalacts.egov.kz/npa).

12 ноября 2020
«2020 – 2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ» СӘТБАЕВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2019 ЖЫЛҒЫ 26 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ №484 ШЕШІМІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ЖОБАСЫНА БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Бюджет кодексіне сәйкес «2020 – 2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №484 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы.
Осы шешімнің жобасын қабылдау мақсаты 2020-2022 жылдарға арналған Сәтбаев қаласының бюджетін нақтылау болып табылады.
Қалалық бюджетте 2020 жылға нақтыланған барлық қаражат тиісті есептеулерге негізделген және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың өмірін жақсартуға бағытталған.

Қалалық мәслихатының бұл шешімінің жобасы 2020 жылдың 15 қазан айында ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланды (https://legalacts.egov.kz/npa).

10 ноября 2020
«2020 – 2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ» СӘТБАЕВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2019 ЖЫЛҒЫ 26 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ №484 ШЕШІМІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ЖОБАСЫНА БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Бюджет кодексіне сәйкес «2020 – 2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №484 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы.

Осы шешімнің жобасын қабылдау мақсаты 2020-2022 жылдарға арналған Сәтбаев қаласының бюджетін нақтылау болып табылады.

Қалалық бюджетте 2020 жылға нақтыланған барлық қаражат тиісті есептеулерге негізделген және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың өмірін жақсартуға бағытталған.

 

Қалалық мәслихатының бұл шешімінің жобасы 2020 жылдың 10 қараша айында ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланды (https://legalacts.egov.kz/npa).

05 августа 2020
«2020 – 2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ» СӘТБАЕВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2019 ЖЫЛҒЫ 26 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ №484 ШЕШІМІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ЖОБАСЫНА БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Бюджет кодексіне сәйкес «2020 – 2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №484 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы.

Осы шешімнің жобасын қабылдау мақсаты 2020-2022 жылдарға арналған Сәтбаев қаласының бюджетін нақтылау болып табылады.
Қалалық бюджетте 2020 жылға нақтыланған барлық қаражат тиісті есептеулерге негізделген және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың өмірін жақсартуға бағытталған.

Қалалық мәслихатының бұл шешімінің жобасы 2020 жылдың 29 шілде айында ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланды (https://legalacts.egov.kz/npa).

29 июля 2020
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 484 «2020 – 2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 484 «2020 – 2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5614 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 31 желтоқсанда, «Шарайна» газетінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 1-2 (2398-2399) нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2020 – 2022 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшыларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемінде бекітілсін:

1) кірістер – 17 792 682 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша – 4 005 552 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 57 413 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 46 122 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 13 683 595 мың теңге;

2) шығындар – 22 098 177 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу –  алу 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – алу 4 305 495 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 4 305 495 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 2 842 321 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 463 174 мың теңге»;
5 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«5. Жергілікті атқарушы органның 2020 жылға арналған резерві 100 000 мың теңге сомасында бекітілсін»;
көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы  

 

Е.Токымбаев

 

            Cәтбаев қалалық
            мәслихатының хатшысы                                     Т.И.Хмилярчук

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы