GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Бөлім туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
27 июля 2026
Внутренний анализ коррупционных рисков

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы. 2026 жылғы 1 тамыз бен 16 қыркүйек аралығында Саран қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады. Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау шеңберінде проблемалық мәселелермен байланысты мәселелер мен нақты фактілер туындаған жағдайда, Сіз Саран қаласы әкімінің аппаратына жүгіне аласыз.

Байланыс телефондары: 7-40-02.

 

«Саран қаласы əкімінің аппараты» ММ

 

 

Бюджеттік жоспарлау
30 апреля 2026
Саран қаласының халық қатысатын бюджеті

Құрметті Саран қаласының тұрғындары!

Халық қатысатын бюджетті іске асыру шеңберінде Сараптамалық кеңес талқылауға ұсынылған алты жобалық ұсыныстың біріне берілген  даусыңыздың қорытындысын шығарды.

Бес жоба 2027 жылы іске асырылады, өйткені олар рұқсат етілген дауыс санын жинады.

1.1А шағынауданы, № 16-19 үйлер мекенжайындағы спорт алаңын абаттандыру (кортты қалпына келтіру)

2.Горняк шағынауданы, № 126-128 үйлер мекенжайындағы заманауи көпфункционалды спорт алаңын абаттандыру (баскетбол ойынына конструкция орната отырып, футбол алаңын қалпына келтіру)

3.Горняк шағынауданы, № 165-169 үйлер мекенжайындағы көпфункционалды спорт және балалар алаңын абаттандыру

4.Жеңіс көшесі № 23-24 үй мекенжайындағы көпфункционалды спорт және балалар алаңын абаттандыру

5.Горняк шағынауданындағы (Бартерный дүкенінің жанында) саябақты абаттандыру

  "1А шағынауданы, № 14 үй мекенжайындағы балалар алаңын абаттандыру" жобасы рұқсат етілген дауыс санын жинаған жоқ.

Авторларға идеялары мен қаланы абаттандыруға бей-жай қарамағаны үшін алғыс айтамыз!

11 февраля 2026
Баспасөз хабарламасы Аяқталуы қауіпті «Тегін кітаптар»

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.
Шетелдік дереккөздердің мәліметтері бойынша (https://vz.ru/news/2026/1/4/1385164.html, https://www.ixbt.com/live/offtopic/mvd-predupredilo-ovredonosnyh-zagruzkah-cherez-knizhnye-boty-v-telegram.html) алаяқтар тегін электрондық кітаптар ретінде Telegram-ға зиянды файлдарды таратады.
Алдау схемасы өте қарапайым: Сіз Telegram-нан кітаптардың үлкен кітапханасына қолжетімділік туралы шектеусіз хабарлама аласыз.
Қажетті басылым сұралғаннан кейін бот нақты сервиске имитиция жасай отырып, кітап сюжетінің қысқаша сипаттамасын жасайды, бірақ кітапты оқу немесе жүктеудің орнына Сізге «арнайы қосымша» деген атаумен вирустық файл жібереді.
Файлды орнату өте ауыр салдарға әкеледі: парольдер мен ақшаларды ұрлау, хат алмасу және фотосуреттерге қол жеткізу, смартфонды қашықтан басқару және жеке деректерді жоғалту.
Бейресми көздерден басқа қосымшаларды орнату жағымсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін.
Кибергигиена ережелерін сақтау және жеке қырағылық осындай қауіп-қатерлерден қорғаудың негізгі шаралары болып қалуда.

Бюджеттік жоспарлау
27 мая 2025
Қала тұрғындарының жиі қоятын сұрақтарының тізімі
  1. «Халық қатысатын бюджет» жобасына қалай қатысуға және қашан өтініш беруге болады?

    Жауап: «Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде қала тұрғындарынан жоба ұсыныстары жыл сайын 20 қаңтар мен 1 наурыз аралығында қабылданады.

    Жобаларды қабылдау Саран қаласы әкімі аппаратының saran.gov.kz. ресми интернет-ресурсында жүргізіледі.

    Аппарат парақшасының «Халық қатысатын бюджет» бөлімінде:

    * өтінімді толтыру (жоба ұсынысының атауы, оның сипаттамасы, мекен-жайы/орналасқан жері);

    * егер жоба ұсынысының болжамды фото суреті/эскизі/сызбасы және сметасы болса (интернеттен немесе кез келген басқа ашық көздерден болжамды эскиздер немесе есептеулер рұқсат етіледі) бекіту қажет.

    Болжамды соманы/эскизді/сызбаны көрсетілген, жақсылап, егжей-тегжейлі дайындалған жоба ұсыныстары тұрғындардың қызығушылығын арттырады.

2. «Халық қатысатын бюджет» шеңберінде іске асыру үшін жоба ұсынысы қандай өлшемдерге сәйкес келуі тиіс?

Жауап: Тұрғындар:

* аумақты көгалдандыру;

* тротуарларды жайластыру;

* тротуарлар, пандустар, арықтар салу және жөндеу;

* қоғамдық пайдалану орындарын (парктер, саябақтар, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер) салу, жөндеу және жарықтандыру;

* жиектерді, төсеніштерді, тіреу қабырғаларын жөндеу;

*полигондарды жою;

* балалар ойындарына және жалпы пайдалану орындарында ересек тұрғындардың демалуына арналған беседканы, орындықты, урнаны, жабдықтар мен конструкцияларды орнату және жөндеу;

* аула аумақтарында және ортақ пайдаланылатын орындарында спорттық (тренажер алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;

* санитарлық тазалықты қамтамасыз ету идеяларын ұсына алады.

Критерийлер:

* нысан қол жетімді, жалпыға бірдей пайдаланылатын болуы керек;

* объектінің орналасқан жері оны іске асыру жоспарланған қаланың аумағында, ортақ пайдаланылатын учаскеде болуы тиіс;

* әкімдіктің құзыреті шегінде болуы міндетті;

* ұсыныс қала тұрғындары үшін өзекті болуы тиіс.

02 мая 2025
Азық-түлік қауіпсіздігі

Өңірдің азық – түлік қауіпсіздігі, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жолымен жүйелі және жедел шаралар жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.

Жедел шаралар ретінде ӘМАТ тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілеріне «айналым схемасы» бойынша қарыздар ұсыну тетіктері пайдаланылады.

Әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының 19 түрінің 14-і облыстың жергілікті шаруашылық құрылымдарымен өндіріледі.

6 түрі бойынша – облысымыз өзін-өзі қамтамасыз ету көрсеткіші 100% және одан жоғары(1-сұрыпты бидай ұны, 1-сұрыпты ұннан жасалған нан, картоп, сиыр еті, макарон өнімдері, жұмыртқа).

8 түрі бойынша қамтамасыз ету көрсеткіші 5,9 – 78% аралығын(айран – 19,6%, сүзбе – 5,9%, пастерленген сүт – 18,2%, сары май – 8,7%, қырыққабат - 35,7%, пияз – 16,8%, құс еті-52,1%, сәбіз-78,1%) құрайды.

Облыста өндірілмейтін өнімнің 5 түрі (қарақұмық, күріш, қант, өсімдік майы, тұз)жәнеаталған 8 түрі бойынша қажеттілік, басқа өңірлерден әкелінетін өнім есебінен қамтылады.

Интервенция жүргізу үшін ӘКК қоймаларында 632 тонна бакалея өнімі, оның ішінде 67 тонна күріш, 46 тонна қарақұмық жармасы, 121 мың литр күнбағыс майы, 311 тонна қантжәне 87 тоннсақталуда.

Жыл басынан бері 26 тонна қарақұмық, 50,0 мың литр күнбағыс майы, 68 тонна күріш, 464 тонна картоп және 74 тонна қант сатылды.

Маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыру үшін өткен жылғы күзде 5 251 тонна жеміс-көкөніс өнімдеріне форвардтық шарттар мен қарыз шарттары жасалды, оның ішінде 3 172 тонна картоп, 699 тонна сәбіз, 699 тонна қырыққабат және 681 тонна пияз.

Жергілікті өндірушілермен ("Агрофирма Азамат" ЖШС, "Шахтерское" ЖШС) 2100 тонна картоп, 500 тонна сәбіз, қырыққабат және пиязға форвардтық шарттар жасалды.

Кәсіпкерлік субъектілеріне маусымаралық кезеңде 1072 тонна картоп, 199 тонна сәбіз, 198 тонна қырыққабат және 181 тонна пияз жеткізуге қарыздар берілді.

Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорының брондаудан кейінгі жеміс-көкөніс өнімдерінің қалдығы (форвардтық шарттар және айналым схемасы)1 205 тоннаны құрайды, оның ішінде картоп – 1133 тонна, сәбіз – 26 тонна, пияз – 9 тонна және қырыққабат – 37 тонна. 

Ағымдағы жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде бағаны тұрақтандыру үшін 110 тонна картоп, 100 тонна сәбіз, 160 тонна қырыққабат және 160 тонна пияз сатып алу бойынша шарттар жасалды. ("АФ Азамат" ЖШС, "Дарас ЛТД" ЖШС және Түркістан облысының өндірушісі – "Өнеге-Дос").

Картопты сатып алу бағасы – 225 тг/кг, қырыққабат – 160-165 тг/кг, сәбіз – 150 тг/кг және пияз – 150-155 тг/кг.

Сондай-ақ, алдағы 2026 жылдыңмаусымаралық кезеңіне дайындық аясында 2000 тонна картоп, 350 тонна сәбіз, қырыққабат және ағымдағы жылдың күзгі егін жинау пиязына келісімшарт жасалды. ("АФ Азамат" ЖШС, "Дарас ЛТД" ЖШС және "Астро-Агро LTD"ЖШС).

Картопты сатып алу бағасы - 120 тг/кг, қырыққабат, сәбіз және пияз – 100 тг/кг.

1-сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының бағасына қатысты.

Сауда желісінде айналым схемасы бойынша жеткізілетін "Қарағанды-Нан" ЖШСөндірген1-сұрыпты ұннан жасалған нанныңбөлкесі 135 теңгеден сатылуда.

Сондай – ақ, айналым схемасы бойынша сауда нүктелерінде макаронөнімдері(сату бағасы – 245 тг/кг, бұрын -230 теңге/кг ұзартылғанға дейін)килограмы 270 теңгеден, 1 сұрыпты бидай ұны - 154 теңгеден(сату бағасы-140 теңге/кг, ұзартылғанға дейін) сатылады

Өнімдер Қарағанды қаласының 90 сауда нүктесінде (Қарағанды қаласының супермаркеттер желісінде - Норма, Аян, Южный, себет, Юма, Оптима, Фудмарт (75 дүкен), Уран, өнімдер, Теремок (3 дүкен) дүкендерінде, 20 әлеуметтік павильондарда және "Қарағанды-Нан Трейд" ЖШС 12 мамандандырылған дүкендерінде) сатылады.

Жасалған Меморандумдарға сәйкес, облыстың ұн тарту кәсіпорындары облыс өңірлеріне нан сату және пісіру үшін өтінімдер бойынша 1-сұрыпты ұнды 140 теңге/кг төмендетілген белгіленген бағамен жөнелтуді жалғастыруда.

Ұн тартқыштармен ұн жеткізу туралы меморандумдар жасалды: "ЭТАЛОН ЛТД" ЖШС, "BEST MILL" ЖШС, "Сұңқар и К" ЖШС, "TZK-Agro"ЖШС.

Азық-түлік корпорациясымен үшжақты меморандум аясында "Сарыарқа Нан Қарағанды" ЖШС -нің наны 5 сауда нүктесінде 95 теңгеден сатылады.

Айналым схемасы бойынша сауда желісіне, жергілікті құс фабрикаларыменондығы 435 теңгеден жеткізілген 1-санатты жұмыртқа, бөлшек саудада 455 теңгеден сатылуда.

Меморандум шеңберінде 2024 жылғы қазаннан бастап (2025 жылғы 30 сәуірге дейін) "Үштөбе Құс" ЖШС жұмыртқаларын қағаз науаларда 470 тг/дес сату бағасы бойынша, бөлшек саудада - 490 теңге/ондық жеткізу жалғасуда.

Тауық етінің бағасын тұрақтандыру үшін меморандум бойынша "Ақнар ПФ" ЖШС-нің өнімі 1080 теңгеден жеткізіліп, сауда нүктелерінде 10% сауда үстемесімен 1 188 теңгеден аспайтын бағамен сатылады.

Облыс өңірлерінде және облыс орталығында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп, өнімдері төмендетілген бағамен сатылуда.

Жыл басынан бері облыс өңірлерінде 201 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, 2018 млн. теңге сомасына  3218 тонна өнім сатылды.

Жүйелі шара шеңберінде басым дақылдардың егіс алқаптарын, мал басын ұлғайту, жаңа өндірістер құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту жолымен ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Өсімдік шаруашылығындағы өнім өндіру көлемінің өсуіне ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыру, сондай-ақ жер қорын және жаңа жерлерді айналымға енгізу арқылы суармалы жер көлемін ұлғайту есебінен қол жеткізілетін болады.

Мал шаруашылығында жалпы өнім өндіру көлемінің өсуі (209,5 млрд. теңге) ІҚМ басының 2,0% - ға (440,3 мың басқа дейін), қой мен ешкінің - 3%-ға (706,2 мың басқа дейін), жылқының-3,8% - ға (384,1 мың басқа дейін),шошқаның -1,0% - ға (70,1 мың басқа дейін)және құстар - 3% - ға (3 543,6 мың басқа дейін) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етіледі.

Жыл соңына қарай ет өндіру көлемі - 2,2% - ға(102,6 мың тоннаға дейін), сүт - 3,3% - ға (218,0 мың тоннаға дейін),жұмыртқа - 3,5% - ға (646,9 млн.данаға дейін)өседі деп күтілуде.

Қайта өңдеу саласында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту және жаңа өндірістер құру жолымен өндіріс көлемін ұлғайту жөніндегі шараларды іске асыруға баса назар аударылды.

Жыл соңына қарайазық-түлік өндірісі көлемінің 168,7 млрд.теңгеге дейін немесе 1,7 млрд. теңгеге (1,0%) өсуі күтілуде. (2024 жылы 167 млрд. теңге).

Жыл соңына дейін 308 жұмыс орнын құра отырып, 36,4 млрд. теңге сомасына 24 инвестициялық жобаны енгізу жоспарлануда, оның ішінде:

- мал шаруашылығында-152 жұмыс орнын құрумен 10,5 млрд.теңге сомасына 6 жоба.

- өсімдік шаруашылығында-19,9 млрд.теңге сомасына 11 жоба, 55 жұмыс орнын құрумен.

- қайта өңдеу саласында-101 жұмыс орнын құрумен 6,0 млрд. теңге сомасына 7 жоба.

 

29 апреля 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау

Сыбайласжемқорлықтəуекелдерінеішкіталдаужүргізудібастаутуралы 2025 жылғы 1 мамырдан 16 маусымғадейінаралығында Саран қаласыəкімдігініңмемлекеттікмекемелеріндесыбайласжемқорлықтəуекелдерінеішкіталдаужүргізілетінболады.

Ішкісыбайласжемқорлықтəуекелдерінталдаушеңберіндепроблемалықмəселелерменбайланыстыcұрақтар мен нақтыфактілертуындағанжағдайда, Сіз Саран қаласыəкімініңаппаратынажүгінеаласыз.

«Саран қаласыəкімінің аппараты» ММ

Бюджеттік жоспарлау
17 февраля 2025
Халықтың қатысуы бюджетінің тарихы

Қатысу бюджеті алғаш рет 1988 жылы Бразилияның Порту-Алегре қаласында қабылданды, онда тұрғындар мен қала әкімшілігінің диалогына негізделген жаңа тәсіл қолданылды.

Қатысу бюджеті арқылы Порту-Алегренің сайланбалы органдарына қатыспаған азаматтар азаматтық бастамаларға көбірек қатыса алды және жергілікті әкімшіліктің қоғамдық ақшаны қалай жақсы басқаруға болатындығы туралы мәселелерін шешуге көмектесті, осылайша елдегі демократиялық процестерді кеңейтті.

Қатысу бюджеті азаматтарға жергілікті, қалалық деңгейде шешім қабылдауға тікелей өкілеттік берді және оларға барлық деңгейлерде бақылау функцияларын жүзеге асыруға өкілеттік берді.

Азаматтар келесі параметрлер бойынша топтарға бөлінді:

аудандар бойынша
- жобалар бойынша: денсаулық сақтау, білім беру, жастар, инфрақұрылым және т. б.
2008 жылы Бразилия бойынша 200-ден астам түрлі қатысу бюджеті болды, оның ішінде 100000-нан астам халқы бар елдегі барлық қалалардың 41% - ы.

29 января 2025
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды

«Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс.  Бизнес те, мемлекет те осыған мүдделі. Бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Ауылдағы ағайынның тұрмысы да осы салаға тікелей байланысты», - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саланың жыл сайынғы жеткіліксіз қаржыландыру мәселесі шешілді.

Көктемгі егіс, егін жинау жұмыстарына және ауыл шаруашылық техникасының лизингіне қомақты қаражат бөлінді. Алғаш рет жеңілдетілген несиелендіру көлемі жылдық 5%-бен  580 млрд теңгеге дейін жеткізілді, ал өткен жылдары бұл көлем 160 млрд теңгеден аспады.  Қабылданған шаралар фермерлерге барлық қажетті агротехникалық шараларды толық көлемде өткізуге мүмкіндік берді. Пайдаланатын элиталық тұқымдардың үлесі 7,1%-дан 9%-ға дейін өсті.

Қарыз алушылардың 90%-ын шағын және орта шаруашылықтар құрайды. Олар дамуға қажетті ресурстарға ие болды.

Нәтижесінде 2024 жылы Қазақстан соңғы 13 жылда алғаш рет дәнді және бұршақты дақылдардан 26,7 млн тонна өнім жинады. Өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемі 21,1%-ға және мал шаруашылығында 3,2%-ға өсуі ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 13,7%-ға ұлғаюына ықпал етіп, 8,3 трлн теңгені құрады.

Бүгінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені 1,1 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етуде. Бұл 4 млн-нан астам азаматтың қаржылық әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ауыл шаруашылығы маңызды экономикалық секторға ғана емес әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі факторына айналуда.

«Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет», - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

2024 жылдың қорытындысы бойынша отандық азық-түлік өндірісі 3,2 трлн теңгені құрады, нақты көлем индексі 102,9% деңгейінде қалыптасты.

Өңделген ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесі 40%-ды құрады. Мемлекет басшысының қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің үлесін 70%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін 2028 жылға дейін ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеуді дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілді.  Оның шеңберінде 2024 жылы 279,6 млрд теңге сомаға 286 жоба пайдалануға берілді. Өсімдік майы мен ұн өндірісін қоса алғанда, ішкі сұранысты қанағаттандыруға ғана емес, сонымен қатар экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.

Кешенді жоспар өңдеуші кәсіпорындарды қолжетімді шикізатпен қамтамасыз етуге және жеңілдетілген несиелер беруге бағытталған. Бұл өз кезегінде экономиканың өсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал ететін болады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 11 тауар түрі бойынша ішкі нарық 100%-ға (бидай ұны, тұз, нан, күріш, макарон, күнбағыс майы, картоп, қой еті, сиыр еті, сәбіз, қияр) қамтамасыз етілді. Ал 13 азық-түлік тауарлары бойынша қамтамасыз етілуі 80%-ды (тауық жұмыртқасы, жылқы еті, қызанақ, сүт, қарақұмық жармасы, қырыққабат, бұрыш, пияз, асхана қызылшасы, ашытылған сүт өнімдері, май, алма) құрайды.

Импортқа тәуелділікті азайту мақсатында 2027 жылға дейін жалпы сомасы 2,1 трлн теңгені құрайтын 570 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл ауылдардағы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту мен өмір сүру деңгейін көтеру үшін қосымша мүмкіндіктер береді.

Соның ішінде мал шаруашылығы саласында – 152,1 млрд теңгеге 105 жоба, сүт-тауарлы фермалар салу бойынша – 263 млрд теңгеге 101 жоба, құс шаруашылығында – 397,7 млрд теңгеге 31 жоба, қайта өңдеу саласында – 582,6 млрд теңгеге 108 жоба жоспарланған.

АӨК-ке инвестициялар тарту экономикалық өсуге ықпал етіп, ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымды дамытуды ынталандырады.

Астық өндірісі мен экспортын ұлғайту аграрлық сектор өкілдерінің табысын арттырады.

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін нығайту туралы тапсырмасы шеңберінде дәстүрлі өткізу нарықтарын сақтау, экспортты әртараптандыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Қазақстан өңірдегі астықтың ірі экспорттаушысы және жыл сайын шамамен 8-9 млн тонна астық экспорттайды. Оның 6,5-7,5 млн тоннасы бидай құрайды. 2024 жылы 8,1 млн тонна экспортталды.

Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Қытай, Түркия, Иран, Италия сияқты дәстүрлі нарықтар, барлығы 24 ел. Иран мен Әзірбайжанға жөнелтулер жандандырылды.

Мемлекеттік саясаттың маңызды қадамдарының бірі - «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Бағдарлама ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруге арналған және жалпы әлеуметтік мультипликативті әсер береді: әрбір жаңа агрожоба жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпал ете отырып, ауылда жаңа жұмыс орындарын ашады.

Бағдарлама аясында 2023 жылдан бастап 16,4 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

2024 жылы 744 жаңа жұмыс орнын құрумен 6,5 млрд теңгеге 580 микрокредит берілді. 3,6 млрд.теңгеге 145 ауыл шаруашылығы кооперативі қаржыландырылды.

Азық-түлік қауіпсіздігі мен дәнді дақылдардың өнімділігі Қазақстан халқының экономикасы мен әл-ауқатына мультипликативті әсер етеді. Қайта өңдеу өнеркәсібінің, әлеуметтік саланың, халықаралық сауданың, ауыл шаруашылығы техникасын өндірудің дамуына серпін береді.

Мемлекет елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін, отандық өнімнің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Бюджеттік жоспарлау
15 января 2025
Бюджет народного участия!

Хабарландыру!

Құрметті Саран қаласыныңтұрғындары!

 Сіздерге 2025 жылғы 20 қантар мен 1 наурыз аралығында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2026 жылы жүзеге асатын ұсыныстар қабылданатыны туралы хабарлаймыз.

Саран қаласының Халық қатысатын бюджетінің мақсаты: азаматтардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде қала аумағын дамыту және абаттандыру.

 Жобаұсыныстарына қойылатынталаптар:

  • Жоба ұсынысының атауы бір ұсыныс шегінде қысқаша баяндалуы тиіс және берілетін жоб аұсынысының мақсатына қайшы келмеуі тиіс;
  • жоба ұсыныстары келесі өлшемдерге сәйкес келуі керек:

бір өтінім-бір объект;

Саран қаласының тұрғындары үшін өзекті;

қала тұрғындары үшін қолжетімді,ортақ пайдаланылатын объект;

  • жүзеге асуы жоспарланған объект қала аумағында және коммуналдық меншіктегі жер учаскесінде орналасуы тиіс;
  • жобалық ұсынысты іске асыру Саран қаласы әкімдігінің құзыреті шегінде болуы тиіс.

Халық қатысатын бюджет шеңберінде қарауға қабылданбайтын жоба ұсыныстары:

1) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге ғана есептелген;

2) тұтас емес, яғни фрагменттік сипаттағы (элементтерінің біреуін орындау болашақта қосымша элементтерді енгізуді қажет етеді);

3) Саран қаласының бекітілген бағдарламасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін;

4) жеке коммерциялық сипаттағы жобалық ұсыныстарды іске асыруды көздейтін.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде азаматтар әкімшісі «Саран қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ болатын іс-шараларға қалалық бюджет қаражатын бөлуге қатыса алады.

Жобалық ұсыныстарды іске асыру мерзімі бір бюджеттік жылдан аспауы тиіс.

Кәмелетке толған Саран қаласының барлық тұрғындары өз ұсыныстарын жібере алады.

Ұсыныстарды Саран қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсындағы «Халық қатысатын бюджет 2025» бөлімінен жіберуге болады. Іске асырылатын жобалар қала тұрғындарының жария дауыс беруі арқылыанықталады.

Жоба ұсынысына автор міндетті түрде шығыстардың болжамды немесе нақты сметалық есебін, сондай-ақ жобаның фото/эскиз/макет/сызбасын (оларды интернет-ресурстан пайдалануға болады) қоса береді немесе автор жоба ұсынысын беру кезінде интернет-ресурстан жобаның эскиздері мен шығыстар сметасын қамтитын жобалық ұсыныстардыңүлгілік тізімінен іске асырылатын жобаны таңдайды.

 

09 августа 2024
Құрметті Саран қаласының және Қарағанды облысының тұрғындары!

2024 жылғы 19 тамыздасағат 11:00-деҚарағанды агломерациясының құрамына кіретін қалалар, аудандар және ауылдық округтер әкімдіктерінің, Қарағанды облысының уәкілетті органдарының, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғалардың қашықтықтан қосылуын қамтамасыз ету арқылы Қарағанды агломерациясын дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспарының жобасы бойынша онлайн режимде Жария тыңдаулар өтеді.

Кешенді жоспардың жобасымен сайттардан танысуға болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/documents/details/703834?lang=ru

https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-economy?lang=ru

Қарағанды облысының экономика басқармасы сізді жоспарланған ZOOM конференциясына шақырады.

Тақырып: Қарағанды агломерациясын дамытудың 2028 жылға дейінгі Кешенді жоспарының жобасы.

Сондай-ақ, ұсыныстар 16.08.2024 жылға дейін 507550@krg.gov.kzэлектрондық мекенжайына қабылданады.

Анықтама бойынша телефон: 50-35-85

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы