GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Бөлім туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
28 сентября 2026
Облысәкімі халықпен кездеседі

Приозерск қаласы тұрғындарының назарына!

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Приозерск қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2026 жылғы 30 қыркүйек күні сағат 11.00-де Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-71039) 5-30-06 телефоны бойынша қалдыруға немесе prio_akimat@akimat09.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

16 сентября 2026
Азаматтарды қабылдау

Құрметті Приозерск қаласы тұрғындары!

Сіздерді «АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУҒА» шақырамыз.

Іс-шара барысында облыстық басқармалардың, қалалық бөлімдердің басшылары өзекті мәселелер бойынша сұрақтарға жауап береді.

Өтетін күні, уақыты: 2026 жылғы 18 қыркүйек, сағат 10.00 - 12.00

Өтетін орны: Жастар ресурстық орталығы ғимараты,           Қошқарбаев көшесі, 6 үй

Алдын ала жазылу телефоны: 8(71039)5-30-06

02 июля 2026
Астана күніне орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

Астана күніне орай ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

 

Астана күнінде, яғни 6 шілдеде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.

Ал 4 шілде, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ларда қызмет көрсетіледі. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал дайын құжаттарды беру сағат 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.

7 шілдеден бастап ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар қалыпты жұмыс кестесіне көшеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 байланыс орталығы арқылы білуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23 июня 2026
Мемлекеттік қызметшілер күнімен!!!

Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймыз!

Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы.

Ауданымыздың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алға басуы да көп жағдайда өздеріңіздің жанкешті қызметтеріңіздің жемісіне байланысты. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ғана еліміз табысы мол, гүлденген мемлекетке айнала алады.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілейміз! Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!

22 мая 2026
Қала әкімінің халықпен кездесуі

                     Құрметті Приозерск қаласының  

                                     тұрғындары!                                                                                                                                             

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау үшін барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, оның барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағытының негізгі бағыттары туралы хабардар етіп, проблемалық мәселелерді шешу жолдары мен мерзімдерін түсіндіреді.

2026 жылғы 11 маусымда сағат 16.00-де Приозерск қаласы әкімі  М.Т. Ахметовтың тұрғындармен кездесуі өтеді.

       Кездесу барысында тұрғындар мен жергілікті атқарушы биліктің, арасында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен кері байланыс барынша орнатылады.

Қала әкімі жергілікті атқарушы органдар-дың, прокуратура және ішкі істер органдарының басшылық құрамымен, мәслихат депутаттары-мен, Қоғамдық кеңес мүшелерімен, жергілікті зиялылармен бірлесіп, азаматтарды жеке қабылдау өткізеді.

     Азаматтарды толғандыратын проблемалық мәселелерді және ұсыныстар мен ескертулерді жинақтау үшін арнайы орындарда жәшіктер қойылады.

       Айтылған ескертулер мен ұсыныстар әкімдердің жұмысына баға беруде ғана емес, сонымен бірге жасалатын нақты жоспарлар мен шараларда көрсетілетін болады.

 

                                                    Қала әкімдігі

 

 

 

 

 

 

 

 

13 мая 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

2026 жылғы 18 мамырдан 27 маусымға дейінгі аралықта "Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады. Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау шеңберінде проблемалық мәселелермен байланысты сұрақтар мен нақты фактілер туындаған жағдайда, Сіз "Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүгіне аласыз 8(71039) 5 24 87

06 мая 2026
7 мамыр Отан қорғаушылар күні!

Құрметті Отан қорғаушылар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – ел тыныштығы мен тәуелсіздігін қорғап жүрген ержүрек азаматтарға көрсетілер ерекше құрмет пен алғыс күні.Сіздердің батылдықтарыңыз, жауапкершіліктеріңіз бен адал қызметтеріңіз – бейбіт өміріміздің кепілі. Ел қауіпсіздігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланады.Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілейміз! Еліміз әрдайым тыныш, аспанымыз ашық болсын!

Мерекелеріңізбен!

30 апреля 2026
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні!

"Приозерск қаласының экономика және қаржы бөлімі" сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды! Бұл мереке – татулық пен келісімнің, бірлік пен достықтың символы. Еліміздің дамуы мен өркендеуі – халқымыздың ауызбіршілігі мен ынтымағына тікелей байланысты.Сіздерге зор денсаулық, бақыт, береке тілейміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз нығая берсін!

Мереке құтты болсын!

23 апреля 2026
«Қала бюджетінің салық салу базасын кеңейту және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары» аясында профилактикалық-түсіндіру жұмыстары.

Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Т.А. Айдархановтың басшылығымен қала прокуратурасы, Мемлекеттік кірістер басқармасы, қалалық мәслихат төрағасы, Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының Приозерск қалалық филиалы, Мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі, Экономика және қаржы бөлімі, Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдері өкілдерінің қатысуымен «Қала бюджетінің салық салу базасын кеңейту және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары» аясында профилактикалық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара «Чек талап ету» акциясы шеңберінде өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерінің қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәртібін сақтауын бақылау, бақылау-кассалық машиналарды қолдану деңгейін арттыру, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың алдын алу және қала бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту болып табылады. Сонымен қатар, қаладағы «Жұлдыз», «Градус», «Ислам», «Донер от Артура» бизнес нысандарында қала тұрғындарының чек талап етуінің маңыздылығы, қолма-қол ақшасыз төлем жасау тәртібі және салық заңнамасын сақтау қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қорытындылай келе, қала тұрғындарын сауда орындарында міндетті түрде чек талап етуге шақырамыз. Чек талап ету – сіздің құқықтарыңызды қорғаудың бірден-бір кепілі ғана емес, сонымен қатар көлеңкелі экономиканың алдын алуға және қала бюджетінің кіріс бөлігін арттыруға қосқан үлесіңіз. Қала бюджетінің толығуы – барлығымыздың ортақ мүддеміз. Осы орайда, салық мәдениетін бірге қалыптастырып, адал әрі ашық экономиканы дамытуға атсалысуға шақырамыз.

01 апреля 2026
Хабарландыру!

Хабарландыру!

Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерді «Халық қатысатын бюджет» жобасына  дауыс беру үшін шақырамыз.

Ол үшін әкім аппаратының интернет-ресурсындағы https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-priozersk/bnu/1076/project/13161?lang=kk

сілтемесіне өтіп, «Спорт аллеясы және серуендеу променаді» жобасына кіріп, «Дауыс беру» түймесін басасыз. Айта кететін жайыт, дауыс беру электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып жүзеге асырылады және де авторизациядан өткен тұрғындар ғана дауыс бере алады.

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы