Меню

Страницы

Статья

Саран қаласы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының игерілуі

2023 жылы бюджеттің кіріс бөлігінің түсім жоспарын орындау 114,3%-ды құрады, жоспарланған түсім 13012,8 млн. теңге болғанда барлығы 14878,0 млн. теңге түсті, яғни болжамды сомадан тыс бюджетке 1 865,2 млн. теңге түсті.

Санаттар бойынша орындалуы:

салық түсімдері- болжам 4 971,9 млн. теңге болғанда орындалуы 6 760,2 млн. теңгені немесе 136%-ды құрады;

салықтан тыс түсімдер-болжам 100,7 млн. теңге болғанда, орындалуы 131,8 млн. теңгені немесе 130,9%-ды құрады;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – болжам 189,8 млн. теңге болғанда, орындалуы 235,6 млн.теңгені немесе 124,2%-ды құрады.

Бюджетті тиімді және сапалы орындау мақсатында жыл ішінде бюджетке 3 нақтылау және 6 түзету жүргізілді.

Бұл өзгерістер толық пайдаланылмаған трансферттердің қайтарылуына, бос қалдықтың бөлінуіне, жоғары тұрған бюджеттерден нысаналы трансферттердің бөлінуіне және бюджеттің кіріс бөлігінің өсуіне байланысты енгізілді.

Бюджетті нақтылау жөніндегі барлық материалдар Қоғамдық кеңестің және бюджеттік комиссиялардың отырыстарында Заңға сәйкес қаралды.

2023 жылы қала бюджетінің шығындары төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары 14009,4 млн. теңге болғанда,13636,2 млн. теңгені құрады, орындалуы - 97,3 %.

Дата публикации
13 февраля 2024
Дата обновления
13 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
13 февраля 2024
Саран қаласының 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау
Ақпарат
13 февраля 2024
Саран қаласы бойынша 2023 жылға арналған бюджет қаражатының игерілуі
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы